Реферат тақырып : Инфляция Орындаған: Жумабек А. С. Тексерген: Сапарбаева А. М. Алматы 2021жыл



бет3/10
Дата02.01.2022
өлшемі44.44 Kb.
#453607
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Реферат

І.З.Инфляцияның түрлері.

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көи көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

Инфляция қарқынының жэй, орташа күрделі кезінде бағаның өсуі 10%-тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, киіншілер, мүндай инфляцияны экономикалық дамуы үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жургізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.

Жоғары қаркынды инфляция тұсында бағаның әсуі 20-дан 200%-ке жетеді. Ал  бұл экономика үшін үлкен салмақ.Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есептей алады.

Аса зор, шексіз инфляция айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасының деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетті. Мұндай Жағдайда халық үлкен зиян шегеді,тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық  бұл інеді. Инеринфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан элде қайда жоғары болды. Мұндай құбылыс, мысалы, 1945-1946 жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға деген секілі жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан қүлылуға тырысып бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санының көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Интеринфляцияның    басталуына    инфляциялық    күтудіңде    үлкен    әсері

болатындығын атап өту орынды. Басыңқы (кридавленная) инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.

50-60-жылдарында көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты қарқынмен журді. Ал 70-жылдары ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы өндірістің қалыпты жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына айналды. Инфляциялық процестің ең қызғаншағы 70-жылдардың екінші жартысы.Мысалы, бөлшек сауда бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ-та 1956-1965 жылдары 1,7%, 1966-1974 жылдары-5,1%, 1975-1980 жылдары-9,3% болды. Англияда осы кезде ол 3,1; 6,0 жэне 17,9%, францияда 5,0; 5.9 жэне 10,9%. 80-жылдардың соңына қарай бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4%-ке тең болды, 1987 жылы-3,7%-ке төмендеп орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны көптеген себеитермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға элемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу шаралары.

Инфляция балонеталған, тепе-теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сэйкес ставка проценті көбейеді,  бұл  бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық акуалды білдіреді.

Болисамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядаи ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны «жоспарлайды», мысал ретінде Ресей федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.

Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде осуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс жер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді.   Қоғамдағы   шын   қасиеттілік   бүркемеленеді,   шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі «инфляцияны күту» басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімде құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, түтынушылар рынокқа сатып алу қабілеті бар сұрамыс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Біз рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нэтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет