ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келгенде, халқымыздың мәдениеті ғасырлар тереңінен жалғасып, қоғамның дамуына байтанысты біртіндеп дамып келе жатқан мәдениет. Әрине бүгінгі таңдағы өскелең өмірімізге сай келмейтін ескі салт-дәстүрлер қоғамның дамуына ілесе алмауы мүмкін. Бірақ та біз оларды білуіміз керек. Олар тарихымыздың мұражайында рухани ескерткіштеріміз ретінде сақталуы тиіс.
Қазақ сәулет ескерткіштерін егжей-тегжейлі зерделеу тек ХХ ғасырдың ортасынан басталды. Археологиялық қазбалар қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасырға дейін Қазақстан аумағында басымшылық еткен ежелгі құрылыс мәдениетінің ауқымды ескерткіштер кешенін зерделеуге, ғимараттар типі мен құрылымдарын, құрылыс тәсілдерін анықтауға мүмкіндік берді. Шежіре шындығына зер салсақ, бұл өңірде біздің заманымыздан екі мың жыл бұрын дамыған адамзат өркениеті дүниеге келген.
Сыр елінің құрылыс ісінің тарихы көп ғасырлық. Құрылыс ісінің туындауы қола дәуіріне (б.з.б. ІІ мыңжылдық) дәл келеді, яғни бүгінгі таңдағы Сыр аумағында мекендеген тайпалардың өмірінде мыс металлургиясын игерумен, тас құралдардан металдық құралдарға және алғашқы қауым аңшылығынан мал шаруашылығына ауысуымен байланысты өзгерістер пайда болады.
Көшпелі өмір салтының туындауымен Сырдария өзенінің аңғарында антика заманының өзінде алғашқы қоныстар мен қалалардың пайда болуы байланысты. Сақтар, ғұндар, үйсіндер қаңлылар, оғыздар қала мәдениетінің негізін қалаушылар болды. Көшпелі және отырықшылық шаруашылықты үйлестіру Сыр аумағында ежелгі заманнан кейінгі қазақтарға дейіңгі уақытқа созылған тайпалардың бүкіл тарихынан өтеді.
Ұлттық сәулет тарихында киіз үйдің пішінін қайталайтын тамдар ерекше орын алады. Сыр өңірін сырт елдермен көп байланыстырған Ұлы Жібек жолының ізі жатыр, оған ХІ ғасыр дешті Қыпшақтың астанасы Жанкент қаласының Жібек жолының тоғысқан торабы болғаны айғақ. Тарих тағылымына ден қойсақ, осы өлкеде түркі тілдес халықтардың үш астанасы болғандығы белгілі.
Х-ХІ ғасырларда үшкір аркалар, көп қырлы барабандары мен күмбездері бар шикі және күйдірілген кірпіштен жасалған ғимараттар кең тарала бастайды. Ғимараттарды салу кезінде кірпіштерді нақыштап қалау, кеспелі терракота, өрнектелген жиектер сызығы пайдаланылған.
Тарихшылар мен этнограф-ғалымдардың айтуынша қазіргі Қызылорда жерінде қазақ хандығы құрылғанға дейінгі Оғыз, Ғұн, Сақ тайпалары өмір сүрген.
Сыр өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері ХІХ ғ. Орыс ғалымдары, саяхатшыларының назарына ілігіп, содан бері ғылыми айналымға енген болатын. Осы өңірді ХІХ ғасырда В.Каллаур, И.Кастанье, В.В.Бартольд, В.В.Радлов, П.И.Лерх, т.б., ал ХХ ғасырда академик С.П.Толстов, О.Л.Вишневская, Ә.Оспанов, З.Самашев, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақовтар зерттеп, күрделі ғылыми еңбектер жазды. Алайда, бұл зерттеулер бүкіл Сыр өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштерін толық қамтыған жоқ. Тіпті, ХХ ғасырда академик С.П.Толстов басқарған Хорезм экспедициясынан кейін бұл өлкеде жүйелі түрде археологиялық экпедиция ұйымдастырылған да емес.
Қазақ халқының түп-төркіні, адамзат тарихындағы орны, әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы мәліметтер егемендік алғаннан кейінгі уақыттарда жарық көріп келеді. Небір тарихи мұраларымыз, ескрткіштеріміз, тұлғаларымыз кертартпа дінді уағыздаушылар ретінде, социалистік өмір-салтына қайшы келетін жайлар ретінде жоққа шығарылды.
Сәулет және құрылыс ісі алғашқы тас құрылымдарының пайда болуынан бастап басқа әлеуметтік-экономикалық шарттардағы қамалдардың, цитадельдердің және кесенелердің құрылысына дейінгі қоғамның дамуына бірдей кемелденген. Сәулет, - Академик Әлкей Марғұланның айтуы бойынша, – әрқашан идеологияның және қоғамдағы әлеуметтік үрдістердің көрінісі болып табылады».
Сәулет құрылысы Кеңестік дәуірде де өз дамуын тоқтатқан жоқ, керісінше өндіріс пен темір жол құрылыстарының дамуы құрылыс қарқынын күшейте түсі. Орынбор-Ташкент теміржолы Қазақстанның өсіп өркендеуіне қалалар мен ауылдардың салынуына, алып құрылыстардың отанына айналуына елеулі септігіни тигізгенмен, оның теріс жақтары да болды. Ол осы теміржол арқылы Орта Азия мен Қазақстанның бар байлығын (шикізатын) Ресей жеріне тасып әкетуіне себеп болды.
Ел Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы «Тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп ұстау» туралы Ережесінде осыған байланысты талаптар атап көрсетілген. Онда жергілікті атқарушы органдар әрбір көне сәулеттік орындарға ескерткіш туралы деректер мен оның мемлекеттің қорғауында екендігіне нұсқама қамтылған қорғау тақтасын орнату қажеттігі айтылған.
Зерттеу жұмысын зерделей келе Сыр өңірінің тарихи-сәулет мұраларын тану, зерттеу, оларға қамқорлық таныту керектігіне көзім жетті. Бүгінге дейінгі тарихи сырға толы дала тарихына зерттеу жұмыстарының аз болмағандығы еңбек барысында анықталды. Алайда уақыт талабының өз заңдылықтарын ескере отырып әр заманның өз тұжырымдары да болды.
-
Сыр елінің тарихи-сәулет мұралары жөнінде нақты деректі ғылыми жұмыстардың ретін үстемелеп, оларды кезең-кезеңімен зерттеуге (құрамы арнайы мамандармен толықтырылған) экспедициялар ұйымдастырылса;
-
Өлке тарихын оқыту арқылы біз ұрпақ сабақьтастығын жалғастырамыз десек, қолда бар бүгінгі құнды тарих деректердіғ шет ел зерттеушілерінің қолында кетпеуін қадағалайтын арнайы ұжым ұйымдастыру;
-
Бүгінгі тәуелсіз Қазақ елінің өз ата-бабасының жүріп өткен тарихы жөнінде Ескерткіштерді қорғау аймақтарын ғылыми негізде анықтау, олардың тарихи-мәдени ландшафтын сақтау және карталарын жасау;
-
Қайта қалпына келтіру, жаңғырту, консервациялау, музейлендіру жұмыстарын туризм және ұлттық дәстүр талаптарына үйлестіре отырып жасалуын қамтамасыз ету;
-
Археолог ғалымдар жүргізген жұмыстары үнемі теледидар арқылы көрсетіліп отырса;
-
Бейнетаспаларға түсіріліп, қоғамдық насихаттау жұмыстары жүргізілсе;
-
Зерттеу жұмысы барысында жинақталған жәдігерлер тарихи және өлкетану мұражайларына тапсырылса;
-
Тарихи қалалар орны туристер келетін орындарға айналса;
-
Интернет арқылы бүкіл дүние жүзіне насихаттауды ойластырып, интернеттік жобалар дайындалса.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Құрманқұлов Ж., Жетібаев Ж. Шірік Рабаттағы археологиялық зерттеулер. //Мәдени мұра №4 (25) тамыз-қыркүйек 2009.
-
Арзықұлов А. Діни наным-сенімдер ұлттың тұрақты дамуының факторы ретінде. //Қоғам және дәуір. Ғылыми-сараптамалық журнал, №4, 2011ж.
-
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның автореферат. Манапова Әлия Мерекеқызы, «Әлкей Хақанұлы Марғұлан – археолог». - Алматы, 2010.
-
Марғұлан Ә.Х. Шығармалары. – Алматы: Алатау, 2010. 9 том, - 473б.
-
Тайман С. «Сыр өңірінің тарихи ескерткіштері» //Қазақ тарихы. №4, 2006ж.
-
Омарұлы Б. Жүректің көзі. – Алматы: Қазақпарат, 2011. - 320б.
-
Мәмиев Т. Қызылорда облысының археологиялық ескерткіштері. Алматы: ЖАК-тың редакциялық-баспа орталығы. 2000. - 48б.
-
«Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі Арал-Сырдария өңірінің орны» Халықаралық ғылыми конференция материалдары (2009 жылғы 23 қазан). Алматы:Arna-b, 2009. – 432б.
-
Байпақов К. Қазақстанның ежелгі қалалары. –Алматы: Аруна, 2005. – 316б.
-
Мәмиев Т. Археология. Қызылорда. ҚызМУ, 2004. – 148б.
-
Өсеров Н., Естаев Ж. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы. – Алматы: Қазақстан, 1992. -152б.
-
Уалиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы, Жазушы, 1985. - 560б.
-
Досымбаева А.Түркілік тарихи-мәдени кешендер. // Қазақ тарихы, 2004. №5
-
Ислам. Энциклопедиялық анықтамалығы. – Алматы, Аруна. 2010, -585б.
-
Ахтанов Б. Дін және еркін ойшылдық: - Алматы, Қазақ университеті, 1993. -112б.
-
Қоңыратбаев Т. Ертедегі ескерткіштер: Сыр бойының ежелгі тарихы мен мәдениеті. Зерттеу. – Алматы: Өнер. 1996. -272 б.
-
Сатершинов Б. Ислам дінінің Қазақ даласын таралу ерекшеліктері. //Әл-Фараби философиялық және саясаттанулық және рухани-танымдық журнал. №1(37) 2012ж.
-
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақ елінің тарихы. – Алматы, Кітап баспасы, 2010. - 336б.
-
Әбсаттар қажы Дербісәлі. Қазақстан мешіттері мен медреселері. Рухани шамшырақтар (ІХ-ХХғғ.). – Алматы: Аруна, 2009. – 496б
-
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна Ltd. ЖШС, 2005. – 656б.
-
Байтенов Э.М. Загадка башни Узунтама и другие памятники Приаралья. //Памятники истории и культуры Казахстана. Алма-Ата, 1985.
-
Көктәнді Х. Түркістан теберігі. – Алматы: Қасиет, 2003. – 96б.
-
Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. - 280б.
-
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2-том. – Алматы: Атамұра, 2010. – 640б.
-
Мәмиев Т. Археология. Қызылорда. ҚызМУ, 2004. – 148б.
-
Жанболғанов Т. Қармақшы Атаға қамқорлық қажет. //Қармақшы таңы. №7, 2003ж.
-
Есқараева Т. Қармақшы Ата тарихы. //Қазақстан тарихы. №12, 2006ж.
-
Сәулеттік материалтану. Кулибаев А., Бишімбаев У., Қасымов Е., Бисенов Қ. – Алматы: ИздатМаркет, 2006. – 504б.
-
Қалиев Ы., Шілдебаев Е. Дария жағасындағы қала. – Алматы: Қазақстан, 1980. – 196б.
-
Алаштың Ақмешіті. Ред.алқа: Мухимов А., Кереев М., т.б. - Алматы: ARNA-B, 2009. – 172б.
-
Заленский Б. Қазақ сахарасына саяхат. – Алматы: Өнер, 1991. – 132б.
-
Қазақтың этнологиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы: DPS, 2011. иллюстрацияланған. 1-том: А-Д, - 736б.
-
Смағұлов Р. Қалжан ахун. //АқмешітАпталығы. №17, 26 сәуір, 2001ж.
-
Әбибуллаев И.С., Қылышбайұлы А. Сырдария. Алматы: Халықаралық «Дала» журналының кітапханасы, 2006. – 272б.
-
Дайрабаев Т. Орынбор-Ташкент желісі қалай салынды. //Ақмешіт Ақшамы. 15 мамыр. 2004.
-
Қожамқұл Р. Қызылорда локомативдепосы. //Егемен Қазақстан. 22 қазан. 2003.
-
Қазыналы Қызылорда. - Қызылорда: Тұмар. 2011. – 240 б.
-
Пірназар С. Тұнып тұрған тарих. //Егемен Қазақстан. 31 қаңтар, 2007.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРЫҚ
КӨРГЕН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ
1. Сыр бойылық тарихи-мәдени ескерткіштер ұлттық мұраттың өшпес мұрасы //Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жас ғалымдар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ІХ СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» халықаралық ғылыми конф. 25-том. – Павлодар, 2011. 3-7бб.
2. Тарихи-мәдени ескерткіштер хақында. //Қазақ тарихы. №2 наурыз-көкек, 2012ж. 26б.
3. Сыр елінің тарихи-сәулет мұралары – ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ұлттық құндылық. //ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНЫМЫЗ – СҮЙІКТІ ОТАНЫМЫЗҒА Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 90 жылдығына орай өткізілген республикалық патриоттық форум аясында дайындалған материалдар жинағы. І Бөлім. – Қызылорда, 2012ж. 298-301бб.
4. Өлкелік ескерткіштер – мәдени мұра негізі. //Университеттің 75 жылдық мерейтойына орай шығарылған жас ғалымдардың ғылыми мақалалар жинағы. – Қызылорда, 2012ж. Ақпан.
РЕЗЮМЕ
диссертации на получение академической степени магистра педагогических наук по специальности
6М011400 – История
Абдрахманова Гулжаухар Жалгасбаевна
Инновавационное развитие по этапом истории архитектуры культурного наследие в Кызлординской области.
Актуальность темы исследования. Историко-архитектурное наследие как одна из форм материального производства и места расположения людей, создающих их, считается показателем экономического развития, признаком культурных и социальных отношений.
Историко-архитектурные памятники земли Сыра изменялись в зависимости от исторических событий в духе требований времени.
В VII – VIII веках религия ислам уже получила распространение в Азии, Африке и во многих странах Европы. Постепенно новая религия дошла и до края под названием Мауреннахр в Средней Азии. Таким образом в IX – X веках в тюркском мире утверждается ислам в суннитском направлении и с целью духовного обучения строятся мечети и медресе.
Земли Сыра являются краем где наиболее ярко сохранились следы древней цивилизации.
В связи с тем, что Республика Казахстан в 1991 году стала независимым суверенным государством, пробуждается общественное сознание и интерес к истории казахского народа, к его этногенезу, к духовным и материальным ценностям. В связи с этим, необходимо обратить внимание, что без исследования исторического наследия, имеющегося в Казахстане архитектурного и городского строительства, не может быть полной системы исследования историко-культурного наследия казахского народа в целом.
Цель исследовательской работы. Главная цель предлагаемой исследовательской работы – анализируя историческое наследие на территории области, показать новый показатель историко-архитектурного наследия на земле Сыра. Классифицировать историческое наследие в соответствии с требованиями нашего времени. Для достижения данной цели исследовательская работа ставит следующие конкретные обязательства:
- Согласно программе Президента Республики Казахстан 2004 года «Культурное наследие» внести свой вклад в исследование памятников культуры и историко-архитектурного наследия;
- составить единую систему классификации богатого культурного наследия народа;
- в связи с новыми показателями разделить на периоды культурно-исторические и архитектурные памятники, имеющие весомое значение для истории нации;
- правдиво и конкретно довести для последующего поколения историю предков;
- по-новому исследовать посредством последних научных материалов хронологию периодизации памятников на земле Сыра;
- сделать анализ и систематизацию исследовательских материалов об историко-архитектурном наследии.
Научное новаторство исследовательской работы:
- Разделить на периоды споры об историко-архитектурном наследии земли Сыра;
- Развитие в стране работы по классификации историко-архитектурных памятников после получения Независимости;
- Анализ итогов исследовательской работы в рамках программы «Культурное наследие»;
- Раскрыть изменения в материалах по социальному религиозному, бытовому развитию народа.
Основные выводы, предлагаемые к защите:
Земля Сыра богата историей и культурными памятниками. Многие из них взяты на государственный учёт в Археологической карте Казахстана. Памятники играют большую роль в исследовании истории края, в воспитании граждан в традициях мужества и патриотизма.
Структура исследовательской работы. Исследовательская работа состоит из введения, двух разделов, заключения, списки использованной литературы.
SUMMARY
The dissertation on receiving the academic degree of the master of pedagogical sciences on specialty
6M011400-History
Abdrakhmanova Gulzhaukhar Zhalgasbaykyzy
Urgency of a theme research:
Historical- architectural heritage as one of forms of production of goods and the located of the people creating them is consider an indicator of economic development, a sign of the cultural and social relations.
Historical- architectural monuments of the land of Syr changed depending on historical events in the spirit of time requirements.
In 7-8 th centuries the religion Islam has already got distribution in Asia, Africa and in many countries of Europe. Gradually, new religion has reached and edge under the name Maurennakhr in Central Asia. Thus in 9-10 th centuries in the Turkic world Islam affirms as the Sunni direction and for the purpose of spiritual training mosques and madrasah are under construction.
The land of Syr is edge where traces of an ancient civilization have most brightly remained. Our Republic of Kazakhstan in 1991 became the independence sovereign state, the public consciousness and interest to history of the Kazakh people to it ethnogeny; to spiritual and material values wakens.
The aims of work:
The main aims of research work - analyze historical heritage in the area territory, to show a new indicator of historical architectural heritage on the land of Syr;
to classify “the historical heritage” according to requirements of our time. The following concrete obligations:
According to the program of the President of the Republic of Kazakhstan of 2004 “Cultural heritage”, I want to make the contribution to research of monuments of culture and historical- architectural heritage.
Scientific novelty of dissertational work:
To divide on the period disputes on historical and architectural heritage of the land of Syr;
to analyze the results of research work within the cultural heritage program.
The main conclusions offered to protection:
The land of Syr is rich with historical and cultural monuments. Many of them have taken on the state account in the Archaeological map of Kazakhstan. Monuments take place large role in researches of history of edge, in education of citizens in traditions of courage and patriotism.
The dissertation structure:
The dissertation consists of the introduction, two chapters, the conclusion, the list of the used literatures.
Достарыңызбен бөлісу: |