Реферат тақырыбы: сайлау және өкілдік билік орындаған: Тоқтар Н. Тексерген: Мусатаев С. Алматы 2024 ж



бет3/3
Дата25.03.2024
өлшемі237.25 Kb.
#496452
түріРеферат
1   2   3
Реферат титульник (копия)

Қазіргі сайлау жүйесі
Мажоритарлық және пропоционалдық жүйелердің кемшіліктерін жою үшін аралас айлау жүйелері қолданылады. Онда депутаттық мандаттың бәр бөлігі мажоритарлық жүйе принципі арқылы жеңіп алынады, екінші бөлігі партия тізімі бойынша сайлауға байланысты бөлінеді. Ұсақ партиялардың кілдерін шектеу үшін мұндайда төменгі шек қойылады. Мысалы, Германияда 5 пайыздан кем дауыс алған партияның өкілеттігі шектеледі, яғни парламентте орын ала алмайды. Бұл жүйе тұрақты үкімет құруға мүмкіндік береді.
Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы. Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50 пайыз және 1 дауыс) алған талапкер саналады.Мұнша дауысты үміткердің көбі бірінші кезекте ала бермиді. Сондықтан сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі.
Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандатты келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мәселен, мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ, Англия, Франция, Жапонияда дамыған.
Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50 пайыздан артық дауыс алу шарт емес.
Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды.
Мәжіліс 107 депутаттан тұрады, оның 98-і пропорционалды сайлау жүйесі бойынша партиялық тізімдер бойынша, 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы сайланады. Жиырма бес жасқа толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Саяси партиялар Парламенттің төменгі палатасының құрамын сайлаудың барабар жүйесі арқылы (партиялық тізімдер бойынша) қалыптастырады. Бұған дейін елімізде Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы аралас сайлау жүйесі бойынша өткен болатын (67 депутат бір мандатты сайлау округтері бойынша, ал 10 депутат саяси партиялардың тізімдері бойынша сайланған).
Негізгі принцип жалпыға бірдейлік, мүліктік және басқа да сипаттағы шектеулерге қарамастан, он сегіз жасқа толған барлық азаматтардың сайлауға қатысу мүмкіндігі болып табылады (Конституциялық заңның 4-бабы). Сонымен бірге жалпыға бірдейлік принципі тиісті сайланбалы органға сайлану мүмкіндігін білдіреді. Сайлау туралы конституциялық заңның 4-бабы әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға байланысты сайлау құқығын шектеуге жол бермейді. Сайлау құқығын шектеу сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтарға қатысты қолданылады. Олардың сайлауға қатысуға құқығы жоқ және сайланбалы лауазымдарға сайлана алмайды.
Өркениетті, демократиялы қоғамда саяси процеске қатысудың негізгі түріне айлау жүйесі жатады. Сайлау арқылы азаматтар мемлекеттің өкілетті, заң, сот, атқару органдарын қалыптастыруға қатысады. Ол азаматтардың саяси құқығының жүзеге асырылуын білдіреді. Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады., билік бір қолдан екіншілерге бейбіт жолмен беріледі. Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғандығына бақылау жасау мүмкіндігін де береді.
Пропоционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы- ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың (депутаттық орынның) арасындағы пропоционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға дауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде (Ұлыбритания мен Франциядан басқа) кең дамыған. Сайлаудың пропоционалдық жүйесінің кемшілігі- айлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.
Республиканың сайлау заңнамасына 2009 жылы енгізілген маңызды өзгерістердің бірі, тіпті екінші партия заңмен белгіленген 7 пайыздық кедергіден өтпесе де, кемінде екі саяси партияның қатысуымен Парламент Мәжілісін қалыптастыруға мүмкіндік беретін құқықтық тетікті енгізу болып табылады. Бұл тетікті енгізуге 2007 жылы өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс беру нәтижесі бойынша барлық мандаттардың бір партияға берілуі себеп болды, себебі қалған барлық партиялар заңмен белгіленген 7 пайыздық кедергіні еңсере алмады.
Сайлау бостандығы сайлау процесі барысында әрбір азаматтың еркін дауыс беруін тиісті дәрежеде ұйымдастыруға жауапты сайлау органдары лауазымды тұлғаларының қызметімен қамтамасыз етіледі.
Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда реттелген.
Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын айтады. Жалпы алғандасайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді (кандидаттарды) ұсынудың тәртібі, процесі және негізгі принциптері, оны ұйымдастыру, материалдық жағынан қамтамасыз ету, майлаушылармен жұмыс жүргізу және т.б. шаралар кіреді.
Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы занда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Онын 2 түрі бар: 1)белсенді түрі, 2) бәсең түрі. Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Бәсең (енжар) түрі олардың сайлану құқығын қамтиды. Сайлау құқығында солар реттеледі.
Сайлау құқығы принциптері Конституцияға және Республиканың сайлау заңдарына бекітілген.
Сайлау құқығының маңызды бір принципі сайлау бостандығы принципі болып табылады. Конституция азаматтардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына кепілдік береді. Сайлау бостандығы принципі әрбір сайлаушы сайлауға қалай қатысуды өзі шешеді дегенді білдіреді. Ешкімнің де қандай да бір жолмен сайлаушыға ықпал етуге хақысы жоқ. Сонымен қатар барлық кандидаттарға заңға сәйкес сайлау алдыңдағы қызмет үшін тең мүмкіндік беріледі.
Сайлау туралы заңға неғұрлым тұжырымдамалық өзгерістер 2004, 2007 және 2009 жылдары енгізілді. Атап айтқанда, 2004 жылы баламасыз сайлау, алдын ала дауыс беру алынып тасталды; сайлау комиссияларын қалыптастырудың жаңа қағидаты - саяси партиялардың ұсынысы бойынша жергілікті өкілді органдардың сайлауы енгізілді; сайлаушылардың тізімін жасау принципі өзгертілді: сайлаушылар тұрғылықты жерін тіркеуге сәйкес тізімге енгізіледі; кандидаттардың БАҚ-қа тең қол жеткізуіне кепілдіктер енгізілді; отандық және халықаралық бақылаушылардың құқықтары едәуір кеңейтілді және т.б.
Сайлаудың жариялылығы принципі — демократиялық принциптердің бірі, ол сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің ашықтығы мен жариялылығын, сайлаудың барша процесін бұқаралық ақпарат құралдарының жан-жақты көрсетуімен қамтамасыз өтіледі. Сайлау органдарының шешімдері баспасөзде жарияланады, радио-теледидар арқылы хабарланады. Сайлаушылар депутаттыққа кандидаттар туралы, сондай-ақ сайлау процесі туралы ақпараттар алуға хақылы.
Сайлаудың мажоритарлық жүйесі қарапайым және онай сияқты көрінеді. Оның үстіне парламентте көш бастаушы партия тұрақты үкімет қалыптастыра алады. Сондықтан ол жүйе кеңірек тараған. Алайда оның кемшілікетері де бар. Оның ең бастысы – сайлаушылардың қалған 49 пайызының ( ал салыстырмалы көпшілік жүйесінде одан да көп азаматтардың) еркі, ықтияры ескерілмейді.
Сенатты 47 депутат құрайды. Сенаттың он бес депутатын Мемлекет басшысы Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де маңызды мүдделерінің өкілдігін қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып тағайындайды. Сенаттың тағы 32 депутаты әр облыстан, Астана мен Алматы қалаларынан екі адамнан сайланады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланады. Сенат депутаттарын сайлау жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады. Отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын адам Сенат депутаты бола алады.
Сондықтан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның қазіргі заман шындығына сәйкес үнемі жетілдіріліп, түзетіліп отырғаны кездейсоқ емес. Сайлау заңнамасымен бірге сайлау процесі де жақсарады, сайлаушылар мен сайлау процесіне басқа да қатысушылардың құқықтық мәдениеті артады.Соңғы бес жыл еліміз үшін электоральді оқиғаларға толы болды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда ел азаматтары екі референдум науқанына, президент сайлауы бойынша алты науқанға, Парламент Мәжілісі (төменгі палата) сайлауы бойынша бес науқанға, жергілікті өкілді билік органдары (мәслихаттар) бойынша бес науқанға қатысты. Сонымен қатар, 2009 жылдан бастап сайлаушылар жылына екі рет шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлауға қатысады.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда ел азаматтары екі референдум науқанына, президент сайлауы бойынша алты науқанға, Парламент Мәжілісі (төменгі палата) сайлауы бойынша бес науқанға, жергілікті өкілді билік органдары (мәслихаттар) бойынша бес науқанға қатысты. Сонымен қатар, 2009 жылдан бастап сайлаушылар жылына екі рет шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлауға қатысады.
Төте сайлау құқығы принципі Президентті, Парламент Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлаған кезде қолданылады, оларды азаматтар тікелей сайлайды (Сайлау туралы Конституциялық заңның 6-бабы). Жанама сайлау құқығы принципі Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарын сайлаған кезде қолданылады. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы жолымен жүзеге асырылады. Парламент Сенатының депутаттарын таңдаушылар сайлайды. Таңдаушылар тиісті облыстың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті басқару органының (Мәслихаттардың) барлық депутаттары болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет