Реферат тақырыбы: Девианттылық және қылмыскерліктің әлеуметтанулық құрылымдары Орындаған: Сәмет Теңге



бет4/4
Дата28.10.2022
өлшемі38.59 Kb.
#463548
түріРеферат
1   2   3   4
7апта семинар сабак 7

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.
Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануында девиацияның пайда болуының себептері мен жағдайларына қатысты бірыңғай көзқарас жоқ. Мәселен, ХІХ ғасырдың аяғында итальяндық доктор (дәрігер) Цезаре Ламброзо қылмыстық мінез-құлық пен белгілі бір дене белгілерінің (физические черта) арасында байланыстың бар екендігін айқындады. Ол биологиялық құрылымы бойынша мінез-құлықтың белгілі бір типіне бейім адамдар, яғни «қылмыстық типтер» адамзат эволюциясының неғұрлым ерте сатысына қайта оралумен байланыстырылады. Мұндай типтер төмендегідей белгілері бойынша ажыратылады: төменгі жақ сүйегі алға шығып тұрады, сақалы сирек, ауруға деген сезімталдығы тӛмен болып келеді. Ламброзоның осы теориясы кеңінен таралды. Девиацияны түсіндірудің биологиялық типінің өкілдерінің бірі Шелдон болып табылады. Ол девианттардың белгілі бір дене құрылымы бар екендігі жөнінде және осы дене ерекшеліктері девиацияға себеп болатындығы жөніндегі теорияны ұсынды. Осы сияқты девиацияны биологиялық түсіндірудер ХХ ғасырдың басында да танымал болғанымен, оларды кейінгі зерттеу нәтижелері ығыстырып шығара бастады.
Психоаналитиктер болса, девианттық қылықтар мен көптеген психологиялық проблемалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын теорияны ұсынды. Мысалы, австриялық дәрігер-психиатр Зигмунд Фрейд«өзін кінәлі сезінетін потенциалды қылмыскерлер» туралы ұғымды енгізді. Яғни, өздерін кінәлі деп есептегендіктен ұсталып, жаза тартуды қалайтын адамдар туралы. Алайда, бір ғана психологиялық ерекшеліктермен қылмыстың немесе мінез-құлықтың басқа да типінің мәнін түсіндіруге болмайды.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Негізі «әлеуметтану» с. С. Фролов . Мәскеу қ., = Заңгер = 1997ж.
2. «Әлеуметтануға кіріспе» А. И. Кравченко , Мәскеу қ., оқу құралы 1997ж.
3. Теориясы » әлеуметтану «, Г. П. Зинченко , г. Ростов-на-Дону ,1993ж.
4. «Әлеуметтану. Негіздері жалпы теориясы » Мәскеу , = Аспект — Пресс = , 1994ж.
5. «Әлеуметтану «. Және Смелзер , Мәскеу қ., = Феникс = , 1994ж.
6. «Әлеуметтану негіздері» Харчева , Оқулық , Мәскеу қ., = Логос = ,1997ж.
7. «Қазіргі заманғы әлеуметтану» Кудрявцев , Казимирчук , Мәскеу қ., =Заңгер= , 1995ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет