Талапбаева Гульнар Едиловна



Дата17.07.2016
өлшемі40 Kb.
#206238
Талапбаева Гульнар Едиловна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к

Сексенбаева Ақтолқын Олжабайқызы

«Экономика» мамандығының магистранты
Кәсіпорынның сыртқы рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мемлекеттік қолдау
Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі біртіндеп жоғарылауда. Дегенмен, дайын өнімдер негізінен ішкі рынокта бәсекеге қабілетті, ал сыртқы рынокта минералдық ресурстар мен жоғарыда келтірілгендей дайын өнімдердің кейбір позициялары ғана бәсекеге қабілетті екендігін айту керек. Сондықтан, қазір Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы бәсекеге қабілеттілігі туралы сұрақ күн тәртібінде тұр. Елдің бәсекеге қабілеттілік сұрақтарын қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің сыртқы сауда саясатының маңызды мақсаты болып табылатын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру немесе экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Ал, мемлекет сыртқы сауда саясатындағы осы мақсатқа тиімді бәсекелестік ортаны құру және ішкі рынокты бәсекелестіктен қорғауды қамтамасыз ету міндетін шешу арқылы қол жеткізуге мүмкіндік алатындығын алдыңғы бөлімдерде айтқан болатынбыз.

Бәсекелестік ортаны құру үшін ең алдымен ішкі рынокта сол ортада жұмыс істейтін кәсіпорындар болуы қажет. Ал, ол кәсіпорындардың (біздің жағдайымызда өңдеуші саланың) болуы үшін мемлекет ішкі рынокты шетелдік бәсекелестерден қорғауы, олардың дамуына ықпал етуі керек, сөйтіп, қажетті деңгейде олардың салыстырмалы бәсекеге қабілетті болуы үшін. Бұл жағдайда отандық өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қажетті қорғау рынокты толықтай жауып тастамауы тиіс. Ынталандырушы бәсекелестік мемлекеттің ішкі рыногында да, сыртқы сауда қызметінде де болуы керек. Ел ішінде бәсекелестік ортаның қалыптасуы және онда отандық кәсіпорындардың қызмет етуінің бүтіндей мемлекет үшін оң салдары жеткілікті, атап айтсақ, экономикалық өсімді, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді және т.б. Ал, әлеуметтік тұрақтылық, яғни елдегі халықтың тұрмыс-жағдайының жоғарылауы кез келген ел экономикасындағы түрлі реформалардың жүргізілуінің басты мақсаты болып табылады, соның ішінде Қазақстанның да. Сондықтан, мемлекет өз реттеу нысандары мен әдістерін ел кәсіпорындарының бәсекелестік жағдайда өз ұстанымдарын сақтайтындай бәсекеге қабілеттілік жағдайда болуына бейімдеуі керек. “Бәсекелестік бәсекелестерсіз болмайтын сияқты, бәсекелестік те егер бәсекелестерге мақсаты олардың рыноктағы үлесін көбейту болып табылатын әрекеттер жасау тыйым салынса мүмкін емес” [1]. Осыған орай әрбір кәсіпорынның рынокта қызмет етуіне де мүмкіндігінше мол еркіндік беру қажет. Олар ішкі және әлемдік рыноктағы бәсекелестікке төтеп беру үшін келесідей бағыттарда барлық өз күш-жігерін, идеясын, тапқырлығын, белсенділігін жұмылдыруы қажет:



  1. тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын мейлінше жоғары сападағы тауарларды ұсынуға талпыну;

  2. масштаб есебінен немесе өндірістің басқа тиімді тәсілдерін қолданып, шығындарды үнемдеу арқылы төмен бағада тауар ұсыну;

  3. сатып алушыны тауарды сатып алуға ынталандыратын жоғары деңгейдегі сервисті ұйымдастыру;

  4. рынок жағдайындағы түрлі өзгерістерді жылдам сезіну және мүмкіндігінше тез арада өнімді өндіру мен өткізу шарттарын сол өзгерістерге сәйкес бейімдеу;

  5. бәсекелестерді, жеткізушілерді, сатып алушыларды, бір сөзбен айтқанда нарық конъюнктурасын, және оның барлық құрамдастарын үнемі бақылау;

  6. ҒТП-тің озық жетістіктерін қадағалау және оларды пайдалану;

  7. персонал біліктілігін жетілдіруге мән беру;

  8. ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруға және оның нәтижелерін өндіріске енгізуге көңіл бөлу;

  9. бағалық және бағалық емес бәсекелестік тәсілдерін пайдалану және т.б.

Бұған қоса, мынаны да ұмытпағанымыз жөн: «Қазақстанның әлемнің 30 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіруі еңбектің, өндірістің жоғары мәдениетін талап етеді. Бұл қоғамдық өндірістің маңызды көрсеткіштерінің бірі еңбек сапасына, шығарылатын еңбек өнімінің сапасына негізделеді. Еңбек өнімінің сапасы тек өндіріс техникасы мен технологиясынан ғана емес, сонымен бірге, тұтынушылардың жаңаша көруі мен көзқарастарынан тәуелді үнемі өзгеретін түсінік. Егер бұрын тұтынушылар үшін сапа түсінігі сенімділік түсінігімен, қызметтің неғұрлым үлкен мерзімі және басқа ұқсас көрсеткіштермен ассоцацияланатын болса, жаңа жағдайларда сапа түсінігіне эстетикалық, психологиялық ұлтық-этикалық және басқа түсініктер неғұрлым көп кіреді» [2, 8 б.]. «Қазіргі жағдайда тауарлар мен қызметтер экспортын кеңейту ұлттық өндірушілердің сыртқы рыноктардағы ұстанымдарын күшейту, тіпті егер шетелдік тұтынушы үшін тауарлар мен қызметтер бәсекеге қабілетті болса да, мемлекеттік қаржылық және басқа қолдауынсыз қамтамасыз ету өте қиын». Сондықтан, мемлекет кәсіпорындардың көрсетілген бағыттарды жүзеге асыруына барынша қолдау көрсетуі тиіс. Мысалы, “тіпті, АҚШ-та, жақсы табиғи жағдайға ие және “еркін сауда” принципінің басты идеологы деп есептелетін елде ауылшаруашылығын мемлекеттік реттеу схемасы келесідей бағыттарда жүргізіледі:

  • ауылшаруашылығы өндірісін тікелей мемлекеттік субсидиялау;

  • ауылшаруашылығы өндірушілеріне жеңілдікпен несиелер беретін арнайы мемлекеттік несие институттарын құру;

  • ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын реттеу;

  • фермерлердің табыстарын тұрақтандыру;

  • ауылшаруашылығы ғылымын субсидиялау және оның жетістіктерін тәжірибеге енгізу;

  • ел ішінде ауылшаруашылығы өнімдеріне сұранымды реттеу және қалыптастыру;

  • экспортқа ықпал ету”.

Ұлттық экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесін қарастырайық. Мемлекеттік реттеумен қамтылатын экономикалық мәселелер облысы көптеген өнеркәсібі дамыған және дамушы елдерде соңғы жылдары кеңею үрдісіне ие. Олардың ішінде маңыздылары қатарына келесілерді жатқызуға болады:

  • ғылыми техникалық зерттеудің дамуын және өндірістік аппаратты модернизациялауды белсенді ету;

  • экономиканың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру жолымен өндіруші күштер мен өндіріс технологиясын жаңғыртуды ынталандыру;

  • өндірістің шоғырлануы мен мамандануын мадақтау;

  • инвестициялық немесе тұтынушылық сұранымға әсер ету жолымен іскерлік белсенділікті ынталандыру немесе керісінше, тежеу.

Мемлекеттің ерекше назар салу сферасы экспорттық әлеуетті дамыту мен ұлттық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру облысы болып табылады. Экспорттық әлеуеттің қалыптасуы мен дамуына тікелей қатысы бар негізгі мемлекеттік шаралар сұраным мен ұсынымды реттеу арқылы ұлттық экономиканың дамуына ықпал ету, сонымен бірге, ұлттық рынокты шетелдік бәсекелестіктен қорғау және ұлттық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шараларды қоса, оларды сыртқы рыноктарда қолдау облысында шоғырланады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Антончева С. Единство стандартов – залог качества. Интервью с Габитом Мухамбетовым (председатель Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли РК) // Казахстанская правда. – 2005. – 11 ноября.



2. Жатканбаев Е.Б. Конкурентоспособность страны и экономический рост // Формирование конкурентоспособности Казахстана: теория и практика / Под ред. Е.Б. Жатканбаева, К.И. Байзаковой – Алматы, 2006. – 201 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет