Күтімі: Ауру баланың диетаны және тамақ режимін сақтауын қадағалау.
1. Диетотерапия – тамақ құнарлы болумен қатар, майлар мен тез сіңірілетін қанттардың мөлшерін шектеу қажет, тамақтандыру жиілігі тәулігіне 5-6 рет. Баланың рационында көбірек қанты аз көкөністер, сұлы, қарақұмық жармалары, сүт тағамдары жеткілікті болу қажет. Ет, балық, жұмыртқа шектелмей, бірақ ет семіз болмағаны дұрыс. Белок мөлшері де шектелмейді.
2. Күн тәртібі (режім) – қантты диабетпен ауыратын мектеп жасындағы бала дене шынықтыру сабағында арнайы топқа қатысады. Бала, әсіресе, инсулин алғаннан кейін және ашқарынға көп энергия жұмсалатын қимылдар жасамау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |