Алтынемел табиғи ұлттық паркі 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Ауданы 212,1 мың га. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр және т.б.) сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.
Көкшетау паркі 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 135,8 мың га. Мұнда аңның 305 түрі, құстың 223, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.
Бүгінгі күнгі күрес қазіргіден де нәтижелі бола түсуі үшін мынадай ұсыныстарым бар:
1) Ормандардағы күрес үшін мемлекеттік бюджеттен тұрақты түрде қомақты қаражат бөлінсе,және оның өз орнына дұрыс жұмсалып жатқанын қатаң қадағалап отыратын тәуелсіз ұйым қүрылса.
2) Өзге мемлекеттердің аталмыш саладағы кәсіпкерлерімен жүйелі түрде тәжірибе алмастырылып,жаңа заман технологияларының озық түрлерін қысқа мерзім ішінде қолданысқа енгізсе.
3) Орман,оның пайдасы туралы;зиянкес жәндіктер мен олардан келетін зардаптар туралы ,олармен жай адам жүргізе алатын күрес шаралары туралы қарапайым халықты үнемі хабардар етіп отырса.Сонымен қатар орман парктеріне жалпылама түсінік беріп өттім,Ұлттық парк ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.көбейту және оның өнімділігін арттыру – ғылыми негізде дайындалған арнайы шаралар арқылы шешіліп жатыр. Бұл проблемманы шешудегі жетістікте орман шаруашылығын жүргізу ережелерін терең және мықты түсінуге де байланысты.
Орман және орман-парк шаруашылығы– экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады. Қазақстанда Орман шаруашылығы жұмыстарын Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылық комитеті басқарады. Оның құрылымында 9 мемлекеттік табиғи қорық; 6 мемлекеттік ұлттық саябақ; орман шаруашылығы және биоресурстар жөніндегі 14 облыстық аймақтық басқарма бар. Олардың қарамағында орман және жеке жабайы табиғатты қорғау жөніндегі 138 мемлекеттік ұйым, “Қызыл жиде” республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі, Орман шаруашылығын жобалау жөніндегі Қазақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (“Казгипролесхоз”), “Қазақ орман орналастыру кәсіпорны”, Қазақ орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі авиацилық база, Алматы орман шаруашылығы селекциясының орталығы,“Көкшетау орман шаруашылығы селекциялық орталығы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақ орман шаруашылығы басшылары мен мамандарының біліктілігін көтеру институты,Қазақ республикалық орман тұқымы мекемесі, “Аңшылық зоокәсіпшілік” ӨБ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыс істейді.Бұлардан басқа Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі әкімшілігіне қарасты Бурабай ұлттық саябағы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің меншігінде орман шаруашылығы тәжірибе стансасы бар: 1.Ауыл шаруашылық техникаларын қаржыландыру.2.Арнайы техника мен қайта өңдеу жабдықтарын қаржыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |