Реферат Тақырыбы: Жалпы хирургия-лық аспаптардың тауартанулық талдау негіздері. Орындаған : Артикова С



бет2/15
Дата12.09.2023
өлшемі0.69 Mb.
#477314
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
реферат

1.2. Инструменттердің сапасын бағалау
Инструменттердің сапалық бағасын қабылдау кезінде жүргізіледі (көбінесе партиямен). Партия деп бір құжат бойынша қабылданатын бір типті пішінді инструменттерді атайды.
Медициналық инстурменттерді қабылдау барысында келесі көрсеткіштерді тексереді: негізгі геометриялық өлшемдері, сыртқы көрінісі, ақауының болуы (визуалды анықтау), декоративті қорғау жабындысы, беткі бетінің бұжырлығы, беріктігі (егер ол бұйымның техникалық жағдайында көрсетілсе), жарқырау түрі, бұйымның жинақтаулығы, маркировкасы. Аталған шараларды қабылдау кезінде қалыпты климаттық жағдайда өткізу қажет (тек климаттық факторға әсер ету сынағынан басқа).

  • Геометриялық өлшемді тексеру техникалық құжаттарда көрсетілгендей, жіберілетін қателіктердің шегін есептеу арқылы жүргізіледі. Стандарттық және техникалық жағдайларда көрсетілген өлшемдер «не көп» немесе «не аз» деген шекті мәндердің көрсетілуі, өткізілген қателіктер өлшемін тексеру, стандарттық және техникалық жағдайлармен анық түрдегі құралдарға түзіледі.

  • Заттардың сыртқы көрінісі мен ақауының болуы визуалды бағаланады (немесе лупа 4-8 есе үлкейтіп), жарықшақ, сырылған жер, сызат, боялған жерлер, қабыршақтанудың және т.б. анықтайды.

  • Беткі бетінің бұжырлығын белгіленген тәртіп бойынша эталонды бұжыр үлгілермен салыстырып тексереді.

  • Еркін жүру өлшемін инструменттердің бір бөлігін браншпен біріктіріп, кейінгі бөлігін күштің әсерімен техникалық жағдайларда айтылған белгілі түрдегі құралға ауыстырады. Берілген көрсеткіштер болмаса еркін жүрудің қыры 25 – 350С – ден көп болмауы керек, ал құралдарың кремальері 3 – тен көп тістен тұратын 450С.

  • Жабындының сапасын бағалау сыртқы түрін тексеру арқылы жүргізіледі. Ол беткі бетінің ақауларын анықтауға негізделген. Бақылау көзделмеген көзбен 25 см қашықтықта беткі бетін табиғи және жасанды жарықта зерттейді (жарықтық қыздыру шамын қолданғанда 300 лк кемінде болуы керек немесе люминесцентті шаммен).

  • Нормативті құжаттарға сәйкес инстурменттердің беткі беті біртекті, тегіс, жылтыр немесе айна тәріздес болу керек. Инструменттің беткі жылтыр бетінде сызат, жарықшақ, жуылмаған тұздар, коррозия өнімдері болмауы қажет. Жылтыр дәрежесі нормаланбайтын болғандықтан, ақаулы белгілерге жылтырлық пен түсінің біртексіздігі, ағынды судың ізі, хроматты және фосфатты ерітінділердің тұзсыз қалдығы, сонымен қатар бұйымды мұздатқанда және қыздырғанда жылтырау интенсивтілігінің өзгерістері жатпайды.

  • Бұйымның жинақталуы, маркировкасы және консервация сапасы сыртқы түрін тексеру арқылы және белгілі бір түрдегі инструменттің техникалық немесе стандартты жағдайларының сәйкес келуімен бағаланады.

  • Сонымен қатар, медициналық инструменттерді пайдалану барысында әрқашанда коррозиялық тұрақтылығына тексеріліп тұрады. Ол үшін зерттелетін инструменттерді алдын-ала майсыздап, тазартылған сумен толтырылған электрлі дезинфекциялық қайнату торына орналасқан шыныдан жасалған қоршалған бұйымға салады (инструменттер түгелімен суда батып тұру керек). Суда 15 минут қайнатады, сонан соң қайнаған суда хирургиялық инелерді 30 минут, ал қалған инструменттерді 3 сағатқа қалдырады. Уақыт өткен соң инструменттерді шығарып, тағы да тексереді. Егер де инструменттерде қара (коррозиялық) нүктелер болмаса, онда зерттеу дұрыс өтілді деп саналады. Зерттеу жүргізілетін инелердің жұмыс бөлігінде бір коррозиялық нүктенің 20% болуы босатылады.

  • Коррозиялық тұрақтылыққа зерттеуге хромды тот баспайтын болаттан тұратын, сонымен қатар көміртекті және төменлегирленген жабындысы бар болаттан тұратын инструменттер ұшырайды.

  • Көміртекті және төменлегирленген сілітілі жабындысы бар болаттан , сонымен қатар никельді немесе хромды жабындысы бар инструменттер коррозиялық тұрақтылық зерттеуіне ұшырамайды.

  • Инструменттердің нақты маркировкасы болуы керек, келесі мәліметтер болуы қажет:

♦ инструменттің номері немесе оның мағынасы (бірнеше номерін дайындаған жағдайда);
♦ дайындаушы-өндіріс орнының тауарлық белгісі;
♦ шығарылған жылы;
♦ шартты мағынасы «Т» (коррозиялы-тұрақты болаттан тұратын инструменттерге арналған) немесе «Ті» (титанды құймалардан тұратын инструменттерге арналған).

  • Экспортқа арналған инструменттерде қосымша маркировкасы болуы қажет, келесі жазылымдар болуы керек: «Made in Kazachstan», «Stainless steel» немесе «Stainless» (тот баспайтын болаттан жасалған инструменттерде). Титан құймасынан дайындалған инструменттерде «Titanium» жазылымын жазуға болады.

  • Маркировканы жұмыс жасалмайтын бөлігіне нақты суретттемесін қамтамасыз ететін механикалық, электроэрозионды немесе басқа да тәсілдермен жазады.

  • Маркировканы әр инструменттерге жазуға болмайды, ал тұтынушы тарасына немесе ярлыкка (ал, ол болмаған жағдайда- топтық тарасына) жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет