Бос уақытын ұйымдастыру- бұл белсенді қарым-қатынас процесі, балалардың қарым-қатынас жасауға, зияткерлік және дене жағынан дамуына, мінез-құлқын қалыптастыруға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру-баланың лагерде болған кезеңінде бірыңғай өмір сүру процесі құрауыштарының бірі болып саналады. Оның негізі әртүрлі қоғамдық маңызды рөлдер мен жағдайларды еркін таңдап алудан тұрады, рухани-адамгершілік қарым-қатынас үшін жағдай жасалады, мінез-құлық нормасы этикет, толеранттық ережелерін бекіту жүзеге асырылады. Бала еңбекте және оқуда жүзеге асыра алмаған өзінің дене және рухани қабілеттері мен бейімділіктерін бос уақытында ашып көрсетеді.
Концертке, спорт жарыстарына, қойылымдарға бару, қыдыруға, саяхатқа шығу да баланың көңіл көтеріне ықпал жасайды. Демалыс белгілі бір шамада балаларды күнделікті шаруаларынан босатады, оларға эмоциялық көңіл күймен өз сезімдерін ашып көрсету мүмкіндігін береді.Өздігінен білім алу балаларды мәдени құндылықтарға тәрбиелейді.Өздігінен білім алуға экскурсиялар, пікірталастар, іскерлік ойындар жатады.
Лагердегі тәрбие жұмысының маңызды бағыты-балаларды қызығушылығы бойынша шағын топтарға біріктіретін үйірмелік әрекет. Лагердегі үйірмелерді ұйымдастыру вариативті сипатта болады, яғни әрбір ауысым кезеңінде мектеп мұғалімдерінің басшылығымен тұрақты үйірмелер жұмыс жасайды. Үйірмелерде жұмыс жасау балаларды бірлескен шығармашылық арқылы дамытады. Бұл кезде мінез-құлық нормасы мен этикет ережелерін бекіту, жаңа пәндермен және құбылыстармен танысу, табиғатқа қамқорлық жасау, еңбексүйгіштікке баулу жүзеге асырылады. Балалардың қызығушылығын неғұрлым пайдалы жүзеге асыруға жағдай жасалады.
Жазғы лагерь жұмысынан біз қандай нәтиже күтеміз?
1. Тәрбиеленушілерді жалпы сауықтыру, олардың денсаулығын нығайту.
2. Балалар мен жасөспірімдердің дене және психологиялық күштерін нығайту, лидерлік және ұйымдастырушылық сапаларын дамыту,жаңа білім беру, шығармашылық қабілеттіліктерін, дербестігін және өнерлерін дамыту.
3. Ауысым тәрбиеленушілерінің жеке басының және топтық шығармашылық және еңбек әрекеттерінің,әлеуметтік белсенділіктерінің біліктері мен дағдыларын алуы.
4. Коммуникативтік қабілеттері мен толеранттығын дамыту.
5. Балаларды әлеуметтік маңызы бар істерге тарту арқылы олардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
6.Үйірмелерде жұмыс жасау жолымен жаңа білімдер мен біліктер алу (ән, ойындар үйрену,жобалар жасау)
7.Балалардың ой-өрісін кеңейту.
8.Оқушылардың жалпы мәдениетін арттыру, оларды әлеуметтік-адамгершілік нормаларына баулу.
9.Ауысым тәрбиеленушілерінің жеке басының өсуі.
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыруды жетілдіруде көптеген түйінді мәселелердің шешімін табу қажет.
Өкінішке қарай, біз көп нәрсені ұсақ-түйек санаймыз. Ал тереңірек ойлап қарасақ, жазғы лагерьлер – тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы да. Мәселен, балалар онда жай демалып қана қоймай, әрі денсаулығын түзейді, әрі қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделеді. Туған жерінің орман-тауын, өзен-көлін, даласын көріп-білу және оның күллі сұлулығын сезіну әрбір баланың бойында туған табиғатын аялай сүю, қорғау сезімдерін оятып, ұлттық сананың қалыптасуына алғышарт болады. Айналып келгенде, балаға бүгінгі жасалатын қамқорлық елдің ертеңін ойлау мақсатынан туындайтыны түсінікті жайт.
Балалардың жазғы демалысын өз дәрежесінде ұйымдастыру үшін мынандай шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Атап айтқанда, ең әуелі, балалар мен жасөспірімдердің жаз мезгіліндегі демалысын өткізу, денсаулығын түзеу, еңбекпен қамту мәселелерін үйлестіріп және қадағалап отыратын мемлекеттік органды анықтау; балалардың демалысын ұйымдастыруға әртүрлі діни конфессия өкілдерінің араласу жағдайлары да кезігіп жүргендіктен, қала сыртындағы лагерьлерді міндетті түрде лицензиялау мәселесін назарға алу; білікті кадрлар, оның ішінде психолог-педагогтық, физкультуралық-спорттық, медициналық мамандарды дайындау тәжірибесін жаңғырту, лагерь жағдайында балалармен жұмыс істейтін аға және топ жетекшілері жүйесін қалпына келтіру, ішкі туризм бойынша балалардың тарихи орындарға экскурсиялық жорықтарын, саяхаттарын ұйымдастыру шараларын реттеу. Осы жайттарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың емдеу-сауықтыру тұрғысындағы демалысы мен жасөспірімдерді жазғы еңбек тоқсанына тарту жүйесін дамыту арқылы өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсарту.
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыруды жетілдіру, жазғы кезеңде оқушыларды сауықтыру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа тұрғыларын дайындау, балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыру және жұмыспен қамтылуын дайындау және ұйымдастыру бойынша барлық деңгейде комиссиялар құру, сондай-ақ балалар лагерьлерін пайдалануға қабылдау дайындығы, барлық қала сыртындағы лагерьлер мен демалыс аймақтарын есепке алу, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялармен қамту, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мемлекеттік қолдауға мұқтаж көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасының балаларын, өмірдің қиын жағдайында қалған “тәуекел” топтың балаларын, экологиялық жайсыз аудандарда тұратын балаларды, мүгедек балаларды және дамудағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жазғы кезеңде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін жолдамамен қамтамасыз ету, еңбек заңдарына сәйкес жазғы каникул кезінде уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жасөспірімдерді жұмыспен қамту қажет;
Сауықтыру лагерьлеріне аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылары балаларының қолжетімділігі проблемалық мәселе болып отыр – республика бойынша жазғы балалар лагерьлеріне жолдаманың қымбаттығы салдарынан, балалардың санаулы тобы ғана болмаса, көпшілігі лагерьлерде демалу мүмкіндігіне ие бола алмай отырғандығын басып айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |