Реферат тақырыбы: Зейін. Зейін теориялары. Түрлері мен қасиеттері Орындаған: Жолай Жансая Қабылдаған: Лейла Маметовна


Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады



бет2/2
Дата19.04.2023
өлшемі85.55 Kb.
#472411
түріРеферат
1   2
Зейін. Зейін теориялары.

Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:

  1. интенсивтілігі;

  2. жаңалығы;

  3. аффективтілігі.

П. Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л. C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:

  1. процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т. б.) ретінде;

  2. күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;

  3. тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.

Н.Н. Ланге бойынша зейін процесі мен оның психологиялық табиғатын зерттейтін бағыттарды топтастыру. Н.Н. Ланге зейіннің табиғатын түсінудегі негізгі ықпалдарды талдай келе, барлық теориялар мен концепцияларды бірнеше топқа біріктірді:
1. Зейін қозғалушы икемделудің нәтижесі ретінде. Бұл бағытты қолданушылар, адам егер зейінін ерікті түрде бір заттан 2 затқа ауыстыратын болса, зейін бұлшықеттік қозғалыссыз болмайды дегенді қолдайды. Тек бұлшықеттік қозғалыстар ғана сезім мүшелеріне жақсы қабылдау жағдайға үйретуді қамтамасыз етеді.
2. Зейін сана көлемін шектеудің нәтижесі ретінде. Сана көлемі деп нені айтатынын түсіндірмей, И. Герберт пен У. Гамильтон интенсивтірек елестетулер аз интенсивтілерді басып шығаруға қабілетті деп санайды.
3. Зейін эмоцияның нәтижесі ретінде. Бұл теория ағылшынның ассоционды психологияда жақсы мойындалған. Ол зейін елестетудің эмоционалды бояуларына тәуелді деген тұжырымдамаға негізделеді. (Рибо)
4. Зейін операциясының нәтижесі ретінде, яғни индивидтіңөмірлік тәжірибесінің нәтижесі ретінде
5. Зейін рухтың (рух) ерекше белсендететін қабілеті ретінде. Бұл позицияны жақтаушылар зейінді зейінді шығу тегі белгісіз алғашқы және белсенді қабілет деп қабылдады.
6. Зейін жүйке тітіркендіргіштерін күшейткіш ретінде. Бұл болжамға сәйкес, зейін орталық жүйке жүйесінің орнықты тітіркендіргіштерінің көбеюімен шартталған.
7. Жүйкелікті басу теориясы зейіннің негізгі фактісін түсіндіруге тырысады. бір физиологиялық жүйкелік процесі басқа физиологиялық жүйелерді ұстап қалып және жоғалту арқылы бір елестету екіншісін жеңеді, нәтижесінде сана ерекше концентрацияланады.
8. Зейін іс-әрекетті айыру нәтижесі болып табылады.
Шетел психологтарының ішінде В. Вундт зейін мәселесін сана психологиясымен байланыстарады, У. Джемс зейіннің түрлерін зерттеді, Э. Б. Титченер зейінді генетикалық тұрғыдан қарастырады, Т. Рибо зейінді эмоциямен ұштастырады, А. Трейсман зейінді мәтіннің семантикалық сипатымен байланыстырып зерттеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет