Реферат тақырыбы: «Дене тәрбиесінің әлеуметтік-педагогикалық аспектілері»



бет3/5
Дата02.01.2022
өлшемі28.52 Kb.
#453616
түріРеферат
1   2   3   4   5
реферат

Біріншіден оқушыларды оқу метериалдарын саналы және белсенді түрде қатынас жасауға бағыттайды;
Екіншіден,оқытудың қорытынды көрсеткіштерін әділ бағалауға:
Үшіншіден оқушылардың ерекшелігіне сәйкес діріс беруге ықыласын арттырады;
Төртіншіден педагогикалық оқыту барысында қайталау, жүйелік, дәйектеніс және бір өзімдік жағынанерекшеленуге жетелейді.
Бұл қағидалар жұмыс мазмұнының ерркшелігіне ұйымдастыру түрлеріне және тәсілдеріне орай жүзеге асырмайды. Педагогикалық оқыту үрдісінде қағидалар екі түрге бөлінеді.
Біріншісі –қимыл қозғалысқа үйрету, екіншісі-дененің сапалық қасиеттеріне байланысты спорттыық жатығулар қағидасын. Дене тәрбиесі жүйесінде көптеген басқа да қағидалар кездеседі. Олар оқыту заңдылықтарын тек қана педагогикалық жағынан ғана айқындайды.
Дене тәрбиесі ішінде оларды «Дене тәрбиесі қағидалары» деп атайды. Олар саналық, белсенділік, беріктік, дербестік, көрнекілік, қайталау, жүйелік және т.б.
Саналық қағидасы-дене жаттығуларына оқытуда саналық қағидасын алғаш рет сөз атау П.Ф.Лесгафтың үлесіне тиеді. Яғни ғылым бірінші болып жаттығулардыорындауды саналық қағидасымен ұштастыруды талап еткен. Оның тұжырымы бойынша, мектеп баланың бойында күштілікті дамуымен қатар, басқа да қасиеттерді білуге, оларды өмірдегі қызмет барысында пайдалана білуге тәрбиелеуі тиіс,-деп қорытындылайды.
Тас саналы меңгеру ғана жаңа білімді ескі біліммен байланыстыруға оларды топтап, реттеуге, приводәндер ішіндегі және приводән аралық байланыстарды тұтас басқарып отыруға мүмкіншілік береді. Кез келген жаттығудың баларға түсіндірілуін орындайтын жаттығуы жәнеөніндегі өздерінң ойын үлгісін жасауын және жаттығуды орындау ісіне толық саналы түрде қарауын аталап етеді. Сондықтан оқушылардың іс-әрекеттері мен дене жаттығуларын орындауы мынадай жолдармен жүргізіледі.

Оқыту барысында алдын-ала кез келген қимылқозғалысты ойланып барып орындату. Кез келген жаттығу әдістеріне тәрбиелеуге жаттығу тәсілдернің бөліктеріне назарын аударту. Мысал: биіктікке секіруде (тебіну) тақтайына аяқтың дәл келуі, тебінуден кейінгі жоғары көтерілу барысында қолдың қозғалысына көңіл аудару.
Бұлшық ет сезімінің әсері арқылыы ойлау қабілетін қалыптастырып іс-әрекет істеу кезінде ішкі құрлыс жүйесінің хабарын дұрыс пайдалана отырып, жіберілген қателіктерді түзету, оқушыларды өз ісіне баға беріп отыруға үйрету.
Белсенділік қағидасы- оқушылардың белсенділігі оның оқу үрдісінде деген саналығы негізгі көрсеткіші болып табылады. Яғни, екі қағиданың байланысы саналы белсенділікті құрайды. Атап айтқанда, саналылық белсенділіксіз әлсіз іс-әрекетке, белсенділік саналылықсыз мақсатсыз қозғалысқа жетелейді. Тек саналы белсенділік арқылы белгіленген мақсатқа жетуге болады. Дене тәрбиесі ілімінде (педагогика іліміндегі сияқты) белсенділік екі бағытпен қаралады: бір жағынан жаңа туылған баланың өмірге деген талпынысына ұқсас болса, екінші жағынан сол баланың оқу барысындағы қызметінің мінездемесі сияқты. Белсенділік қағидасын қолдану жалпы талаптар белсенді тұлғаны тәрбиелеуде анықталады Белсенділік қағидасын қолдану барысында бір қатар ережедерге сүйену қажет:
Оқушылардың мінез құлқын көрсетілген талапқа сай үйрету қажет. Егер оқушы сылтау іздеп оқу тапсырмасын орындағысы келмесе (қарапайым жүгіру), онда достық қарым-қатынас себеп жүйесін жоғары жәнеәрежеде дамыту қажет (жаңаша орындауға үйрету). Бұл үшін ойын және жарыс әдістері, оқушының орындаған сабағын бағалауы, оқушының орындаған тапсырмасын жолдастарының бағалауы және өзін-өзі бағалау қолданылады.
Қойылған талаптың жеңілдігі де оқушының белсенділігін арттырады.
Белсенділікке оқушының танымы арқылы да ынталандыруға болады, яғни оқушының танымын оқытылған сабақ пен тікелей байланыстыру керек. Берілген тапсырманы дер кезінде қабылдамаса, келесі жаттығуда үйрену қиынырақ жиеді.
Белсенділікті ұстату және арттыру баланың дамуына қарқынды және тұрақты назар аударып отыру керек. Бұл үшін оқытудың белсенді әдісіне көшіп, баланың танымен ынталандырып механикалық оқытуды тыю қажет.
Белсенділіктің әсер етіп пайда болуын тек қана оқу дағдысына емес сол сияқты әртүрліжағдайда да қолдана білуу керек.
Оқу тәрбие жұмысын мынадай үлгіде құруды қажет етеді, яғни әрбір оқушыны ұжым блуға бағыттап,белсенділігін арттыру қажет.
Бала белсенділігінің керісінше оқушыға ықпал болмауы қажет. Сондықтан барлық мұғалімдердің оқушыға әсері былай орындалуы қажет: әрбір оқушы өзінің белсенділігін өз шкаласы, өз талап тілегімен арттыру қажет, яғни мұғалімнің еркіне бағынып орындалуы тиіс.

2.1.Дене тәрбиесін оқыту принциптері мен заңдылықтары

Табиғат пен қоғам дамуы адамның еркінен тыс өмір сүретін объективтік заңдардың қатыран жатады. Бірақ адамдар ол заңдарды ашып, пайдалана білгендіктен олардың іс – әрекеті саналы, бағытталған іс – әрекетке айналады. Адам табиғаттың құрамды бір бөлігі ретінде оны танып білу, оған тәрбие арқылы әсер ету өте күрделі педагогикалық процесс.

Педагогика болса диалектиканың барлық заңдылықтарын өз бойына жинақтаған ғылым. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама – қайшылығында ашылады. Педагогикалық процнстің заңдылықтары кезінде К. Д. Ушинскийде өзінің “Педагогикалық антропология” деген еңбегінде ескертіп айтқан, педагогикалық қағидавларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткізбейді, пайда бермейді. Оның ғылыми негіздерін зерттеу керек, содан шығатын ережелерді білу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеуді, сол заңдарды ой елегінен өткізе отырып жағдайларға байланысты, өзің қолдануға болады – ау жағдайға сай пайдалануға болады деген.

Педагогикалық процестің заңдылықтары көрнекті педагогтардың Ю.К. Бабанскийдің, И.Я. Лернердің, И.Ф. Харламовтың еңбектеніде кең көлемде баяндалған.

Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс заңдылық деп аталады. Педагогикалық заңдылық деп – педагогикалық процестің тұтастығын айтады.

Тәрбиенің заңдылықтары: Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік – экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің қалып дамуына игі әсер етеді.



Тәрбие мен өзін – өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым –қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін – өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Тәрбие іс – әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші рөлі заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру іс – әрекетіне байланысты. Іс – әрекеттің мынандай түрлері бар. Олар: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық – саяси іс – әрекеттері т.б. жатады.

Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы. Жас ерекшеліктері мынандай жағдайда еске алынады:

а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын т.б. жасаған;

ә) ағзаның дене және психикалық дамуына байланысты;

б) оқу, тәрбие процесінде.

Жеке адамның дербес ерекшеліктері;

а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ;

ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер.

Қабілет – адамның түрлі іс – әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.

Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы заңдылығы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады. Көрнекті педагогтар Н. К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А Сухомлинский ұжымдық қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасады.

Принцип дегеніміз – адамның нақты іс – әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет