- Престиж қажеттіліктері (құрмет, өзін-өзі сыйлау, статус);
- Әлеуметтік қажеттіліктер (ұжым, жақын қарым-қатынас, достық, махаббат);
- Экзистенциалды қажеттілікте (қауіпсздік, тәуелсіздік, қожайын екенін сезіну);
- Физиологиялық қажеттіліктер (ашығу, шөлдеу, секс, демалу және т.б.).
Шығармашылыққа деген мотивацияның негізгі екі түрі:
Сыртқы қажеттіліктер шығармашылыққа стимул бола алатындығы анық болғанымен, олар соңғы нәтижені бүтіндей шарттай алмайды. Біріншіден сыртқы қажеттілік ішкіге айналуы қажет.
Соған қарамастан шығармашылық әлемі алуан түрлі және оны әр түрлі жақтарынан қарастыруға болады. Шығармашылықпен айналысатын тұлғаға келетін болсақ, бұрыннан бері оның келесі көріністерін келтіретін болған: гениалдылық, талант, қабілеттер. Генийлер шығармашылық қиял мен интуицияны терең меңгерген адамдар болады. Тек қана гений тікелей шындыққа көз жеткізуге қабілетті. И.Канттың жазуы бойынша: «Гений табиғаттың өзі сияқты әрекет етеді… Гений арқылы табиғат адамға өз заңдарын жеткізіп отырады».
Шығармашылықпен белсенді айналысқан 2000 адамның өмірбаянын зерттеу арқылы ғалымдар шығармашыл жеке тұлғаның келесі сапаларынң тізімін беріпті:
- Шындыққа жанаспаса да мақсатты жасқанбай таңдай алу, және оны өз өмірінің басты векторына айналдыру;
- Қойлыған мақсатты жету жолындағы шешілуі қажет проблемаларды көруге деген қабілеттілік;
- Жоспарға сәйкес жұмыс істеуге деген қабілеттілік. Айлық, жылдық, өмірлік жоспарлырдың болуы. Сол жоспарлырдың орындалуын қадағалау.
Жоғары жұмыс өнімділігі:
- Мәселе шеңберіне енетін шығармашылық міндеттерді шешуге бағытталған жақсы техниканың болуы;
- Кез-келген жағдайларда өз идеяларын қорғай алу. Табыссыздықтан қорықпау.
Шығармашылық көп деңгейлі екені анық. Техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық міндеттеріне байланысты шығармашылықтың келесі деңгейлері ажыратылады (Г.А.Альтшуллер бойынша):
- Белгілі әдісті белгілі мәселені шешуге қолдану. Мұнда не берілген мақсат үшін тікелей арналған тәсілдер қолданылады, немесе мәселені шешудің альтернативалық варианттарының біреуі таңдалады.
- Белгілі шешімнің жаңаша қолданылуы немесе шешімі бұрыннан белгілі мәселені берілген аймақта шешуге қолданылмаған тәсіл арқылы шешу.
Ғылым аймағы үшін жаңа мәселе үшін барлық жағынан жаңа шешім табылады. Мұндай шығармашылық алыс келешекке жұмыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |