Реферат тақырыбы: Орындаған: Жұмалиева Жансая Тексерген: Кожашева Гульнар Оналбаевна Талдықорған, 2023 жыл



Дата11.11.2023
өлшемі65.97 Kb.
#482970
түріРеферат
сандар теориясы сро-2


Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Орындаған: Жұмалиева Жансая
Тексерген: Кожашева Гульнар Оналбаевна

Талдықорған, 2023 жыл



Кэрролдың жай сандары
Өмірі мен шығармашылығы
Льюис Кэрролл (1832 жылдың 27 қаңтарында дүниеге келген — 1898 жылдың 14 қаңтарында дүниеден өткен) — ағылшын жазушысы, математик, логика маманы, философ, диакон и фотограф. Ең танымал шығармасы — «Ғажайыптар еліндегі Алиса» және «Айна артындағы Алиса». Сонымен қатар «Охота на Снарка» әзіл-оспақ поэмасы да танымал.1832 жылы 27 қаңтарда Чешир графствосы, Дарсбери ауылының приходтық үйінің дін қызметкері отбасында дүниеге келген. Үйде барлығы 7 қыз, 4 ұл болған. Үйінде оқып, өзін ақылды және зерек ретінде көрсеткен. Солақай болған. Он екінші жасында Ричмондқа жақын жеке мектепке оқуға түскен. Оған ол жер ұнаған. Бірақ 1845 жылы оған Рагби мектебіне түсуге тура келді. 1851 жылдың басында Оксфордқа көшіп, Оксфорд университетінің аристократтық колледждерінің бірі Крайст-Чёрчке түседі. Өте жақсы оқымағанымен математикалық қабілетінің арқасында бакалаво дәрежесін алғаннан кейін Крайст-Чёрчтегі математикалық дәріс оқу байқауын жеңіп алады. Ол бұл дәрісті 26 жыл бойы оқып, оны жалықтырса да оған біршама табыс алып келді.Ол жазушылық мансабын колледжде оқып жүріп бастады. Әртүрлі журналдарға Льюис Кэрролл лақап атымен шығарып, өлеңдер мен қысқа әңгімелер жазады. «Льюис Кэрролл» лақап атымен автордың шын есімі «Чарльз Латвидж» болған, яғни «Карл» және «Людовик» есіміне байланысты; Доджсон сәйкес келетін ағылшындық басқа есімді таңдап оны орындарымен ауыстырған. Бірте-бірте танымал болады. 1854 жылдан бастап оның жұмысы «Комик таймс» (ағыл. The Comic Times), «Трейн» (ағыл. The Train) ағылшындық баспаларында орын алды.1856 жылы колледжге жаңа декан ж. Генри Лиддел (ағыл. Henry Liddell) келді. Ол әйелі мен бес баласы және оның ішінде 4 жасар қызы Алиса бар.1864 жылы «Ғажайыптар еліндегі Алиса» шығармасын жазған.Ол жеке өз атымен математика бойынша көптеген ғылыми еңбектер жазады. Оның қызығушылықтарының бірі фотография.1898 жылдың 14 қаңтары Гилфордта, Суррей графствосында дүниеден өткен. Сонда ағасы және әпкесімен бірге жерленген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет