Реферат тақырыбы: Зат және энергия алмасу. Тағам рационы. Негізгі алмасуды оксиспирография әдісімен анықтау. Энергия алмасу ерекшелігі



бет2/5
Дата24.12.2023
өлшемі56.83 Kb.
#487842
түріРеферат
1   2   3   4   5
Алдабаев Алишер .....

Тағам рационы
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.
Тиімді тамақтану

  • Тиімді тамақтану адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады.

  • Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.

  • Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады.

  • Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс.

  • Адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы ақуыз, май,көмірсулар т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады.

  • Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі.

  • Бірқатар заттарды, кейбір витаминдер, алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды.

Тамақтың жұғымдылығы

  • Тамақтық жұғымдылығы оның құрамындағы ақуыз, май, углеводтардың саны мен сапасына байланысты.

  • Дені сау адамның тамақтану рационында ақуыз, май және углеводтардың ара қатынасы 1:1:4-ке жуық болуы керек. 1 грамм ақуыздың, майдың жәнекөмірсулартың қуаттылық құндылығы олардың сіңімділігін ескергенде тиісінше 4,9 және 4 ккал болады.

  • Тамақтың бойға сіңетін құнары организмнің өмірлік маңызы бар функцияларын, оның ішінде зат алмасу мен депо қызметін дұрыс атқаруына жұмсалады.

  • Тамақты сіңіру кезінде организмнің бөлген қуатының мөлшерін тағамның калориясы деп атайды.

  • Тамақтану рационын жасағанда адамның жынысын, жасын кәсібін ескеру қажет; ауыр дене жұмысын істейтін адамдар, болат қорытушылар, ағаш кесушілер, ауыл шаруашылығының механизаторлары жеңіл дене еңбегімен немесе ой еңбегімен шұғылданатын адамдарға қарағанда ақуыз, май,көмірсулартары көп тамақтарды қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет