Реферат Тақырыбы: Кәсіп туралы түсінік. Кәсіпорын және оның экономикадағы рөлі Кәсіпорын түрлері



бет3/4
Дата17.02.2024
өлшемі31.66 Kb.
#492209
түріРеферат
1   2   3   4
реферат кәсіпкерлік қызмет (копия) (копия)

Венчурлық кәсіпорын ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстарыжәне мемлекеттік қосалқы келісім-шарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын. Еншілес кәсіпорын – заңды тұлға құқығы бар, бірақ акцияларының пакеті не жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын. Жалгерлік кәсіпорын – кәсіпкерлік қызметті жалға алынған мүліктік кешен негізінде жүзеге асыратын шаруашылық бірлік]]. Жалгерлік кәсіпорын тіркелген сәттен бастап заңды ұйым құқығына ие болады. Ол жалға берушіге жалға алынған мүліктің құнынан есептелетін пайыз немесе тұрақты сома түрінде жалгерлік төлем төлейді. Салықтар мен бюджетке басқа да төлемдер төленгеннен кейін шаруашылық қызметтен алынған пайданы дербес иемденеді.Жекеше кәсіпорын – азамат, соның ішінде шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Оның жеке кәсіпкерліктен айырмашылығы сол: мұнда заңды тұлға белгілері болады. Оны меншік иесі басқарады не ол уәкілдік берген органдар басқарады. Меншік иесі жекеше кәсіпорынның басқарушысы болуға құқылы немесе басқару үшін басқа біреуді тағайындауы, оны келісім-шарт бойынша жалдауы мүмкін. Жарғылық қорды құра отырып, меншік иесі мүлікті немесе қаражатты кәсіпорынға береді және оны басқару органдарының өкілеттіктеріншектеу жолымен бақылауға құқылы. Ол таза пайдадан өз пайдасына аударым(дивиденд) мөлшерін дербес белгілей алады. Коммерциялық кәсіпорын – заңды тұлға құқығы берілген, өзін-өзі қаржыландыру жағдайында коммерциялық қызметпен айналысатын және барынша көп пайда алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі. Концессиялық кәсіпорын – мемлекетке немесе муниципалитеткетиесілі табиғат байлықтарын, кәсіпорындар мен басқа шаруашылық субъектілерін жекеше кәсіпкерлерге немесе шетелдік фирмаларға белгілі бір мерзімге пайдалануға беру туралы шарт негізінде құрылған кәсіпорын. Корпоративтік кәсіпорын – меншігі үлеспұлдарға бөлінген тәуелсіз заңды субъектілер ретінде өмір сүретін кәсіпорын. Кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік нысаны басым нысан болып табылады және ірі бірлестіктер құрудың, халықаралық сауданы дамытудың қазіргі беталысына сай келеді. Негізгі артықшылықтары – шектеулі жауапкершілікжәне қосымша капитал тартуға үлкен мүмкіндігінің барлығы. Көлік кәсіпорыны– жеке және заңды тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңды тұлға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет