Реферат Тақырыбы: шарт түсінігі,ТҮрлері курс: 1 Студент : Есімханқызы Зарина Тобы: Юм-20-1к2


Сенімхат – бір тұлғаның (сенім білдіруші) екінші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі



бет9/10
Дата28.05.2024
өлшемі27.27 Kb.
#502022
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Есімханқызы Зарина Шарт түсінігі түрлері

Сенімхат – бір тұлғаның (сенім білдіруші) екінші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі.
Сенімхаттың мынадай түрлері болады: негізгі, арнайы және бір мезгілді. Шекті мерзімі – 3 жыл. Егер сенімхатта жарамды мерзімі көрсетілмесе, онда ол берілген күннен бастап 1 жыл бойына жарамды болып есептеледі, ал егер сенімхатта берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.
ШАРТТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құкықта оларды топтастыруға жол ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі (өзіне тән шарт белгілері).

Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты түсінеміз.

Шарттарды біржақты және көпжақты деп бөлудің тәжірибелік маңызы зор. Азаматтык кодекстің 284-бабында тараптардың өзара міндеттерді орындауы және қарсы талаптары қарастырылған; өз міндетін орындатудан бас тартуға немесе тоқта-туға қарсы талап берген жақтың құқығы бар, оны толықтай не бөлектей жүзеге асыра алады, ал тиісінше орындамаған жағдайда келген залалдың орнын толтыруды талап ете алады.

Шарт ақылы және ақысыз больш бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға құқылы (мысалы, тапсырылған затқа, атқарылған жұмысқа, істелген қызметке ақша алады, тапсырған мүлкінің құнын
алады). Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай, немесе ешнәрсе бермей ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-тің 384-бабының 2-тармағы). Шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне бірнәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Жоғарыда айтқан ақысыз шартқа мысалы, сыйға
беру, мүлікті ақысыз тегін пайдалану, кейбір жағдайда сактау
жатады.

Консенсуалды (келісім) және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген бойда күшіне енеді де әржақтың күқықтары мен міндеттері туындайды (мысалы, сатып алу-сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет