Реферат тақырыбы: Қожа Ахмет Яссауи ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын



бет1/5
Дата06.12.2023
өлшемі42.25 Kb.
#485643
түріРеферат
  1   2   3   4   5
мербол


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Тарих,экономика және құқық факультеті
«Қазақстан Республикасының тарихы » БББ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қожа Ахмет Яссауи – ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын.




Орындаған: Истр-21 топ студенті Иргалиев М.
Тексерген: Мухангалиева Ж.К.


Орал 2023 ж


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................... 3
1.ИСЛАМ ДІНІНІҢ СОПЫЛЫҚ БАҒЫТЫ ДАМЫТУШЫСЫ…………………………………………………5
1.1 Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны…………………………….5
1.2 Қ.А Яссауидің діни ілімі……………………………………7
1.3 Яссауидің “Диуани Хикмет” еңбегі………………………11
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................14


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………..15


КІРІСПЕ
Мұсылман əлемі — шексіз əлем. Ал Ислам діні — ғаламшарға тамырын терең жайған көшбасшы діннің бірі. Ислам мен мұсылман əлемінің ұстанымы лаңкестікпен де, экстремизммен де, фундаментализммен де үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. Мұсылмандардың киелі кітабы — Құранда жамандықты уағыздайтын сүре немесе аят мүлде кездеспейді.
Құранның 60-сүресінің 8-аятындағы: «Алла дініңе қарсы соғыс ашпаған, баспанаңнан айырмаған адамдарға қайырымды болуға тыйым салмайды. Алла əділетті пенделерді сүйеді», — деген мəнді сөздер ислам дінінің нағыз толерантты дін екенінің нақты дəлелі. Ең бастысы, Алладан Құран түскеннен бері он төрт ғасырдан астам уақыт өтсе де, киелі кітаптағы 114 сүре мен 6346 аяттың бір əрпі де өзгеріске ұшыраған емес. Олар еш уақытта бұрмаланған да емес.
Тақырыптың өзектілігі.Ислам мəдениетінің казақ жеріндегі ірі ошағы — Сыр бойы, Сығанақ, Отырар, Сайрам, Түркістан (Ясы) қалалары болды. Осы өңірден əл Фараби, Ахмет Ясауи, Ахмет Жүйнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ғалымдар мен ақындар, Ақсақ Темірдей атағы əлемге жайылған əскербасылары шықты.
Қожа Ахмет Ясауи — ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі.
Орта ғасырда Ясауи оқуының пайда болуына бұрын дəуірлеп келген араб халифатының күйреуі мен əлсіреуі негізгі себеп болса керек. X–ХII ғасырларда ұлы араб халифатының батыс бетін Еуропа əмірлері билеп, шығыс бетін қытай, парсы, түрік билеушілері, кейін монғолдар өз ықпалына алады. Қарахан мемлекеті кезінде дəуірлеп келген мұсылманшылдық идея енді біраз əлсірей бастады. Оның болашағы тұйыққа тіреліп, мистика сарыны күшейе түседі. Бұрыннан айтысып келген діни ағымдар енді ашық тартысқа шығады. Осы бір дəуірдің қоғамдық санасының жемісі ретінде Қожа Ахмет Ясауи оқуы пайда болады [1].
Оның 90 мыңдай шəкірт — мүриттері болған. Олар ұстазының ілімін Орта Азияға таратып əкеткен. XIII–XV ғасырлар арасында Ясауи ілімі Хорезм, Мəуренаһр, Анадолыға дейін жеткен. Түрік жұртында Ясауиді құрметтеп, пір тұтқаны соншалық: «Мəдинада — Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет», — деген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет