Реферат Тақырып : Жер кадастры бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлаудың негіздері



бет4/4
Дата08.11.2022
өлшемі29.01 Kb.
#464290
түріРеферат
1   2   3   4
Реферат №1

Қорытынды
Негізгі кадастрдың мақсаты – кадастрленетін жер учаскесі, аудан, облыс жерлерінің табиғи, құқықтық, шаруашылық жағдайы туралы алғашқы мәліметтерді алу. Мұнда алқаптардың көлемі, құралы, сапалық сипаттамасы, жерлердің пайдалануы, шығындар және т.б. мәліметтерден тұратын құжаттар, материалдар жинақталып, олардың толықтығы дұрыс талданады. Керек болса толық және сенімді мәліметтерді алу мақсатымен қосымша жұмыстар орындалып, материалдар түзетіледі. Осы мәліметтер негізінде мемлекеттік жер кадастры құжаттарына алғашқы жазу түсіріледі.
Сонымен, негізгі кадастр жүргізу нәтижесінде жер қорының мөлшерлері, олардың негізгі санаттары бойынша үлестіріледі және бағалау туралы мағлұматтар алынады. Негізгі кадастр жерлерді түсіру, зерттеу, жазу, бағалау бойынша көп аумақты, қомақты жұмыстарды жүргізумен байланысты. Топырақтық және геоботаникалық зерттеулер ведомстволық бағыныштыққа қарамай, кадастр талаптары бойынша мемлекеттік бағдарламамен кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде орындалады.
Жерлерді күнделікті есепке алу міндетіне, үлестіру жерлердің сапалық жай күйі және пайдалануы туралы өзгерістері мәліметтерін анықтап, жер кадастрлік құжаттарға түсіру, сондай-ақ жаңа жер учаскелері туралы мәліметтерді жазу.
Негізгі құжат рәсімінің тізімін, сол құжаттарға кіретін мәліметтер құрамын Жер қорларын басқару Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыныс жасайды. ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі» туралы қаулысы бойынша негізгі жер-кадастр құжаттарына мыналар жатады:
1. Жер учаскесінің жер-кадастрлік ісі.
2. Ауданның /қаланың/ мемлекеттік жер-кадастірлік кітабі.
3. Жер-кадастрлік картасы.
Тиісті жазулардың заңды негізі ретінде қүжаттар жерлердің барлық санаттары бойынша кадастрлік құжаттарды жүргізу тәртібін белгілейді. Ол құжаттар ҚР Үкіметінің қаулысы, атқарушы органдарының шешімдері арқылы жасалады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
-Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі және техникалық қамтамасыз ету басқармасы.
- https://adilet.zan.kz/
- Жер кадастры (оқу құралы) – Алматы: Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2011

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет