Реферат тақырыбы: Тұтас құймалы темірбетоннан орындалған ғимараттар Темірбетон конструкциялары


-бөлім. Тұтасқұймалы темірбетонды ғимараттар



бет4/6
Дата17.10.2023
өлшемі35.54 Kb.
#480894
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
СТР-21-3 Хамит Е.

2-бөлім.
Тұтасқұймалы темірбетонды ғимараттар


2.1.Тұтас құймалы темірбетоннан орындалған ғимараттар
туралы жалпы түсінік

Тұтас құймалыдеп ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу орнында біріккен тұтас (тұтас құймалы) түрінде орындаған негізгі бөліктері бетон мен темірбетоннан құрылыс конструкцияларын айтады. Тұтас құймалы конструкциялар құрамалармен араласқанда тұрғызу әдісі және ақырғы конструкция құрама - тұтас құймалы деп аталады. Тұтас құймалы және құрама - тұтас құймалы темірбетоннан ғимараттарды тұрғызу әдісі ғимараттың әртүрлі пішіндерін, ойықтардың кез келген пішіндері мен өлшемдерін, әртүрлі қабатты және т.б. алуға мүмкіндік береді. Бірақ геометриялық шамалардың, күштердің, бұйымдар түрлерінің ықшамдалу талаптары толық жиналатын ғимараттардағы сияқты сақталуы тиіс [1].


Біртұтас қүймалы ғимараттар - тұрғындық, қоғамдық, өндірістік–технологиялық және функциялық талаптарына байланысты көтеруші қабырғаларымен де, сондай-ақ қаңқаны қолданумен де тұрғызылады. Мұндай шешімдердің ерекшелігі конструкциялық пішіндерінің нақтылығы және қарапайымдылығы: ұстындар - шеңберлі немессе тікбұрышты қималы; аражабындар - негізінен арқалықсыз, аралық қабырғалардың орналасу еркіндігін, яғни жоспарлық шешімдердің еркіндігін қамтамасыз етеді; қатаңдықтың вертикальды диафрагмалары, бұл жағдайда тек қана вертикальды күштерге жұмыс істейтін, аражабындардың ұстындармен түйісу түйіндерінің конструкциясын қарапайымдайды; аражабындарда электр– және әлсіз тоқты қондырғылар үшін барлық құбырларды төсейді, бұл көбіне құбырлар орналасатын, ілмелі төбелерді орнатудың және еден асты себулердің қажеттілігін жояды [1].
Көпқабатты қаңқалы ғимараттар үшін, тұтас құймалы темірбетоннан орындалатын, қатаңдықтың кеңістік өзегі бұл ғимараттарды жоспарда күрделі пішінімен, әртүрлі көлемдік-жоспарлық шешімдерімен тұрғызуға мүмкіндік береді. Конструкциялық қатынасы бойынша жоспарда тұтас, қорапты пайда болуы, қатаңдық өзегінің қимасы қатаңдықтың жазық қабырғаларынына қарағанда ғимараттың кеңістік қатаңдығын көп рет ұлғайтады, сонымен қатар бетон мен болат шығынын азайтуға мүмкіндік береді [1].
Тұрғындық құрылыста қолданылатын, тұтас құймалы және құрама - тұтас құймалы жүйелер, қиылысқан-қабырғалы немесе көлденең-қабырғалы нұсқасында қаңқасыз конструкциялық жүйелерге көбірек бағытталған. Аралас конструкциялық жүйелерде бірінші қабат – қаңқалы, жоғарылары – қаңқасыз [1].
Тұтас құймалы үй құрылысы ықшамдаудың қатаң талабына бағынады: 300 мм қысқарумен бойлық және көлденең қабырғалар қадамы 2,7-7,2м; тұрғындық қабаттар биіктігі 2,8 және 3м; тұрғындық емес қабаттар биіктігі 3,3; 3,6; 4,м; бірінші тұрғындық емес қабаттардың көтеруші конструкцияларының қадамы: 6,0; 6,6; 7,2м - ғимараттың жоғары орналасқан қабаттарының көтеруші конструкцияларының қадамына тәуелсіз қабылдануы мүмкін [1].
Тұтас құймалы темірбетонды қолданудың тиімді ауданы үлкен күштерді көтеретін аражабындар конструкциялары, оның ішінде арқалықсыз аражабындарды орнату. Мұндай аражабындарды көтеру әдісімен тұрғызу дамыған әдістердің бірі болып табылады[1].
Бұл әдістің артықшылықтары: аражабындардың борттық қалыбының түрлерін өзгерту арқылы, сондай-ақ аражабындардан шығып тұратын арқалықтар мен ригельдердің жоқтығы арқасында, ұстындардың жоспарда еркін орналасуы ғимараттардың әртүрлі көлемдік-жоспарлық шешімдерін құруға мүмкіндігі; ғимараттарды тұрғызу процестерінің кешенді механизациясы, жер деңгейінде жұмыстардың көп бөлігін орындау ыңғайлылығы; нақты қала құрылысы арасындағы күрделі рельефтегі немесе шектелген алаңдардағы құрылыс жағдайында өте маңызды орын алатын, шектелген құрылыстық алаңның жағдайында (жерүсті крандарының және материалдарды жинау үшін алаңдардың жоқтығы арқасында) ғимараттарды тұрғызу мүмкіндігі [1].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет