Реферат Тақырыбы: Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы



бет1/16
Дата27.11.2023
өлшемі259.8 Kb.
#484547
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ЖБЛ-212 Тәрбие


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.


Реферат
Тақырыбы: Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы.

Қабылдаған: П.ғ.,к.,доц. Данияров Талғат Әбубәкірұлы


Дайындаған: ЖБЛ-212 тобының студенті

Туркістан-2023




МАЗМҰНЫ
Кіріспе.


І бөлім. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерінің теориялық мәселелері.
1.1. Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері.
1.2. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлық мәселелері.


ІІ бөлім. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлық мәселелерін іс-тәжірибеде психологиялық түзету жолдары.
2.1. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқын түзету жұмыстарының ерекшеліктері.
2.2. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқының тәжірибелік зерттелуі.


Қорытынды.


Кіріспе

Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты қалыпта болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Нашақорлық, өзгеге қиянат, зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивті әрекеттің осылай бой көрсетуі – өзін және өзгені талқандаудан көрініс табады.


Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда, толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық, психологиялық мәселелер күннен-күнге күрделене түсуде. Осыған орай бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жан-жақты дамыған, мәдениетті, тәрбиелі жеке тұлға болып қалыптасуы оқу-тәрбие процесінің шешуші фактор болуы заңдылық. Тәрбие процесін басқарудың маңызды педагогикалық міндеттері – жастардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру.
Қазақстан-2030 бағдарламасында «әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы көрсетілген.
Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті де кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Олай болса әрбір ата-ана өз отбасында бала тәрбиелеудің нәзік жақтарын білуі шарт. Өкінішке орай, оқушылар арасында тілден, діннен безген, алдау мен арбау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық, нашақорлық сияқты келеңсіз жағдайлар кездесіп қалады.
Зорлық-зомбылық және агрессия мәселесі күннен-күнге өзекті мәселеге айналып жатыр. Қоғамда жетістіктерге жету күресінің құралы ретінде агрессивтілік ашық және жасырын формада қолданылуы сирек емес. Агрессивтілік жасөспірімдердің жеке тұлғасында негізінен қоғамдағы орнына қанағаттанбаудан, үлкендердің оларды түсінбеуіне қарсылық көрсету түрінде қалыптасады, яғни агрессивті мінез-құлық көрсетуінен байқалады.
Агрессиялық мінез-құлықты зерттеу мәселесі төңірегіндегі теориялар бір-бірінен агрессиялық мінез-құлықтың дамуы мен қалыптасуын түрліше түсіндірумен ерекшеленеді. Соңғы көрсетілген теориялар реті адамның агрессиялық мінез-құлқын тоқтату мен бақылаудың барынша көп мүмкіндігін туғызады. Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы әлеуметтену процесінде меңгерілген жағымсыз мінез-құлық моделін көрсетеді.
Егер, тұлға мінезін қалыптастыру мен жан-жақты дамуына әсер етуші әлеуметтік факторларды жандандырсақ, онда тұлғаның жеке бастық мінез-құлық ерекшелігінің дұрыс бағытта қалыптасуына және жасөспірімдерде агрессивті мінез-құлықтың болмауына әсер етеді.
- Агрессияның байқалуы мен түзету жұмысы барысындағы көзқарас пен агрессиялық мінез-құлық феноменін талдау;
- Теориялық талдау тұрғысында жасөспірімдер агрессивтілігінің ерекшілігін зерттеу;
- Жасөспірім жасындағы оқушылардың аргрессивтілігін түзету жұмысының мүмкіншіліктері және ерекшіліктері.
- Алынған мәліметтер негізінде жасөспірім жасындағы агрессиялық белгісі бар жасөспірімдермен түзету және кеңес беру жұмыстарын өңдеу;
- Сыналушылардың бақылау тобында қолданған әдістеменің нәтижелілігін бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет