Реферат Тақырыбы: Жалпы хирургия-лық аспаптардың тауартанулық талдау негіздері. Орындаған : Артикова С



бет4/15
Дата12.09.2023
өлшемі0.69 Mb.
#477314
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
реферат

1.4. Инструменттердің тасымалдануы
Инструменттерді тақтайшалы жәшіктерде тасымалдау қажет. Тақтайшалы жәшіктердің ішіне су өткізбейтін материалмен қапталу қажет.
Контейнерлерде тасымалдау кезінде тасымалдау тарасы ретінде гофрирлі қатты қағаздан жасалған жәшіктер, сонымен қатар қаптауыш пергамент немесе орама қағазынан жасалған пакеттер рұқсат етіледі.
Тасымалдау тарасы орама қағазы немесе басқа да материалдармен толтырылу қажет, өйткені орамдалған тұтынушылық немесе топтық тара инструменттерін өз еркімен ауыстыру мүмкіндігін болдырмау үшін.
Бір мекен-жайға бағытталған аса көп емес инструменттердің әртүрлі түрлерін тасымалдау тарасына салуға болады. Әр тасымалдау тара жәшігіне дайындаушы-өндірісі немесе оның тауарлық белгісі, саны және орамдалған инструменттер атауы, бақылаушы және орамдаушының шартты номері, орамдау күні жазылған орамдау қағазы салыну керек.
Тасымалдау маркировкасын тасымалдау тарасының сыртқы бетіне сәйкес түрдегі манипуляциялық белгіні жазу арқылы белгілейді, мысалы «Дымқылдан қорқады». Жөнелту кезінде брутто массасы 50 кг аспау керек, ал пошталық посылкамен жіберу кезінде – 20 кг аспау қажет.
2. МАРКИРОВКА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Маркировка – тауар және/немесе оның орамында безендірілген текст, шартты белгілер немесе суреттер, сонымен қатар тауарды теңестіруге және оның бөлек қасиеттеріне арналған қосалқы заттар, сонымен қатар тұтынушыға өндіріс туралы ақпаратты жеткізу, тауардың дайындалған күні, тауардың сандық және сапалық сипаттамасы.
Медициналық бұйымдардың маркировкасы анық, көрнекі, бір мағыналы және техникалық жағдай және мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес болу керек.
Маркировканың келесі негізгі элеметтері бар:

  • өндірушінің номерлеу жүйесі бойынша оның номерін және бұйымның типті белгісі немесе атауы;

  • ұйым-өндірушінің тауарлық белгісі;

  • дайындау жылы;

  • бұйымда техникалық жағдайы немесе стандарт көрсеткіші;

  • берілген өнім түрі сертификациясы жүйесінде қабылданған сәйкестік белгісі.

Маркировканы тауар және/немесе өндірілген өнім тарасына белгіленеді. Медициналық өндірісте этикетка, косымша бет (вкладыш), ярлык (бирка), табличкалар кеңінен таралған.

  • Этикетка - өнім және оның өндірушісі туралы боялған немесе жазбаша сипаттамасы, орам бірлігінде трафарет, штамп, рельеф түрінде жазылған, сонымен қатар әрбір тауар бірлігіне қосымша бет қағазы ретінде қыстырылған. Этикеткамен қарапайым бұйымдарды жабдықтайды, мысалы хирургиялық инструменттер. Бір реттік қолданылатын медициналық тауарларға (шприцтар, презервативтар, инъекциялық инелер және т.б.) этикетканы тікелей тұтынушылық тарасына қыстырады.

  • Қосымша бет (вкладыш) – этикетканың бір түрі, негізгі элементтермен қоса тауардың тұтынушылық қасиетінің қысқаша сипаттамасы бар, бірінші орында функционалдық қасиеті. Вкладыш бір реттік тауарды топтастырып орамдаған кезде этикетка орныны кеңінен қолданылады.

  • Ярлык (бирка) – бұйымның берілген формасы, мөлшері және материалы, ол тауарға немесе орамға тіркеуге және маркировканы қыстыруға арналған.

  • Табличка – графикалық ақпараттың немесе текст түрінде жапсырылған диск немесе пластина формсындағы бөлшегі. Табличканы медициналық техника бұйымдарына жапсырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет