2.Шаруашылығы мен тұрмыс тіршілігі.
Сақ тайпалары кошпелі жөне жартылай мал шаруашылығымен айналысты. Оның себебі, біріншіден, бүл тұста климат жағдайы озгеріп, қүрғақшылық болып, күн ысып, озен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жерлер пайда бола бастаған еді. Екіншіден, бүл жерлер бұрынғы теңіздің табаны бөлғандықтан, оның біраз бөлігі қүнарсыз, сусыз, сортаң болып келді. Мүндай жерлерге өсімдік, шөп шықпайды, егін егуге де жағдай болмайды. Сондықтан бұл жердегі адамдар мал өсірумен шұғылданып, оны өзінің түрақты кәсібіне айналдырды. Малдың жайылымына қарай олар көшіп-қонып жүрді.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысу далалы және шөлді жерлерді мекендейтін тайпалардың өміріндегі ірі жетістік еді, мұның өзі алғашқы қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын ілгері бастырған қадам. Мал өсіруге маманданған адам еңбегі неғұрлым өнімді бола түсті де ет, май, тері, жүн т.б. өнімдерді көп өндіруге мүмкіндік берді. Мал шаруашылығы өнімдері неғұрлым көп өндірілген сайын олардың құны артып, мал өсірушілер мен егіншілер арасындағы айырбастың дамуына жағдай жасады.
Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты қөй өсіру еді. Оның еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты. Б.з.б. 1мың жылдықтың орта шеніндегі грек авторы Харил сақ тайпаларын қойшылар тайпасы деп атаған. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рол атқарады, өйткені ол мінсе - көлік, жесе - тамақ, ішсе - сүті сусын қымыз.
Сақтардың заманында жылжымалы арба да болған. Гиппократ скифтердің тұрмысын суреттей келіп, былай деп көрсетеді: “Арбалар өте шағын, төрт доңғалақты. Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылатын үйге ұқсас екі жоне үш қабат киіз жабылған арбалар жасалып, олар жаңбыр мен желден пана болды. Бұл арбаларда балаларымен әйелдер отырып, ал ерлер қашанда ат үстінде жүретін. Оңтүстік Қазақстан жеріндегі /Сырдария аңғары, Арыс, Келес т.б. өзендер бойы/ сақ тайпалары егіншілікпен де айналысқан. Олар тары, арпа, бидай еккен. Кейбір жерлерде /Сырдария/ суармалы егін шаруашылығы дамыған.
Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа аңшылық пен балық аулау кәсіптерімен де шүғылданған. Олар таутеке, арқар, қабан, бұғы, бұлан, дуадақ аулайтын. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпалардың аңды салт атпен қоршап аулайтыны бейнеленген.
Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде, яғни сақ заманында өндірістің мамандандырылған түрлері болды. Бұлар руданы өндіру және өңдеу, темір ұсталығы, темірді құю және зергерлік істер еді. Бірақ сақтардың қолөнер кәсібі әлі жетілмеген болатын.
Б.з.б. I мың жылдықтың басында Қазақстан жерінің ежелгі тайпалары қызыл жоне қоңыр темір тасты, магнитті, темір жылтыры сияқты тез балқитын рудаларды жақсы білген. Мұны Қарқаралы қаласына жақын Суықбұлақ қоныс жұртын қазу кезінде табылған оңды сұрыпталған темір рудасының үйіндісіне қарап білуге болады. Орталық Қазақстан мен Жетісу обаларынан б.з.б. VІІ-VІ ғасырларда темірден соғылған заттар - темір қанжарлар, пышақтар, жүген әшекейлері табылған.
Ежелгі Қазақстанда мыс-қалайы өндіру басым болды. Сақ заманында кен ісі мен руданы алғашқы өңдеу техникасы Андронов дәуірімен салыстырғанда едәуір ілгеріледі. Сақ шеберлері, әсіресе, қола құю ісінде елеулі табыстарға жеткен.
Шаруашылықтың жаңа түрлері өздеріне лайықты еңбек қүралдарын жасауды қажет етті. Осыған байланысты ертедегі шеберлер ат тұрманын, қару-жарақ, ауыздық жасауды үйреніп, соғыс қүралдарын, қару-жарақтарды, жебенің ұштарын, қысқа семсерлер (ақинақ), қанжар, ұзын семсерлер, найза, түрлі балталар жасады.
Металл өңдеумен бірге қолөнердің түрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, сүйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылықтың түрлері де болды. Темірден пышақ, металдан ыдыс, темір ілгектер, қашаулар, т.б. заттар жасалынды.
Достарыңызбен бөлісу: |