Реферат тақырыбы: Ерте ғасырлық мемлекеттер


Діни наным сенімдері мен мәдениеті



бет5/7
Дата03.11.2023
өлшемі36.68 Kb.
#482256
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
РЕФЕРАТ

5. Діни наным сенімдері мен мәдениеті.
Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған. Бұл ғүрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір" тайпаға" немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.
Басқа халықтар сияқты сақ тайпалары да табиғаттың тылсым күштеріне - күнге, найзағайға, күннің күркіреуіне, жел-дауылға табынған. Өйткені бұл құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Сақтардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат-самұрықтар және тағы да басқа қиялдан туған жануарлар бейнесінде елестеген. Сондықтан бұл образдар сақ тайпаларының ауыз әдебиеті мен мифологиясында кеңінен көрініс тапқан. Сақтардың сенім- нанымы бойынша әлемдегі тәртіп, үйлесім, ондағы болып жатқан барлық нәрселердің үйымдастырушылары–Митра, Варуна, Индира секілді қүдайлар деп түсінген.

6. Археологиялық ескерткіштері.
Сақтардың молалары кең, биік болған. Сондай молалардың бірі - 1969 жылы қазіргі Алматы облысы, Есік қаласының жанынан табылды. Қорған 45 қорымнан тұрады. Б.з.б. V ғасырда бой көтерген бұл қорған ағаштан қиылған, биіктігі 7 метр, оның ішінде жерленген бай жас сақ жауынгерінің барлық киімі алтынмен қапталған. Оның басындағы телпегінен бастап аяқ киіміне дейін атты, жолбарысты, тау ешкіні, құстарды бейнелейтін 4 мың алтын алқа қадалған. Мұны “Алтын адам” деп атайды. Ол - сол кездегі сақ тайпаларының тұрмысы мен мәдениетінің қандай болғандығын корсетеді. Сақ мәдениетіне тән басты көркемдік сала - «аң стилі» өнері. Сақтар тастарға ойып, қашап жануарлар бейнелерін қалдырған. Сақтардың «аң стилі өнерінде» арыстан, самұрық, бұғы, қошқар, түйе, барыс, жолбарыс, бүркіт сияқты тағы және жергілікті үй жануарларын бейнелеу ерекше орын алған. Бүл сақтардың өмірінде, түрмысында, киген киімдерінде кеңінен көрініс тапқан. Олардың «аң стилі» өнерінің қалдықтары археологиялық зерт- теулердің барысында Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет