3. Қорытынды
Себуге арналған орман тұқымдары арнайы қоймаларда (тұқым қоймаларында), ал олар болмаған кезде - 8-қосымшада көрсетілген жағдайларға сәйкес осыған лайықталған құрғақ үй-жайларда сақталуға тиіс. Орман тұқымдарын сақтайтын үй-жайлар ауа сору-тарту желдеткіштерімен, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасын тіркеуге арналған приборлармен жабдықталуға тиіс. Бұл орайда үй-жай ішіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 %-дан аспауға тиіс. Үй-жай тұқым сақтайтын қажетті ыдыспен және үлгілер сұрыптауға арналған құрал-сайманмен: науалармен, дән құйғыштармен, шелектермен және тағы да басқалармен қамтамасыз етілуге тиіс. Орман тұқымдарының қауіпті зиянкестерімен және ауруларымен күресу үшін олар сақталатын үй-жайлар жылына екі рет газ қолдану әдісімен, аэрозольды және дымқыл (түтін шашкаларымен, фунгицидтер мен инсектицидтер ерітінділермен) әдістермен дезинфекцияланады.Үй-жайлар мен тұқым ыдыстарын дезинфекциялау жұмыстарын орман патологтарының басшылығымен жүргізеді.Тұқымды жабық және ашық күйінде сақтайды.Жабық күйінде тұқымды әртүрлі бітеу жабық ыдыстарда (бөтелкелерде, канистрлерде, бидондарда, контейнерлерде) сақтайды.
ашық күйінде - қаптарда, жәшіктерде және үйілген күйінде сақталады.Тұқымға арналған ыдыстар таза, құрғақ, берік болуға және міндетті түрде дезифекциялануға тиіс.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.МЕМСТ 13056.1-67. Ағаштар мен бұталардыңтұқымдары. Үлгілердііріктеу.
2.МЕМСТ 13056.2-89. Ағаштар мен бұталардыңтұқымдары. Тазалықты анықтау әдістері. – 01.01.91 енгізілді. М.: стандарттарбаспасы, 1990. – 23 б.
3.ГОСТ 13056.8-97. Ағаштар мен бұталардыңтұқымдары. Қатерлілікті анықтау әдісі. 01.01.99 енгізілді. - Минск: стандарттарбаспасы,
4.МЕМСТ13056.10-68.Ағаштарменбұталардыңтұқымдары.Сапа туралы құжаттарды беру ережесі және нысандары. 01.07.69 бастап енгізілген. – М.1987. – 12 б.
5. Родин А. Р. ормандақылдары / А. Р. Родин, Е. А. Калашникова,
Достарыңызбен бөлісу: |