Реферат тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлық құбылысының тарихи бастауы»



бет2/4
Дата30.09.2022
өлшемі65.06 Kb.
#461664
түріРеферат
1   2   3   4
РЕФЕРАТ

1. Жемқорлықтың тарихы мен сипаты
Жемқорлықтың алғаш пайда болуының тарихы тым тереңде жатыр.Ежелгі Вавилон мұрағатында - кескінін тапқан мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жемқорлық туралы алғашқы еске алу б.э. дейінгі XXIV ғасырдың екінші жартысына жатады.
Шумерлар мен семиттер дәуірінде Лагаш Патшасы (ежелгі қала - қазіргі Ирак жерінде Шумердегі мемлекет) Урукагина шенеуіктер мен судьялардың өздерінің қызметтерін теріс пайдалануының алдын алу, сондай-ақ, патша әкімшілігі жағынан храм қызметкерлерінен заңсыз марапаттарды қорқытып алушылықты азайту, рәсімдер үшін төлемдерді азайту мақсатында мемлекеттік басқаруды құрды.
Жемқорлық түсінігі - әдетте лауазымды тұлғаның өзінің өкіметтік құзыретін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын заңнама мен моральды белгілерге қарама-қайшы келетін өзінің пайдасы үшін пайдалануды білдіретін термин.
Оның тарихи тамыры көздеген мақсатқа әуре-сарсаңға түспей жету үшін сыйлық жасау әдетінін шығады. Бағалы сыйлық адамды басқалардың арасынан ерекшелендіріп тұрды және оның өтінішінің орындалуына көмек болды. Сондықтан алғышқы қауымдық құрылыс кезеңінде тайпа көсемдеріне төлем төлеу қалыпты жағдай болды. Кейіннен мемлекеттік аппараттың күрделіленуі мен орталық үкімет билігінің күшеюі барысында басшылардың ойы бойынша тек белгіленген қызметақыға шүкіршілік етуге міндетті мемлекеттік шенеуіктер пайда болды. Олар өз кірістерін жаалақыдан анағұрлым көбейту үшін өздерінің қызмет өкілеттіктерін пайдалануға тырысты.
Жемқорлық туралы жан-жақты мәліметтер антикалық мұрада да бар. Ұлы ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель өздерінің жұмыстарында өкіметтің қызметтерін теріс пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және діни өміріне бұзушылық әсері жөнінде айтқан. Мысалы, Аристотель «Саясат» атты өзінің еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті апатқа әкелмесе, қайта тууына әкелетін маңызды фактор деп көрсетті. Мұндай қайта туудың мысалына монрахияның тираньға айналуы жатады. Аристотельдің кепілдемелерінің кейбіреулері ежелгі Афина тәжірибесінде пайдаланылды Нәтижесінде Афинада әрбір азаматқа қалай өмір сүріп отырғаны жөнінде есеп беруді міндеттейтін заң дүниеге келді. Парақорлық XIII ғасырдағы орыс жазбаларына да арқау болған. Сыбайлас жемқорлық әрекетіне мемлекеттік дәрежеде алғаш мемлекеттік дәрежеде III Иванға тыйым салды. Ал 1561 жылы Иван Грозный жергілікті басқарманың сот шенеуіктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы тағайындау туралы Жарлық шығарды. Патша А.Романов тұсында -1648 жылы Мәскеуде екі парақор «министр» - Плещеев пен Траханиотов халық алдында қатаң жазаға тартылды.
Парақорлық және қызметін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы сұрақтар 1649 жылы қабылданған құқықтық жинақтарда шешімін тапты. Оның 5 және 7 баптарында сот органдары ның лауазымды тұлғаларына сыйлық алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ал 6 бап пара алғаны үшін жауапкершілік тартуы тиіс субъектілердің тізімін көрсеткен, яғни оларға сот шенеуіктері атқаратын қызметті атқаратын тұлғалар жатқызылған.
Реформатор патша I Петр кезінде сыбайлас жемқорлық пен қатар патшаның онымен қатал күресі тәсілі де жарысы жүргізілді. I Петр мемлекеттік қызметте ерекше қатал тәртіп енгізіп, жемқорлықты біржолата жоқ қылуға тырысты. Алайда, оның жергілікті жағдайды жете түсінбей бастаған шаралары түпкі нәтиже бермеді. Парақорлық пен қызметті теріс пайдаланудың алдын алу мақсатында әскер басылар үшін мемлекеттік қызметке өтудің жаңа тәртібін де енгізді. Соған сәйкес лауазымды қызметке қабылданғандар жаңа жұмыс орынында
екі жылдан артық уақыт бола алмайды. Бұл мерзім егер қала тұрғындарынан аталған лауаызымды тұлға өзінің міндеттемелерін орындауын жалғастыру туралы жазбаша өтініш болған жағдайда ғана ұзартылуы мүмкін.
Орта ғасырларда «сыбайлас жемқорлық» түсінігі ең алдымен қызығу, шайтанның азғыруы дегенді де білдірді. Жаңа уақыттың басталуы, Еуропада орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы сыбайлас жемқорлықтың жаңа түсінігінің дамуында жаңа кезеңді белгіледі. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық күрделі мәселе , қоғамның «ауру» белгісі ретінде қабылдана бастады. Қазақстанның заң ғылымында сыбайлас жемқорлықтың даму тарихынан қазақ даласы территориясындағы рулық қауымдастықта қабылданған әдеттегі құқық нормалары көбінесе көшпенді мәдениет қағидаларымен белгіленген дәстүрлермен алдын ала анықталғаны белгілі. Өз кезегінде Монғол хандығының қоғамдық-мемлекеттік құрылымының ережесі номад өркениетінің процесіне ерекше ықпал жасады.
Қазақстандағы құқық жүйесі негізінің бірінші кезеңін ортағасырлардың орта және кеш кезеңдеріне жатқызу қажет және датасын шартты түрде ХIVғ.- ХIХғ. бірінші жартысы деп көрсеткен дұрыс. Сол кезде оның негізгі белгісі құқықтың дәстүрлі мұсылмандық жүйесінің және монғол көшпенді мәдениетінің жай,құқықтық институтының құқықтық ережелерінің соңғыларының ықпалымен сәйкес келуі болды.
Бұл қазақ феодалдық даму формациясында өмір сүрген қазақ қоғамында сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік қазір біз қабылдап отырған күйде болған жоқ. Алайда, Қазақстанның Ресейге қосылуына дейін сыбайлас жемқорлық сыйяпаттық нысанда көріне бастады, яғни ақсүйек өкілдеріне сый беру борышы міндетті феодалдық дәстүрге айналды. Мысалы, жәй егіншіден хандардың, сұлтандардың, билердің және де ақсүйек өкілдерінің пайдасына «ұшыр» салығы - өнімнің оннан бір бөлігі алынып отырды. Малшылар «зекет» салығын – малдың сол немесе басқа түрінің белгілі бір санын төледі.
Олармен бірге феодал басшыларының пайдасына соғым немесе сыбаға түрінде табиғи сыйлар жиналды. Одан басқа, ақсүйек өкілдері мен ақсақалдарға берілетін сыйлықтардың алуан түрі болды. Мысалы, «Ордада заңи күші бар қырғыз дәстүрлерінің бейнелеуіне» сәйкес: «Соғым күзде жасалады, әдетте ол хан немесе сұлтан қыс бойы халықтың асырауында өмір сүре алуы үшін жасалады. Сыбаға соғым сияқты сондай жағдайларлы көктемде жасалады. Ордада сый-құрметке ие орда тұрғыны қандай да бір лауазымға ие болмаса да, жәй қырғыз ұсынған сый алудан бас тарта алмайды».
ХVI ғасырдың басынан бастап Қазақстанда «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын Қасым ханның заңдары әрекет етті, ол негізінен жәй құқық нормаларынан тұрды. Қазақтың жәй құқығының нормалары ХVI ғасырдың аяғында Тәуке хан кезінде «Жеті жарғы» деген атаумен толығымен жаңартылып, толықтырылды.
Сол кездегі дала құқығы үш қайнардан тұрды: дәстүрден, би соттарының тәжірибесінен және билер съезінің Ережелерінен. Қазақстандағы сол кездегі сот міндеттері хандармен, сұлтандармен және билермен қазақ жәй құқығының негізінде орындалды. Сот даулары хандармен соңғы сот инстанциясы ретінде қаралды. Ол бұл міндетті далада жүре отырып іске асырды. Сот даулары үшін ол «хандық» деп аталатын белгілі бір сый сомасын алып отырды. Хан жәй құқық негізінде соттады, жәй құқықтағы кемшіліктерді ауыстыру үшін өзінің құқық шығармашылық әрекетін пайдаланды. Мұндай жағдайда ханның шешімі жәй құқыққа маңызды қосымша болды және құқықтың жаңа нормаларының тууына әкелді.

Академик С.Зиманов көрсеткендей: «1855 жылы Беріш және Адай руының қазақтары (Ішкі орда) жергілікті өкіметке сұлтан К. Шигаевтің өз қызметін теріс пайдалануы жөнінде топ болып хат жазды. Онда олар, егер даулары бар орда тұрғындары Шигаевқа ақшамен келсе, олардың шағымдары қысқа уақытта қаралатынын жазған. Егер қазақтар сыйсыз барған уақытта, ол олардың шағымдарын қарамақ түгілі, оларға көрінбейді де, сондықтан оларға кері ауылдарына қайтуға тура келеді. Тексеріс кезінде кейбір сұлтандар мұндай теріс пайдалунуды жасап қоймай, күміспен 100 және 200 рубльге дейін үлкен лауазымдарды сатқаны анықталды».


Сондықтан қазақтардың сый және басқа да құрметтер көрсетуіне дәстүрлі мінез тән, ал оның тамырлары феодализм кезінде қазақ қоғамында орын алған әлеуметтік-саяси және экономикалық қатынастарға кетеді. Сыбайлас жемқорлық заңды институционалдық нысанда көріне бастады және сол кездегі оның негізгі факторлары мыналар болды: қоғамның байлар мен кедейлерге әлеуметтік бөлінуі, олардың жағдайлары бойынша араларындағы қатал иерархия, сондай-ақ қазақтарда шенеуік құрметтеу психологиясын тәрбиелейтін туыстық қатынастар мен патриархалдық мәдениет. Сыбайлас жемқорлық маңызының әлеуметтік-құқықтық өзгеруіне объективті әсер еткен Қазақстандағы құқық жүйесі дамуының келесі кезеңі Ресей колониалдық саясатын бекіткен және империя шекарасын кеңейткен кезден басталады. Патша үкіметі мен жергілікті сот, билердің жазалау шараларын күшейтуі қылмыс санының азаюына әкелмеді. Сондықтан Ресей жемқорлық пен оны таратуға әсер ететін себептерді табу мен жоюды қамтамасыз ететін жаңа жолдар іздестіріле бастады. Нәтижесінде 1845 жылы парақорлық үшін жауапкершілік туралы заңнаманы және сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының басқа нысандарын өзгерткен және толықтырған қылмыстық және атқарушылық жазалар туралы Ереже қабылданды.
1917 жылы қазандағы мемлекеттік құрылым мен басқару нысанының ауысуы сыбайлас жемқорлықты жойған жоқ, бірақ жаңа әкімшілік ортадағы парақорлық пен басқа да ұйымдасқан қылмыстардың қалыптасуына алып келген екіжүзді көзқарасты тудырды.
1918 жылдың 8 мамырындағы «Парақорлық туралы» РСФСР ХКК-нің Декреті мұндай іс үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін ең бірінші құқықтық акт болды. Оған сәйкес парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке мемлекеттік немесе қоғамдық қызметте тұрған тұлғалар тартылды. Ауырлататын жағдайлар ретінде «қызметкердің ерекше құзыреті... және параны қорқытып алушылық» қарастырылды. Кеңес құрылысының бастапқы кезеңдерінде барлық қоғамдық құрылымдар (діни қауымдардан басқа) жалпымемлекет мүддесінде қызмет ететін ұйымдар ретінде қарастырылды. Сондықтан кез келген қоғамдық құрылымның қызметкері лауазымдық қылмыстардың субъектісі ретінді танылды. Сот тәжірибесі бұл мәселені шешуге біржақты емес қарады. Әртүрлі кезеңдерде лауазымды адамдардың санатына, мысалы, кооператив қарауылы, инкассаторлар, сақтандыру сыйын жинайтын агенттер, мүшелік жарна жинаушылар, кәсіпорындар мен колхоздардың күзетшілері басқа да үкімет есебінде тұрған, өздерінің міндеттеріне салғырт қарағаны үшін кінәлі тұлғалар кірді. Сонымен бірге сот тәжірибесі лауазымды тұлғаларға комбайншыларды, сауыншыларды, колхоздың жүзім бағының күзетшілерін жатқызған жоқ. Осылайша, қырқыншы жылдарға қарай қылмыстық құқықтың тәжірибесінде де, териясында да кім лауазымды тұлға болып танылатыны және оның қызметтік міндеттеріне қандай функциялар кіретіні туралы жеткілікті нақты пікір болған жоқ.
Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан. Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы

тамыз-қыркүйек). Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды:Осы ұғымның мағынасынының сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық құқық бұзушылықтар енгізілуі тиіс, олар: этикалық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолына түскен субъектінің қызметтік бабын өз басының пайдасына асыра пайдаланып, заңды бұзғандығынан көрінеді.Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің шеңберін жеке және заңды тұлғалар толықтырылып отырады.


Өз қызмет жағдайын жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде заңға қайшы сипатта пайдалану.Жемқорлықтың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі:
- мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау;
- мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында өз қызметтік жағдайын теріс пайдалануы.
1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы». Енді бір анықтама 1999 жылғы «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында берілген, онда: «Сыбайлас жемқорлыққа – мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің өз мәртебесін кез келген мүлікті заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты болуы, қызметті немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың осындай мүлікті, оны иемдену құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету және жеңілдіктер ұсыну жатады.
Кейбір ғалымдардың пікірінше осы анықтама толық емес, себебі сыбайлас жемқорлық құбылысы құқық ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең. М.О. Нәукенов: «Сыбайлас жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс» ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау» құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды.
А.С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайда күнемдік мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады».
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес».А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады:
- сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар;
- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;
- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;
- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды;
- жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген.
Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет