Реферат Тақырыбы: Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы


Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлық мәселелерін іс-тәжірибеде психологиялық түзету жолдары



бет4/16
Дата27.11.2023
өлшемі259.8 Kb.
#484547
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ЖБЛ-212 Тәрбие

2. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлық мәселелерін іс-тәжірибеде психологиялық түзету жолдары
2.1 Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқын түзету жұмыстарының ерекшеліктері

Психоанализде түзету мақсаты - жасөспірімнің «Менінің» күшеюімен анықталады. Жасөспірім проблемаларының қайнар көзі өткен тәжірибесінде көрінеді, сондықтан жасөспірімнің спонтанды «бұзып өтетін» агрессивті әрекеттерде жасырынған терапевт жігері санасыз мотивацияны түсіндірулеріне фокусталады. Терапия процесі проблемалар жасырынған өзінің жағдайын еркін көрсете алатындай етіп ұйымдастырылады. Негізгі көңіл жасөспірім ментерапевт арасындағы «осында және қазір» эмоционалды қатынастарға бөлінеді. Мұндай директивті емес терапияның мақсаты - жасөспірім өзін тану және басқару тәжірибесін алады, тұлға ретінде едәуір адекватты болады және ағымдағы, келешектегі проблемаларды жеңіп шығады. Терапияның бұл түрі «баланың проблемасынан гөрі тұлғасына шоғырланады». Жасөспірім терапия жүргізумен қатар терапевтикалық процеске жағдай жасауға шақырылған ата-аналарда кеңес (көмек) беру ұйымдастырылады. Жасөспірім әке-шешелік қатынастардың тренингі жанұядағы балалармен қатынасты жеңілдетуге, балалармен өзара әрекеттестік дағдыларын дарытуға, оларда сенситивті түсінікті дамытуға алынған.


Жасөспірім агрессивтілігін түзету сұрағы бойынша едәуір маңызды табулар мінез-құлықтық амал шегінде қол жеткізілген. Агрессияны мінез-құлықтың тауып алған түрі ретінде қарастыратын әлеуметтік үйрету теориясына сәйкес түзету жұмысы жасөспірімнің мінез-құлқының модификациясына бағытталған болуы керек - агрессиялы көрінулерінің бірте-бірте азаюы, сөнуімен бір уақытта жаңа әлеуметтік қажетті мінез-құлықтың құрылуымен.
Түзетудің мінез-құлықтық үлгісі әртүрлі тренингтерде, әлеуметтік іскерліктерде іске асырылады. Түзету бағдарламасы кімге бағытталғанына байланысты тренингтер жасөспірімдердің өздеріне, ата-аналарға, мүғалімдерге бағытталған, сонымен қатар, балалар және олардың ата-аналарымен жұмысқа бірге қатысуға есептелген бағдарламалар да бар. Жасөспірімді өзара әрекеттестіктің конструктивті тәсілдеріне үйрету қатынас жағдайында агрессияның көрінуін жояды. Әлеуметтік іскерлік тренингі шағын (4-6 адам) топ балаларымен ұйымдастырылады және де оларды әлеуметтік өзара қатынас дағдыларының альтернативті агрессияларына үйретуге бағытталған
Оқытудың нақты әдістері келесі тәсілдерге әкеледі:

  1. үлгілеу және қабылдауға болатын мінез-құлық үлгілерін демонстрациялау, ауызша символды түрде игерілетін нәрсені түсіндіру;

  2. жаңа реакцияларды табу және бекіту үшін қажетті жаттығулар (әдетте, рөлдік ойындарды пайдаланады - тіршілік шарттарына жақын жағдайларды ойнау және қажетті қабілеттіліктерді таратуды болжайтын ойындар);

  3. мінез-құлыққа реакция түрінде кері байланысты орнату, қажетті әлеуметтік мінез-құлықты қолдау және адекватты емес мінез-құлықты нығайту;

5. әлеуметтік әрекеттестіктің нақты жағдайларында игерілген дағдыларды тасымалдау (12 аптаға дейін).
Мұндай міне-құлықты тренингтер нәтижесінде жасөспірімдердің мінез-құлқында өзгерістер байқалады, әрекеттердің мөлщері фрустрациялық қысым айналасындағылармен конструктивті қатынасты бекіту жоғарылайды.
Негізгі проблема нақты жағдайларға тренинг барысында алынған дағдылар мен іскерліктерді тасымалдау қиындығында болады.
Агрессияның когнитивті үлгісін жақтаушылар агрессиялық мінез-құлықты түзетудегі шешуші мағынаны әке-шешелердің балаларымен өзара әрекеттестік стереотиптерін жеңуге көңіл бөледі.
Психотерапиядағы әртүрлі бағыттардың шегіндегі түзетудің нәтижелілігіне келетін болсақ, бұзу мінез-құлқына және құрылымға үлкен дәрежеде сай амал болып табылады.
Агрессиялы мінез-құлықты жасөспірімдер үшін қажетті мінез-құлықтық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған мінез-құлықтық амал жақын келеді. Әдебиетте көрсетілген амалдарды жалпылай келе, жасөспірімдік агрессивтілігін жеңу және сақтандыру жұмысы келесі шарттарға бағытталуы керек:
1. айналасындағылармен (құрдастарымен, үлкендермен) қатынастардың оптимизациясы мен үйлесімділігі;
2. жасөспірімнің өз тұлғасының дамуы.
Оның қажеттілігін қанағаттандыру, адекватты тәсілдермен қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Психологиялық көмек агрессиялық көрінулерді жеңуге ғана емес, сонымен қатар мінез-құлықтың жаңа нақты түрлерін бекіту мен қалыптастыруға бағытталады. Бұл келесі өзара байланыстағы бағыттардағы түзету және сақтандыру жұмысын ұйымдастыруды болжайды:
1. үлкендерді психологиялық хабардар ету;
2. балалық жаста агрессивтіліктің даму және қалыптасу механизмдері мен себептері туралы мұғалімдер мен ата-аналарды ақпараттау;

  1. жасөспірімнің тұлғалық дамуына агрессивтіліктің даму әсері;

  2. агрессиясы әртүрлі типтегі жасөспірімдердің бастан өткізетін қиындықтары;

5. үлкендерді жасөспірімдермен конструктивті өзара қатынас дағдыларына үйрету;
6.сәйкес мотивтерді және мінез-құлық түрлерінің жаңа, альтернативті агрессияны өндіруге лайықты жасөспірімдермен жұмыс жасау;
Әртүрлі типтегі агрессиясы бар жасөспірімдерге тән жеке тұлғалық «осалдылық аймақтарын» және бұзу жүйесін есепке алу жұмысы іске асырылуы қажет.
Сонымен қатар, жасөспірімдер агрессивтілігін түзету кезеңдерінің бірі -құрдастарымен қатынас болып табылады, өйткені кейде өзара қатынас дискомфорттың, жағымсыз уайымдардың қайнар көзі бола алады. Құрдастарымен қатынасты реттеу жасөспірімдер агрессивтілігі профилактикасының міндеттерінің бірі болып табылады.
Тұтас алғанда, біздің жұмыс келесі бағыттарға бағытталуы қажет:

  1. жасөспірімдермен қатынасты бекіте алуды дамыту;

  2. әлеуметтік әрекеттегі қиын жағдайлардағы конструктивті шешімдерді табаалу;

  1. өз сезімін білдіре алу және қатынас дағдыларын жетілдіру;

  2. өзі және өзінің мүмкіншіліктері туралы ұсынуларды толық дамыту;

  3. өзінің қылығы үшін өзіне жауапкершілікте ала алуын дамыту;

  4. өзіне деген позитивті қатынасты дамыту, өзін-өзі қабылдау және сыйлау;

  5. өзіне және өзінің тәжірибесіне сену, жаны ашу мен эмпатияның дамуы.

Қазіргі кезде жаңа тестік жүйені қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға даярлануы қажеттілігін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілетін, біліммеңгерудегі дербестік дәрежесін арттыруға аса маңызберу қажет болып отыр. Арнайы қабілеттердең қалыптасуы оқытудың сипаты мен қатар психологиялық түзету-дамыту жұмыстарымен де тығыз байланысты. Сондықтан психологтің келесі міндеті - орта сынып оқушыларының интеллектуалдық дамуына ықпал жасау. Осы аталған, тағыда баланың жас ерекшеліктеріне, өмір талабына байланысты туып отырған міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр психолог жеткіншектермен жүргізетін қызметінің мазмұнын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет