Реферат Тақырыбы: Жасушалар мен ұлпаларды зерттеу әдістері



бет3/3
Дата11.09.2023
өлшемі46.93 Kb.
#477098
түріРеферат
1   2   3
жасушалар мен ұлпаларды зерттеу әдістері

Қорытынды
Жасушалар мен ұлпалардың қазіргі заманғы зерттеу әдістері
Цитологиялық әдістерді оптикалық, цитофизикалық, ультрақұрылымды зерттеу, цитохимиялық, гистохимиялық және т.б. әдістерге топтастыруға болады. Жасуша органоидтарының құрылысы, ультрақұрылымы мен функциясы жарық және электронды, қараңғы өрісті, фазалы-контрасты, поляризациялы, люминесцентті микроскопия және тағы басқа әдістер арқылы зерттеледі. Жарық және электронды, қараңғы өрісті, фазалы-контрасты, поляризациялы, люминесцентті микроскопия әдістері фиксацияланған жасушалардың құрылысы мен ультрақұрылымын зерттеуге қолданылатын болса, дифференциалды центрифугалаудың көмегімен алынған жеке органоидтар цитохимиялық, биохимиялық, биофизикалық және т.б. әдістермен зерттеледі.
Жануарлар жасушалары мен ұлпаларын зерттеу үшін жасуша өсінділері (культуралары) әдісі пайдаланылады. Кейбір ұлпаларды жеке-жеке жасушаларға бөлгеннен кейін, жекеленген жасушалар өз тіршіліктерін жалғастырады, тіпті көбею қасиетін жоғалтпайды. Тірі жасушаларды бақылау көбінесе фотосуреттерге түсіру арқылы тіркеледі.
Дегенмен жасушаның құрылымы мен қызметі туралы мәліметтер фиксацияланған жасушалардан көбірек алынады. Фиксацияның мәні – жасушаларды өлтіру, жасушаішілік ферменттердің белсенділігін тоқтату, жасуша компоненттерінің ыдырауын тоқтату, сондай-ақ, құрылымдар мен заттарды жоғалтпау, тірі жасушаларға тән емес құрылымдардың пайда болуына жол бермеу. Фиксаторлар ретінде альдегидтер, олардың басқа заттармен қосындысы, спирттер, сулема, осмийдің төрт тотығы қолданылады. Цитологияда түрлі биохимияның аналитикалық және препаративті тәсілдері пайдаланылады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Электронный источник- https://ru.wikipedia.org/
2. Электронный источник- https://www.google.ru/search
3. Альбертс, Б. А. Жасушаның молекулалық биологиясы / Б. А. Альбертс. - М.: Әлем, 1987. – 268 Б.
4.Дюв, К.Д. Тірі жасуша әлеміне саяхат / КДюв. - М.: Әлем, 1987. – 245 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет