Темірбетон конструкциялары
1.1.Темірбетон жабындар
Темірбетон жабындар беріктігі жоғары және ұзақ мерзімді болады, сондықтан қазір азаматтық құрылыста кеңінен пайдаланады. Жиналу әдісіне байланысты құймалы, жиналмалы және құймалыөжиналмалы болады.
Қарапайым құймалы біртұтас темірбетон жабындар тегіс бетті бір аралықты плита болып табылады. Бұндай жабындардың қалыңдығы 60.100мм болады. Үлкен өлшемді аралықта арқалықты жабындар қолданылады, оларбіртұтас және құрамалы болуы мүмкін. Мысалы, 8х18м өлшемді бөлмені жабу үшін қадамы 6м-лік ұзындығы 8м болатын арқалық орнатады. Бұл арқалықтарды бас арқалық дейді. Осы бойынша әр 1,5...2м сайын қосалқы қадамы-6м арқалықты қояды. Олардың үстіне қалыңдығы 60...100мм болатын плитаны жабады. Яғни, мұндай жабын конструкциясы қабырғалы болады. Бас арқалықтың биіктігін 1/12-1/16 аралық етіп алуға болады. Егер жабын біртұтас болса, онда қысқа мерзімде қалып жасап, арматура және бетон жұмыстарын орындау қажет. Бұл біртұтас жабынның бір кемшілігі болып табылады. Егер бас және қосалқы арқалық, биіктігін бірдей етіп алсақ, оны кессонды жабын деп атайды [1].
Жиналмалы темірбетон қабырғалы жабындар құймалы жабынна үнемді, өйткені құрылысты үйлестіруге болады, еңбек шығынын және құрылыс-құрастыру жұмыстарының ұзақтығын төмендетуге болады. Жиналмалы жабындардың маңызды талабы құрастырғыш элементтерінің санын азайту болып табылады. Ең жақсы нұсқа бүкіл бөлмеге бір жабын плитасын жабу саналады. Арқалықты темірбетон жабынының бір түрі- арқалық бойынша, бір бағытта 600-1000мм қадамымен жабын жабу. Олардың арасын гипсті немесе жеңіл бетон плиталарымен толтырады, ағаш бөренені қаңқамен (қабат аралық жабындар үшін) немесе пісірілген болат тормен (төбе жабын үшін) арматураланады [1].
Арқалықты жабындар элементтерінің салмақтары үлкен болмайды, сондықтан оларды жүк көтергіштігі аз кранмен жабдықталған ғимаратты тұрғызғанда қолданады. Темірбетон арқалығын құрылысқа кеңінен ендіргенге дейін металл арқалықты пайдаланатын (прокатталған пішін). Қазіргі кезде бұндай конструктивті шешім сирек қолданылады, негізінен жөндеу жұмыстарында және ғимаратты қайта өңдеу жұмыстарында қолданады. Бұл жерде арқалықтар оттан немесе жоғары температурадан қорғануы қажет [8].
Арқалықтардың қашықтығы 1,0,..1,5м болады. Қабырғаға тірелу шамасы 200...250мм. Арқалық астына бетон жастықшаларын немесе болат астар қойылады. Арқалықпен арнайы коррозиядан қорғайтын қабатпен жабады.
Арқалықсыз біртұтас темірбетон жабын қалыңдығы 150..200мм ұстынға бекітілетін плита түрінде болады. Ұстын торы арқалықсыз жабынды шаршы немесе шаршыға жақын өлшеммен, бір жағы 5..6м етіп алынады. Жиналмалы арқалықсыз жабынды орнату тиімді болады. Азаматтық құрыдыста плиталы жабындар кеңінен таралған. Плиталы жабындардың негізгі көтергіш элементі-әртүрлі темірбетон панель-жабын болады, оны бетоннан жасайды [1].
Конструктивті сұлба бойынша олар: ғимараттың ұзына бойына орналасқан бойлық көтергіш қабырғаға немесе арқалыққа сүйенетін панельден тұрады; қабырғаға немесе арқалыққа үш немесе төрт жақтан тірелетін панельдер; қаңқа ұстындарына төрт бұрышынан тірелетін панельдерден тұрады, жабындардың қабырғаға ену тереңдігі: кірпіш қабырғаға-120мм, блокты немесе панель қабырғаға-100мм. Құрастырмалы темірбетон плиталарды орнату кезінде қабырғаға қатаң түрде қарнақтың көмегімен бекітіледі және өзара пісірілген немесе арматуралы байланыстармен бекітіледі [6].
Плита арасындағы жіктерді ерітіндімен тұтастайды. Жабын плиталар біртұтас қималы, қабырғалы және қуысты болады.
Біртұтас бірқабатты панельдер біртұтас темірбетон плитадан тұрады. Оның астынғы беті сырлауға, үстіңгі беті тегістелген, еденді жасауға болатындай етіп жасайды, қалыңдығы көпқабатты еден үшін 100...120мм, линолеумды плита үшін-140мм. Адымы 6м-ден үлкен ғимаратта алдын-ала кернелген бірқабатты плиталар қолданылады, қалыңдығы 140мм плитада дыбыс сақтағышы плитаның өзінің салмағымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар қатпарлы біртұтас панельдер пайдаланады, оның астыңғы қабаты берік бетоннан, ішінде арматурасы болады, ал үстіңгі қабаты жеңіл және беріктігі аз бетоннан жасалады. Мұндай плиталар үш қабатты да болуы мүмкін.
Қабырғалы панелбдер жоғары және төмен қараған қабырғалардан жасалуы мүмкін. Жабынның дыбыс сақтағыш мүмкіндігін жоғарылату үшін қатпарлы конструкциялар қолданылады [4].
Достарыңызбен бөлісу: |