Реферат тақырып : Инфляция Орындаған: Жумабек А. С. Тексерген: Сапарбаева А. М. Алматы 2021жыл


Бөлім 2. Инфляцияның экономикалық әлеуметтік салдары



бет4/10
Дата02.01.2022
өлшемі44.44 Kb.
#453607
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Реферат

Бөлім 2. Инфляцияның экономикалық әлеуметтік салдары.

2.1 Инфляцияның альтернативті көздері.

Батыс экономистері жасаған теорияларды инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді. Бұл консепциялар инфляция болуының әртүрлі себептеріи атайды.

Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (эскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыс пен қамтылған кездегі өндіріс құрал жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар эрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі) т.б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сеитіп бағаның жалпы деңгейі өседі.

Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы «көтеріліп», соның салдарынан төлем қабілеті бар сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінен жоғарылып, бағаның көтерілуіне соқтырады.

Ақша массасының «көтерілуі» себептерінің ең негізгісі-әскери шығындардың өсуі, яғни шығарылған әскери техника күнбе-күнге емірде қолдануға жарамай сондықтан оның ақшалы эквивалентті бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықты, немесе ақша нарығына мемлекеттік заеымдар орналастырылады. Бюджет тапшылығын жоюдың бірінші жолы өркендеген   мемлекеттерге   тән.   Айналысқа   қосымша   ақша   массасын шығарудың алғашқы сатысында өндірістщ дамуы, жұмыссыздықтың азаюы жэне бағаның төмендеуі сияқты жазымды көріністер байқалып, ал қорытындысында тепе-теңдік орнайды. Сондықтан таз мөлшерлі инфляция пайдалы деген қорытынды шығады, себебі ондай инфляция артық өндіру дағдарысынан және жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады. Одан эрі бүкіл экономикада бос жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа өнімді қосымша шығара алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің құлдырауына оның тиімділігінің төмендеуіне және инфляцияның қарқындауына себепші факторлар әсер ете бастайды.

Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектеуі ұсыныспен салыстырғанда айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарылатады жэне ақшаны құнсыздандырады.

Шығындар инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс шығындардың ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кэсіподақтың жалақыны көтеру талабынан жэне т.б. болады. Тэжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.

Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеу қажеттігін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданыи жүргсн баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына экеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады.

Нэтижесінде инфляциялық серіппе (спираль) пайда болады: бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаның «инфляциялық серіппе» теориясы деп аталады.

Шығын инфляциясы өнімнің әр бір өлшемінің шығыны көтеріліп, соған байланысты   баға   өскенде   ғана  пайда   болады.   Алайда   жалақы   бағаны қүрайтын элементтердің біреуі ғана . Срнымен қатар, тауар өндірісі шикізат, энергия көздерін алу, транспорт қызметін төлеу шығындары көтерілуіне байланысты да қымбаттайды. Шикізат пен энергия ресурстарының жэне оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығындардың өсуі бүкіл әлемде болатын процесс. Оған қарсы тұратын фактор-өнімнің әрбір өлшемінің шығындарын төмендететін жаңа технологияны пайдалану.

Өнеркэсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тэн, яғни жылдан жылға ауысатын бір қалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша инфляцияның  бұл  түрі өндіріс пен жалып ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерле қарқымды жэне ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияның әлеуметтік экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық өсуінің ерекшіліктерінің байланысты болады.

Дамушы елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.

Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері оларда 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың бас кезінде экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару станогымен үнемі индекстеу механизмнің қолдануы байқальш, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның курсы төмендеді. Никарагуада, мысалы, 1999 жылы ақшаның құнсыздануы 8500%, Перуде 8291,5% жетті.

Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия, Чили елдері кіреді.Оларда да экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспансияға (несиені ұлғайту) ерекше көңіл бөлінді. Бүл елдерде қарқынды инфляция  (бағаның жылдық орташа өсуі  20-40%  шамасында)  сақталып,бірен-сараң индекстеу жүргілізуде жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.

Үшінші топқа жатады елдер-Сингапур, Малазия, Оңтүстік Корея, т.б. жеткілікті деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер.Оларда жылжымалы инфляция (1-5%) сақталуда, бағаға қатаң бақылау жүргізілген.Экономикасы дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор роль атқаруда, жұмыссыздық бір қалыпты деңгейде жүруде.

Төртінші топқа дамушы мемлекеттер элеміне теңгерілген бүрынғы социалистік мемлекеттер кіреді (ТМД елдері, Қытай, Полыііа-Вьетнам жэне т.б.). Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы-бөлу жүйесінен нарыққа өту барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады.Бүл мемлекеттер өндірістің өсуімен ішкі нарықтың аз сұранысы арасындағы қайшылықтарды, бір жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни ақша мақсатын басып шығарумен, екінші жағынан шетел заемдарын көптеген мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде  бұл топтағы мемлекеттерде көп мөлшерде ішкі және сыртқы қарыздар пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет