Реферат тақырыбы: «Онтогенез генетикасы»



бет1/2
Дата26.09.2023
өлшемі29.09 Kb.
#478541
түріРеферат
  1   2
5 апта Онтогенез генетикасы


С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Онтогенез генетикасы»

Орындаған: Нұржанов Жәнібек


Қабылдаған: Нұргүлсім Қастер
Астана 2022


Мазмұны
Онтоногенез………………………………………………………….....3
Реттелу кезеңдері………………………………………………………3
Гаструла………………………………………………………………...6
Нейрула…………………………………………………………………6


Онтогонез (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын клетканың ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір клеткасындағы ядро мен цитоплазманыңәсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі клеткалары мен клетка кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.
Реттелу кезеңдері
Жануарларда Онтогенез процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың Онтогенезінде мынадай кезеңдер бар: ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен ұрықтанудан тұрады); эмбрионалдық кезең – жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі; постэмбрионалдық кезең – жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады. Жануарлар Онтогенезінің: дернәсілдік, жұмыртқа салу және құрсақтық типтері бар

Жоғары сатылы өсімдіктердің Онтогенезі төрт сатыдан тұрады: эмбрионалдық, ювенилдік, толықсып көбею және қартайып, тіршілігін тоқтату. Онтогенез барысында өсімдік клеткаларының, ұлпалары мен органдарының құрылымдық және функционалдық жетілуі жүріп, әр түрлі бөліктерінің арасындағы байланыстар күрделілене түсіп, өсімдік организмі біртұтас жүйе ретінде қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырайды. Онтогенез сатыларының ретімен жүруін фитогормондар және өсімдік органдарының арасында толассыз жүріп жататын метаболиттер алмасу механизмі қамтамасыз етеді. 


Онтогенез дегеніміз өсімдіктің зиготадан бастап табиғи жолмен қурап өлгенге дейінгі аралықтағы дербес дамуы. Онтогенез үш кезеңнен тұрады: ұрыққа дейінгі (проэмбрио-нальды), ұрықтық (эмбриональды), ұрықтан кейінгі (постэм-бриональды). 
Тұқымды өсімдіктерде онтогенез әдетте тұқымның өсе бастаған кезінен бастап, өсімдік толық өліп қурағанға дейінгі аралықта байқалады. 
Онтогенездің ұзақтығы өсімдіктердің әртүрлі систематикалық топтарыңда бірдей болмайды: бактерияларда ол оншақты минутқа, ал секвойяларда мыңдаған жылдарға созылады.Онтогенезде вегетативті органдардың өсуі мен дән байлауьшың ара қатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Бүткіл өмірінде бірақ рет дән байлайтын монокарпты өсімдіктер мен бірге бірнеше рет дән байлайтын — поликарпты өсімдіктер де болады. Монокарпты өсімдіктерге бір жылдық, өмірінің екінші жылында ғана гүлдейтін екі жылдық шөптесін өсімдіктер (сәбіз, қызылша) және тіптен вегетативтік органдары бірнеше жыл өсіп, үлкен мөлшерге жеткеннен соң барып гүлдейтін көп жылдық өсімдіктер жатады (агавалар мен бамбуктер). Монокарпты өсімдіктер гүлдеп болған соң өледі. Поликарпты өсімдіктерге жыл сайын гүлдеп дән байлайтын, көп жылдық өсімдіктер жатады. Өсімдіктердің бұл тобының вегетативтік органдары жыл сайын өсіп отырады. 
Онтогенездің барысыңда өсімдіктер жүйелі түрде белгілі бір фазалардан өтеді. Өсімдіктердің әртүрлі топтарында бұл фазалар әртүрлі болуы мүмкін, сол топқа ғана тән болуы мүмкін. Мысалы, бір жылдық қос жарнақтыларда мынадай фазаларды белгілейді: дәннің өсуі, өскіннің пайда болуы, нағыз жапырақтың алғашқы жұбының түзілуі, өркеннің пайда болуы, бітеу гүлдің (бутон) түзілуі, гүлдеуі, дән байлауы, ал бір жылдық астық тұқымдастарында -тұқымның өсуі, өскіннің пайда болуы, түптенуі, түтіктің түзілуі, бас байлауы, гүлдеуі, дөннің толысуы және дәннің пісуі. Жыныссыз көбейгенде онтогенез аналық организмнің бөлінуінен немесе маманданған клетканың пайда болуынан немесе клеткалардың тобының түзілуінен (мысалы, өнім бүршіктері) басталады. Олардан жаңа организмнің бастамасы (зачаток) пайда болады. 
Себілетін өсімдіктер үшін, онтогенезде олардың жеклеген органдарының пайда болуының заңдылықтары мен қалыптасуының мезгілін білудің маңызы үлкен. Ф.М.Куперман мен оның ғылыми қызметкерлері өсімдіктердің жекелеген органдарының пайда болуы мен қалыптасуының жүйелілігін және қарқындылығын, басқаша айтқанда оргоногенездің кезеңдерін фундаменталдық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, оларды бақылаудың тәсілдерін жолға қойған. Осы тәсілді пайдалана отырып, агроном астықтың түсімінің қалыптасуы туралы мәліметтер алады және оргоногенездің қарқыңдылығын жеделдетуге немесе тежеуге қажетті шешім қабылдауға мүмкіндік алады.Ұрықтанғаннан кейінгі жасушаны зигота деп атайтындығы баршамызға белгілі. Ағзаның жеке дамуы немесе-онтогенез ұрықтанудың соңынан жүретін күрделі әрекет.
Онтагенез екі кезңнен тұрады: эмбриордық (ұрықтану) даму және постэмбриондық даму , яғни ағзаның жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан кейінгім кезеңі.
Бөлшектіудің нәтижесінде бір қабаты ұрық - бластуланың түзілуі.
Сары уызы мол жұмыртқа жасушаларының тек цитоплазманың ядро орналасқан үстіңгі жақбөлігі ғана бөлшектенеді, ал сары уызы бөлшектенбейді. Сары уызы аз жұмыртқа жасушалары толық бөлшектенеді, оны қандауыршаның жұмыртқа жасушалары мысалында қарастырыйық. Зигота митоз жолымен бөліне отырып, бірінен соңбірі үлкендіктері бірдей бөлшектерге айналады- осы әрекетібөлшектену деп атайды.
Ұрықтанған жасуша, яғни зигота көріп отырғандай әуелібойлай бөлініп төрт жасуша түзіледі. Бұдан кейінгі бөлінукөлденең бағыттажүріп сегізжасуша қалыптасады. Одан әрі бойлай бөліну мен көлденең бөлінукезектесіп,16, 32, 64, 128, т. б. блостомерлергеайналады. Осындай митоз жолымен бөлінудің нәтижесінде пайда болған бөлшектерді бластомерлердеп атайды.
Алғашқы блостомерлердің санының өсуі геометриялық прогрессияға сай келеді.
Бөлшектену жедел жүретін болғандықтан, бластомерлер өспейді, керісінше олардыңкөлемі кішірейе түседі. Бөлшектенудің нәтижесіндепайда болған жасушалардан іші қуыс шар түзіледі.
Бұл бір қабатты ұрық - бластуланың қалыптасқандығын көрсетеді. Сонымен бөлшектену кезеңі шар тәрізді бластуланың қалыптасуымен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет