Реферат тақырыбы: Ерте ғасырлық мемлекеттер



бет3/7
Дата03.11.2023
өлшемі36.68 Kb.
#482256
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
РЕФЕРАТ

Саяси тарихы.

Персия мемлекетінің патшасы Кир - Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде - сақтармен одақ жасасып, олардан әжептеуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін, Кирдің әскерлері сақтардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған байлапысты Геродот жазбаларында мы- надай аңыз бар: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың әйел патшасы Томирис: “Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын” деп үлкен торсыққа толтырып қан құйғызып, оған Кирдің басын салдырады.
Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын I Дарий б.з.б. 521-486 жылдары жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының “өлмейтін он мың” деп аталатын ұланының кұрамыпа кіріп қызмет етті. Б.з.б. VI ғасырдың аяғы V ғасырдың басында /500-449 жж./ ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты.
Б.з.б. IV ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид, III Дарий Кодоманның әскерлерін талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты /Самар- қандты/ алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кіші-гірім “Александр Крайный” немесе “ІІІеткі Александр” деген қала салдырды.
Александр Македонскийдіп басқыншылық әрекетіне қарсы көшпелі Сақ тайпалары асқан ерлікпен, табан тіресе соғысты, кескілескен үрыстарда катапультпен қаруланған гректер оқтың күшімен сақтарды кейін шегіндірді. Соғыста сақтар мыңдаған адамынан айрылды. Гректер сақтардың біраз жерін басып алды. Бірақ Александр Македонскийдің әскерлері сақтардың жерінде көп тұра алмады. Ыстық күн, жолсыз шөл дала, ержүрек сақтардың тынымсыз шабуылы, Александр Македонскийдің сырқаттанып қалуы гректерді қашуға мәжбүр етті. Олар Сыр бойындағы “Шеткі Александрді” тастап, Самарқанд қаласына шегінді. Сөйтіп, Сырдария сыртындағы Сақ тайпалары грек басқыншылығына қарсы күресте өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Александр Македонский б.з.б. 323 жылы сүзектен қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін, оның ұлан-байтақ империясы ыдырай бастады. Өйткені ол берік экономикалық және саяси байланыс бірлігі жөқ әр түрлі тайпалар мен халық- тардан құрылған мемлекет еді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет