Реферат тақырыбы: Тұтас құймалы темірбетоннан орындалған ғимараттар Темірбетон конструкциялары


Тұтас құймалы құрылымды ғимарат тұрғызудың



бет5/6
Дата17.10.2023
өлшемі35.54 Kb.
#480894
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
СТР-21-3 Хамит Е.

2.2.Тұтас құймалы құрылымды ғимарат тұрғызудың
жалпы талаптары мен ережелері

Бүгінде индустриалды әдістерді қолдану арқылы тұтас құймалы темірбетондардан құрылыс жүргізу толық құрастырмалы ірі панельді үй құрылыстарын толықтыра түсетін, тұрғын үй, азаматтық құрылысты одан әрі индустриаландыру бағыттарының біріне айналды. Ол қазір тұтас құймалы темірбетоннан салынатын құрылыстардың индустриалды тәсілмен жүргізілуіне байланысты туындап отыр. Инвентарлық, бірнеше мәрте шегендеп бекітуді, арматуралық қаңқаларды және зауытта дайындалатын торларды қолдана отырып жоғары өндірістік тиімділік алуға болады. Механикаландырылған тәсілмен беру, бетон қоспасын төсеу және тығыздау құрылымдарды бетондауды механикаландыруды 80-85 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді. Электротермиялық әдіспен өңделген бетон мен аязға қарсы түрлі химиялық қосымшалар қолдану арқылы жылдың кез келген мезгілінде және кез келген температурада үймереттер мен ғимараттар тұрғызуға болады [2].


Тұтас құйма темірбетонды дамытудың осындай ағымының мынадай артықшылықтары бар: құрылыс индустриясы кәсіпорындарынан шалғай аудандарда құрылыс жүргізу мүмкіндігі жасалады; күрделі қаржыны аз жұмсай отырып өндірістік базаны құруға немесе толық құрамалы үй құрылыстарына қарағанда оның қуаттарын ұлғайтуға болады; кен өндірілетін және топырақ қабаты отыра беретін аудандарда, сейсмикалық табанды және шытынамайтын төзімді құрылыстар жүргізу артықшылығы [2].
Ауыл-селолы жерлерде жеке меншік үйлерді жаппай салған кезде тұтас құймалы үй құрылыстары едәуір артықшылыққа ие болады. Бұл жағдайда құрылыс процесі өндірістік базаға соншалықты тәуелді болмайды. Ал үй қабаттарының аздығы жергілікті құрылыс материалдарын: күлді, шлак және басқа өнеркәсіп қалдықтарын, ірі кеуекті керамзитбетон, тағы басқаларын пайдалануға кең жол ашады [2].
Елімізде тұтас құймалы темірбетоннан құрылыс жүргізген кезде пайдаланылатын жаңа құрылымдылық үлгілер мен материалдар, еңбекті ұйымдастырудың анағұрлым жетілдірілген әдістері табандылықпен іздестіріліп жатыр. Қазакстанда сейсмикалық аймақтарының ерекшеліктері де ескерілген тұтас құймалы тұрғын үй, азаматтық үймереттер салудың айтарлықтай тәжірибесі жинақталған.[2]
Қазір көпқабатты үймереттерді тұрғызудың негізінен шегендеп бекіту жүйелерін пайдаланудың құралымдық-технологиялық белгілерімен ерекшеленетін үш негізгі технологиялық тәсілі қалыптасқан: сырғымалы қалыппен тұрғызу; ірі қалқанды және блокты-қалқанды қалыптармен тұрғызу; көлемдік-ауыстырмалы (туннелді) қалыппен салу.
Тұтас құймалы бетондардан қабаты аз құрылыстарды салған кезде ұсақ қалқанды және ірі қалқанды қалыптар қолданылады.
Сырғымалы қалыппен қаңқасыз құралымдылық үлгілі тұтас құймалы үймереттер тұрғызылады ( қабаттары жоғары,ішкі және сыртқы қабаттары бойлата салынған , біртұтас жоспарлары әрі күрделі пластикалық көлемді, мұнара үлгісінде болады), сондай-ақ тұтас құймалы немесе құрастырмалы үй құрылысының өзге технологиялық тәсілдері үйлестірілген тұтас құймалы ядросы қатты құрылыстар салынады [3].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет