Реферат Тақырыбы: Тобы: 1-009 Тапсырған: Абдураззаков М. А қабылдаған: Шапатова Г. Б



бет3/4
Дата06.05.2024
өлшемі302.97 Kb.
#500610
түріРеферат
1   2   3   4
эндокрин

Бүйрек үсті безі.
Бүйрек үсті безі (glandulae suprarenales) — бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан,
пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі. * Оның массасы 4 г-ға жуық, жасқа қарай бездердің үлкеюі байқалмайды, өлшемдері: вертикальді 30-60 мм, көлденеңі 30мм, алдыңғы және артқы өлшемі 4-6 мм. Сыртқы түсі сарғылт немесе қоңырлау. Бүйрекүсті бездерінің алдыңғы бетінде бір немесе бірнеше жүлгелер байқалады, бұлар қақпа hilus, олар арқылы бүйрекүсті венасы шығып, артериялар кіреді. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%- ын алып жатыр. бБүйрекүсті безднерінен көптеген гармон түзіледі.


Жаңа туған нәрестенің қыртысты қабаты милы қабатынан көбірек болады.
1 жастағы баланың безінің қыртысты қабаты милы қабатынан 2 есе қалың. Тек 10 жасқа жақындағанда милы қабаттың без ұлпасы тез өсе бастайды да, қыртысты қабаттан асып түседі. Бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының өсуі 11-12 жасқа дейін аяқталады, ал милы қабатының өсуі 6-20 жасқа дейін созылады. Жалпы алғанда бала туғаннан кейін опың безінің қыртысты қабатының ұрықтық кезде пайда һолған ұлпаларының орнына жаңа клеткалар өніп, ескілері солып, жойылады. Бездің салмағы 2-3 аптаның ішінде 2 ссе азаяды. Милы қабаттың безі Бұл кезде жетілмеген,
Дифференцияланбаған жеке-жеке клеткалар тобынан тұрады. 6 айға толғанда ұрықтық қыртысты заттар 3 есе кеміп, жаңа клеткалары көбейеді де, 7 жасқа дейін жетіледі. Милы қабаттың хромаффиндік клеткалары 3-4 жаста дифференциацияланады да тез өсе бастайды. Осы мерзімнің ішінде милы қабаттың жалпы салмағының 28-29% қалыптасады. Содан соң 8 жасқа дейін өспейді де қалған мөлшері 8-10 жас арасында тез өсіп, одан әрі ақырындап, жалпы өсуі 16-20 жасқа дейін созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет