Реферат Тақырып: Тіл туралы ілім болмыстың ақиқаты ретінде


) Тілдің пайда болуы туралы



бет3/4
Дата16.09.2024
өлшемі68.67 Kb.
#503661
түріРеферат
1   2   3   4
реферат Аймара

2) Тілдің пайда болуы туралы - әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, оларды белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазіргі тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
2. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді. Қоғамдық теориялардың дұрыстығы – тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.
Адам эволюциясының қазіргі деректері бойынша даму жолы төмендегідей. Қазіргі адамдар (гомо сапиенс сапиенс) бұдан 150-200 жыл бұрын қазіргі Шығыс Африка территориясында (Кения, Танзания) пайда болған. Олар Еуразия құрылығына алғаш рет бұдан 70-80 мың жыл бұрын аяқ басқан, бұл аймақта кең таралған адам тәріздес «ағайындары» (негізінен неандертальдықтар) олармен бәсекеге төтеп бере алмай жойыла бастайды. Ал 40-60 мың жыл бұрын олар Оңтүстік Азия мен Еуропаға кеңінен таралып орналасқан. Одан кейін, бұдан 20-30 мың жыл бұрын адамдардың оңтүстікте Австралия мен аралдарға, солтүстікте Сібір мен Америкаға қарай таралуы жалғасады. Яғни тілдің қазіргі түрдегідей қалыптасқан кезін бұдан 200 мың жыл бұрынғы кезден әрі деп, ал қазіргі тілдердің бәріне негіз болған ең көне тілді бұдан 50 мың жыл бұрын өмір сүрген деп жорамалдауға болады.
Бұл болжамда көне тілдің қазіргі тілден елеулі айырмасы болмаған: яғни дыбыстардан сөздер құрастырып, оларды байланыстырып сөйлемдер құрап сөйлеген. Алғашқы кезде адамдардың саны әлемде аз болғанымен тілдердің саны өте көп болған деп есептеледі. Кейін тілдердің азаюы тайпалық дәуірдің басталуына байланысты. Тайпа мемлекеттіліктің бастауы, ондағы адамдар негізінен бір тілде сөйлесуге бағытталады. Бұл тілдердің бір бірін ығыстырып шығаруы және тоғысуы түрінде жүрген. Ал қазіргі салыстырмалы-тарихи зерттеулер бойынша барлық тілдер бұдан 15 мың жыл бұрын өмір сүрген 5-6 ата тілден таратады. Олардың ішіндегі ең ірісі нострат тілдері. Оның ұрпақтары кейін Еуропаға түгелдей, Солтүстік Африкаға және Азияның көп бөлігіне (Оңтүстік Шығысынан басқа) таралады.
Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін «диффузды тіл» деп атайды. Бұл тілдің дыбыстық ажыратылмайтын кезеңін білдіреді. Бұл тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына білдіруде интонациялар және ымдаулар маңызды орын алған. Біздің қазір үй жануарлары немесе кішкене сәбилер (екі-үш айға дейінгі) қандай да бір жолмен (сол диффузды түрде, яғни дауыс әуеніне, көзге, қимылдарға қарайды) «түсінеді». Жалпы тілдің ең бастау көздерін жануарлар әлемі мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір басты қағидаларға өзек болуда.
Адамның сөйлеу қабілетін білдіретін жалпы шығу тарихы өте көне заманға - адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына барып тірелсе, жеке-дара нақты тілдердің шығуы мен дамуы жалпы адамзат тілінің шығу, қалыптасу заманынан әлдеқайда бертінгі дәуірлерде болған. Сондықтан нақты жеке тілдердің, мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қалыптасу, даму кезеңдерін тарих, лингвистика ғылымдары тікелей зерттеп, айқындай алатын болса, ал жалпы адамзат тілінің шығуын, адамдар о баста қалай сөйлеп үйренгенін айқындау үшін тек тарихи, лингвистикалық зерттеулердің бір өзі тіптен жеткіліксіз, өйткені тілдің шығу проблемасы жалпы адамның пайда болуы (антропогенез) және адамзат коғамының пайда болуы (сопогелез) сияқты күрделі проблемалармен іштей тығыз байланысты. Сол себепті тілдің о баста шығу проблемасы тарих пен лингвистика ғана емес, сондай-ақ философия мен психология, археология мен этнография, физиология мен антропология және басқа ғылымдар бірлесе зерттейтін, аса күрделі проблема болып табылады.
Жер шарында мыңдаған жеке тілдер бар. Олардың бәрінің бір-бірінен толып жатқан айырмашылықтарымен қатар өзара ұқсас, бәріне ортақ жалпы қасиет белгілері де бар. Әрбір тіл белгілі бір жеке халықтың, қауымдастықтың игілігіне қызмет етеді және сонымен бірге ол – қоғамдық-тарихи құбылыс. Ол – адамзаттың мәдени дамуының қажетті шарты, өзара қарым-қатынас орнатудың, ой-сананың қалыптасуы мен дамуының кұралы. Бұлар және бұлар сияқты басқа да мәселелер жалпы тілтанудың зерттеу объектісі болумен қатар философиялық проблемалар болып табылады.
Философия тілді ең алдымен қоғамдық-тарихи прогрестің нәтижесінде пайда болған табиғи-әлеуметтік құбылыс деп қарастырады, өйткені қоғамнан тыс сөйлеу тілі жоқ, болған емес және болмайды да. Екінші жағынан алғанда, тіл жоқ жерде қоғамдасу да прогреске жету де жоқ. Тіл мен қоғам айырғысыз бірлікте. Тіл - адамдардың бірлесе қимылдан, материалдық игіліктер өндірісінде белгілі бір табысқа жетуді, көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін өзара пікір алысып, түсінісіп әрекет етуінің құралы. Демек, тіл мен өндірістің айырғысыз бірлігінде, диалектикалық қарым-қатынасында, әрине, өндіріс алғашқылық, айқындаушы, шешуші фактор болып табылады. Дәлін айтқанда, адам өзінің тіршілік жағдайларын жақсарту үшін, табиғат жағдайларына және қоғамдық қатынастарға саналы түрде әсер ету үшін қарым-қатынас жасау және ой-пікір алмасу құралын, яғни сөйлеу тілін қажет етеді, ал бұл қажеттілік тілді тудырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет