Реферат тақырыбы: «Шығармашылық пен ғылыми таным өзара байланысы»



бет2/8
Дата29.02.2024
өлшемі33.3 Kb.
#493219
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Шығармашылық пен ғылыми таным өзара байланысы

1 Шығармашылық деген не?

Шығармашылық – жаңа нәрсені жасауға бағытталған іс-әрекет. Адам іс-әрекетінде екі түрлі белсенділік орын алады:



  • қайта жаңғырту (репродуктивті), бұл ес процессімен тығыз байла - нысты — өткен тәжірибені салыстырмалы түрде айнытпай қайталау;

  • шығармашылық – алдынғы тәжірибені негіз ретінде ала отырып жаңа бейнелер, заттар немесе әрекеттер жасау.

Шығармашылық іс-әрекет адамды болашаққа бағытталған, өмір сүріп отырған ортасын өзгерте алатын жан етеді. Шығармашылық – таңдаулы адамдар, даңышпандар мен таланттыларға ғана тиесілі емес, ол адам қиялдап, құрастырып, өзгертіп және жаңа нәрсе жасауға қабілетті жердің барлығында бар болады.
Бізді қоршаған күнделікті өмірде шығармашылық тіршілік етудің қажетті жағдайы болып табылады, әдеттіге айналған заттар шеңберінен кішкене болса да шыққан және аз болса да жаңалығы бар заттың барлығы адамның шығармашылық процессінен туындайды (Л.С.Выготский).
Сонымен шығармашылық дегеніміз – бұл әлемге деген өзіндік бейнелі қатынас. Және бұл қатынас танымдық қатынасқа қарсы келуі мүмкін. Егер де дәстүрлі гносеологияда танушы субъект үшін әлем және жасанды жолмен жасалған болмыс берілген ретінде, ол ешкіммен жасалмаған ретінде қарастырылса, шығармашылық шындықты қабылдайды, мұнда әлем адамның терең қатысымен қайта түзілуге қабілетті. Шығармашылық қатынас үшін бүкіл әлем аяқталмаған, бүтін емес болып қабылданып, осы позициядан субъект өзіне әлемді әрі қарай құрастыруға деген міндет пен жауапкершілік алып, оны жақсартуға ұмтылады. Осы жерден әлемдегі түпкілікті жаңалықтарды өзі үшін емес әлемдік жақсартуға бағытталған қабілеттілік туындайды. Адам толықтай болмысқа тереңдей түседі. Сондықтан да шығармашылық қатынас біріншіден – болмыстық қатынас, екіншіден – ойлаулық когнитивті.
Адамның танымы жеке практикалық қызығушылықтардан босап, толықтай шындыққа қызмет етуі үшін адам әлемге өзінің антропологиялық модельдерін міндеттемей әлемді шығармашылық арқылы құрап, әлемнің бір бөлшегі ретінде өзін-өзі дамытып отыруы қажет.
А.Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы адамның шығармашылыққа қажеттілігінің басқа қажеттіліктеріне қатынасын ашады:
- Рухани қажеттіліктер (шығармашылық арқылы өзін-өзі дамыту);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет