Қорытынды
Дене тəрбиесінің маңызы Қимыл ептілігімен дағдысын қалыптасу жəне дене қуаты қасиетін тəрбиелеу жалпы заңдылықтарға бағынады, ол əдісте келіп принциптер д.а. Дене тəрбиесінің маңызы : 1) саналық жəне белсенділік 2) жүйелілік, 3) біртіндеушілік, 4) реттілік, 5) даралық. 2)Саналық пен белсенділіктерін – бұл принциптердің мақсаттары – дене тəрбиеғсі процесінде жаттығулардың сапалы белсенді жəне шығармашылық əрекетерін педагогикалық тұрғыдан бағыттау. Мысалы: балаларға қызықты тапсырмалар беру, марапаттау ойындар өткізу. 3) Жүйелілік – дене қуаты қасиетін дамыудағы жəне қозғалысқа үйретудегі жақсы нəтиже. Мысалы : сабақтар арасында үзіліс болмауы, түрлі жаттығулар үйрену. 4)Біртіндеушілік – орындайтын жаттығулар тəсілі күрделеніп, күш түсіну көлемі біртіндеп өсуін біртіндеушілік деп аталады. Мысалы : оқушылардың мүмкіндіктері тұрақты өсіп отыруы. 5)Реттік - қимыл əрекетке үйрету жəне дене қуаты қасиетін дамыту. Мысалы: жеңілден - қиынға, қарапайымнан – күрделіге. Даралық - дене тəрбиесі процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру. Мысалы : адамның дайындық денгейі, спортқа деген көзқарас. Дене тəрбиесі жүйесін тарихи қалыптасқан белгі бойынша топтау. Ал бойынша барлық жаттығулар 4 топқа бөлінеді ; а) гимнастикалық жаттығулар, ə) ойын жаттығулары, б) туристік жаттығулар, в) спорттық жаттығулар болды.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, əр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Əркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінəлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, əр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру əрқайсысымыздың дене тəрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды əрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.Мектептегі дене тəрбиесі жүйесінің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығын дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтының қажеттіліктерін тəрбиелеу болып табылады. Үйрету міндеті денсаулықты нығайтуға, дене мүшелерін жетілдіруге, адам ағзасын бірқалыпты дамытуға бағытталады. Негізгі көрсеткіші тəн сұлулығы мен оны қалыптастыру, əрі денсаулығын жақсарту. Əрине, дененің дамуында əлеуметтік мəселе басты орынды иеленеді жəне биологиялық, географиялық жағдайлар белгілі бір дəрежеде ықпал етеді, мысалы: тұрмыстық жағдайдың жақсы болуы бойдың, кеуденің өсуіне, салмақтың артуына əсер етеді. Арнайы іріктеліп алынған дене жаттығуларының көмегімен денені жалпы жетілдіріп, жекелеген дене мүшелерінің қызметін жақсартуға болады. Мен сабақта балаларға арналған қозғалмалы ойындарға көңіл бөле отырып, спорттық ойындарды қызықты ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды төзімді, жылдам, епті болуын дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасын арттырады. Оқушыларды қарсыласын сыйлауға, ойын кезіндегі əділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тəрбиелейді.Дене шынықтыру сабағы мектеп оқушыларының шымырлық пен шыдамдылыққа, сұлулық пен адам баласының тұрақты қалыптасуына жол ашатын спорттың бір түрі. Бұл жас жеткіншектер өміріне өте қажет дене жаттығуларының үйлесімділігін келтіретін ойын.
Сонымен қатар дене тəрбиесі сабақ барысында жалпы дамыту жаттығуларын кеңінен пайдалану арқылы оқушылардың əскери дайындық дағдыларын да қалыптастыруға болады. Гимнастикалық жаттығуларды өткізуде сапқа тұрғызу əртүрлі болуы мүмкін – лекке, қатарға, жарты шеңберге т.с.с. Ең жақсы нұсқа – балаларды арақашықтықты сақтап сыныптар бойынша тұрғызу болып табылады. Сонда оқушылардың іс-əрекетін бақылау жəне жүктемені реттеу мұғалімге оңай түседі. Дене тəрбиесі сабағында спорт құрал-жабдықтарын пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сонымен бірге жазу, сурет салу аса қажет болатын қол саусақтарының майда бұлшық еттерін дамытуға мүмкіндік береді. Дене тəрбиесі сабағында өмірлік маңызы бар қозғалыс түрлері -жүру, жүгіру, секіру, лақтыруға үйрету маңызды орын алады. Дене шынықтыру бағдарламасы бойынша жеңіл атлетикадан білім беру арқылы дағдыларын қалыптастырамыз. Жеңіл атлетиканың дағдыларын бойына сіңірген оқушы біріншіден, тез қозғалуға, жылдам шешім қабылдауға, өз діттеген жеріне дер кезінде жететіндігін өмір көрсетіп отыр. Сондай сабағымның тəжірибесін сіздерге ұсынамын. Ауыл мектептерінде қозғалыстың негізгі түрлеріне үйретуде оларды ұйымдастыру жəне үйлестірудің сан алуан əдістері қолданылады. Мысалы: бір мезгілде орындау əдісін пайдалану қозғалыс белсенділігін артыруға мүмкіндік береді. Ол жүру, жүгіру, жалпы дамыту жаттығуларына үйрету, секіру, лақтырудың кейбір түрлерінде т.с.с қолданылады. Қимыл-қозғалыс ойындарын дене тəрбиесі сабағының барлық бөлімдерінде жүргізуге болады. Ойын кезінде оқушылардың жағымды эмоциялық күйі жоғарлайды. Ойын балаларға əрқашанда қуаныш əкеледі, осы себепті тəртібі нашар оқушыларды да ойыннан шығарып тастауға болмайды. Үлкен кеңістікті қажет ететін ойындарды ашық ауада немесе мектептің спорт алаңдарында өткізуге болады, мұнда ойын жаттығулары мен эстафеталар пайдаланылады. Дене тəрбиесі сабағын өткізгенде мұғалімге қауіпсіздік ережелерін сақтау аса қажет. Дене тəрбиесі пəнінің мұғаліміне оқушылардың өміріне жауапкершілікпен қарау жүктеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. https://baribar.kz/student/21419/qazaqstannynh-dene-tarbiesininh-zhuyesi/
2.https://baribar.kz/student/15877/dene-tarbiesin-oqytu-printsipteri-men-zanhdylyqtary/
3. https://baribar.kz/student/11916/dene-tarbiesi/
4. https://stud.kz/referat/show/61131
5.http://edunews.kz/articiles/551-dene-trbies-sabaynda-oytudy-zhaa-tehnologiyalaryn-engzud-timd-zhatary.html
6. http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/spec_master/6M010800_kaz.pdf
Достарыңызбен бөлісу: |