Рефераты қызылорда, 2012ж


сәулет кескіндемелеріне тигізген әсері



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі425.95 Kb.
#21855
түріРеферат
1   2   3

сәулет кескіндемелеріне тигізген әсері анықталды.

Түркі халықтарының діни көзқарастары мен рухани түсініктерінің бастауы сонау арыда, діннің алғашқы бастамасы болып табылатын тотемизм (жанды, жансыз заттар мен жан-жануар, өсімдіктерді құрметтеп, соларға табыну), фетишизм (табиғат құбылыстарына, жан-жануарлардың мүшесіне табыну), анимизм (рух, жанға табыну), шаманизм (мәжусилік, бақсылық), т.б. алып жатады.

Шамандық сенімде болған ата-бабамыз Күнге де, Айға да табынған, табиғаттан түсініксіз бір күш көрсе, соған табына берген. [11.119]

Орта ғасырлық түркі өркениетінің дәуірлеуі тарихи аренада көптеген шығыстық, жалпы азиялық халықтардың мәдени өркендеуінен әлдеқайда көш ілгері болды. ҮІ-ҮІІІ ғасырлар аясында қуатты көшпелілер империясын құрудың өзі заманында әлемдік мәдени құндылықтар жаратуға өз үлесін қосып үлгерген ғұн, үйсін, тектес түркі тілді ұлыстардың өсіп-өркендеуінің заңды нәтижесі еді.

Сыр бойындағы, түркілер өмір сүрген өңірдегілердегі олардың жерлеу ескерткіштерін зерттеудің нәтижелері көшпелілердегі салт-сана мен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлердің бірізділігін айқын көрсетеді.

Жерленген өліктің қасына ешуақытта да қару-жарақ, ыдыс-аяқтарын, киімдерін көмбеген. Біз исламға дейінгі көп халықтар киім-кешектерімен, қару-жарақтарымен әрі құл, күңдерімен көмілгенін жақсы білеміз.

Мола – айқын атау емес, бұл атпен көне де, жаңа да бейіттерді араластырып айта береді, бірақ көбінесе мола деп қарапайым, сүреңсіз төмпешікті, ұсақ тас үйіндісін немесе балшықтан соғылған тұрпай ескерткішті атайды. [12.102]

Біраз археолог ғалымдардың пікірі бойынша, түркілердің дәстүрінде өлген ерді көбіне атымен бірге жерлейтін, ал атын көрдің ішіне ағаштан, тастан немесе арнаулы бір заттан жасалған жеке орынға, не қуыста көметін болған. Түрік әскерін жерлеу рәсімі оның барлық қару-жарағын да бірге көмумен танымал. Сонымен қатар, тұрмысқа қажетті – қайрақ пышақ, оттық сияқты заттар қоса көмілген. [13.47]

Исламға дейінгі дәуірде түркештер де өлген адамды ат-әбзелімен, қару-жарағымен қоса жерлейтін болған.

Арабтардың VІІІ ғасырдан бастап Орта Азия мен Қазақстан жеріне дендеп енуі мұндағы түркі тайпаларына, соның ішінде оғыз-қыпшақтардың өміріне, мәдени тіршілігіне көп өзгерістер туғызды. Бұл өңірді бұрынан мекен еткен түркі тектес ежелгі сақ, қаңлы, ғұн тайпаларының діні – Тәңір діні, тіпті Түркі қағанатының мемлекеттік діні Тәңірлік дін болып келген еді.

Ислам архитектурасы – әлемдік сәулет өнері қазынасына енетін, ислам дінінің ықпалы мен салынып-қалыптасқан ерекше үлгідегі ғимарат кешендерінің жүйесі. Ислам дінінің нығайып, қанат жаюымен бірге, мұсылмандықтың әсемдік хақындағы ұғымдары мен салт-дәстүріне үйлесетін жаңа құрылыстар (мешіт, медресе, кесене, т.б.) жаппай салына бастады. Орта Азия мен Қазақстанда ислам архитектурасының ескерткіштері салына бастады. [14.216]

Дін рухани мәдениеттің қай саласында болмасын өзінің таңбасын қалдырып отырды. Бұл ретте күрделі мәселе діннің өнердің дамуына тигізген ықпалы болып табылады. Егер христиан діні бейнелеу, сурет, және музыка өнерін өзінің ғибадат жүйесіне енгізсе, ислам уағызы, керісінше жалпы тірі жанды бейнелеуге тыйым салды. Сонымен қатар Е.Г.Яковлевтің айтуынша, исламда оның тарихи даму барысында, діни және көркемдік мәні бар белгілі бір символдар жүйесі құылды. Мысалы, «джамал» атты ұғымдағы құдіретті, мінсіз сұлудың символы – мешіттің күмбезі, құдай құдіретінің символы («джалал» ұғымы) минарет, құдай есімінің символы («сифат» ұғымы) мешіт қабырғаларындағы жазулар. Осылайша мұсылман архитектурасының діни-көркемдік символдары қалыптасқанын айтуымызға болады. [15.69]

ІХ-Х ғасырларда сүнниттік бағытта түркілер әлемінде де нығаюмен қатар, мұнда да мешіттер салынып, медреселердің де іргетасы қаланды.

ІХ-Х ғасырлардан бастап Сыр бойында сауда, қолөнер дамып, қалалы өмір, отырықшылық туа бастайды. Ірі-ірі мәдени орталықтар қалыптасады. Солардың бастылары – Жаркент, Жент, Баршынкент, Өзкент, Сауран Сығанақ, Отырар т.б. Мұның өзі көшпелі тайпалар арасына ислам дінінің енуіне себеп болған.

Бір кездері араб жихангерлерінің пікіріне сүйенген орыс ғалымдары Сыр бойында қалалы өмір болмаған болса, оны жергілікті тұрғындар емес, сырттан (шығыстан) келген тайпалар салған деген пікір айтып бақты. Бұл ойды В.Бартольд те жақтаған еді. Бірақ С.П.Толстов өзінің көпжылдық ғылыми-археологиялық ізденістерінің нәтижесінде мұндай ұшқары пікірлерді теріске шығарды. Сөйтіп, Сыр бойы мәдениетінің көне дәуірден бастау алатынын дәлелдеп «Сырдария қалаларының эфталит және оғыз дәуірінің аралығынан, мәдени тарихынан үзіліс байқалмайды, Х ғасырдағы оғыхдар мәдениеті - Ү-ҮІ ғғ. эфталит мәдениетінің тікелей жалғасы,» - деген тұжырымға келеді. Алғашқы пікірге қарағанда бұл шындыққа көп жақын еді. Оған дәлел ретінде ІХ-ХІ ғасырларда Сырдың төменгі Жанкент хандығына Шаш, Сарысу, Шалқар, Ырғыз, Жайық бойындағы тайпалардың бағынышты болғанын айтсақ болады.

Араб саяхатшысы Ибн-Қауқал да бұл кезеңде оғыздардың басты қаласы Жанкент болғанын жазады. [16.23]

ҮІ-ХІҮ ғасырларға кіретін Жанкент шаһарының ішіндегі Мыңтөбе моласы қорғаны Өркендеу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1 шақырымда орналасқан. Мың төбе моласы қорғаны ҮІ –ХІҮ ғасырлардан келе жатқан атау. Кейінгі деректерге қарағанда Жанкент шаһарының ішінен 1935 жылдары Ресейден арнайы топ келіп жергілікті тұрғындарға әр төбеге 5 сом ақша беріп үйдірген. Жіңішке рельстер орнатып үстіне вагонетка салып топырақ тасып оны оңдап Порох (қара дәрі) алу жұмысын бастаған. Белгісіз себептерден кейін жұмысы тоқтатылған. Бұрынғы деректер бойынша сол аумақтың асты кесектен салынған қалалардың орны деп айтылады. Бірақ толық зерттелмеген. Толық зерттеуді қажет етеді.

Ислам дінінің қазақ даласына таралуының өзіндік ерекшеліктері болды. Алдымен, жоғарыда айтылғандай, сол дәуірдегі ислам өркениетінің басқа мәдениеттерге қарағанда озықтығы басты ерекшелігі болса, екіншіден, түркілердің ислам дінін қабылдауда олардың дәстүрлі дүниетанымындағы тәңіршілдік түсініктеріндегі ханифалық монотейстік белгілердің исламдық тәухидтік ұғымдар мен формалық жағынан ұқсастығы маңызды рөл атқарды.

Сондай-ақ ислам дінінің таралуында ортағасырлық азаматтық қоғамдағы білім мен ғылым ошақтары – мектеп-медреселер мен забиялар арқылы да таралды. [17.57]

Исламның ықпалымен ежелгі жерлеу ғұрпы өзгеріп, о дүниеге байланысты көне көзқарастар біртіндеп ығыстырылып шығарылған. Қорған үйінділермен қатар мұсылмандардың қабірі «сағана» түрінде тастан қаланған мола құрылысы пайда бола бастаған, іргелі діни құрылыстары бар мұсылман зияраттары пайда болды. Дәстүрлі жерлеуді ислам ХVІ-ХVІІ ғасырларда ығыстырып шығарған деп жорамалданады. Ислам қала халқының идеологиясында елеулі рөл атқарды.

Қорыта айтқанда, қалалардың құрылуы, негізінен алғанда, қарлұқ дәуірінде (біздің заманымыздың ҮІІІ-Х ғасырларында) аяқталады. Мұның үстіне осы дәуірде құрылыс және шеберлік өнердің дамуы үшін материалдық және шығармашылық негіз әзірленеді; діни ықпалдың да әсері құрылыс саласына тікелей әсерін тигізді; кірпіш ою-өрнегі, штамп өрнек, трафарет (үлгі) бойынша жазып-сызу және тағы басқалар пайда болады.

«Сыр еліндегі орта ғасырлық және қазіргі заманғы сәулет өнері» деп аталатын екінші тарауда сәулет өнерінің орта ғасырлық дамуы туралы қарастырылған.

Бірінші бөлімінде Х-ХV ғасырлардағы жергілікті және Орта Азиялық сәулет өнеріне ортақ ерекшеліктер туралы қорытынды көрсетіледі.

ХІ ғасырдан бастап сәндік қолданбалы өнерде оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен пайдаланылған. ХІ-ХІІ ғасырлар аралығында ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісіне оюланған кірпіштер кеңінен қолданыла бастады.

Сәндік қолданбалы өнер кейінгі орта ғасырдағы қазақ халқының құрылыс, сәулет өнерінде айқын орын алғандығын байқауға болады. Мәселен, кейбір күмбездердің әшекейленіп жасалуы немесе тұскиіздер мен текеметтегі оюлар қолданбалы өнердің дамығандығын көрсетеді. [18.213]

Сыр елінен басқа өңірлерде де мешіт салу ісі ІХ ғасырдан бастау алған. Мысалы 893 жылғы Тараз шаһарындағы ғибадат орнына салынған мешіт соған дәлел. Осындай тұңғыш мешіттердің қатарына, Маңғыстаудағы Шақпақ Ата (ІХ-Хғ.ғ.) мешітін де жатқызуға болады.

Жазба жәдігерлер Отырар өңіріндегі Оқсыз, Кедер; Түркістан маңындағы Шауғар, Сүткент, Қарнақ, Иқан, Сауран; Сыр бойындағы Жент, Баршынкент, Өзкент, Аркөк, Сығанақ; Қаратаудың теріскейіндегі Баб Ата, Құмкент, Ақтөбе, Саудакент, Түймекент, Созақ; Исфиджаб (Сайрам) қаласындағы Манкент, Джумишлагу, Хурлуг; Тараз (Талас) алқабындағы Атлах, Хамукет, Жікіл (Жалпақтөбе), Адахкет Төменгі Барысхан, Бехлу, Шелжі, Құлан, Меркі, Аспара, Баласағұн, Суяб; Іле Алатауы мен Іле алқабы жақтағы Шелек, Түрген, Талғар, Ілебалық, Қойлық іспетті шаһарлар мен кенттер, рабаттар мен елді мекендерде орта ғасырдаң алғашқы кезеңінде-ақ мешіт салу басталғанын көрсетеді. [19.11]

Х-ХІ ғасырларда сәулетті құрылыстар салына бастаған. Мұндай құрылыс жүйелерінің салынуына Қазақстанда ислам дінінің нығая бастауы себеп болды. Сәулетті архитектуралық құрылыс жүйелерінің сыртқы көрініс стилі Орта Азия мен Қазақстанда бірдей болды. Әсіресе, діни кешендер салу ісі ерекше дамыды. Діни кешендер орталық алаңға салынып, басқа ғимараттардан оқшауланып тұрған. Бұл кездегі ғимараттарға мешіттерді, кесенелерді, мазарларды, моншаларды жатқызуға болады.

Мешіт – мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат. Мешіт, мұнара салдыру билік басындағылардың ислам дініне адалдығының нышанын білдірген. Х ғасырдың араб-парсы жазба деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалаларда мешіттердің болғандығы айтылады. Олардың кейбіреулері осы күнге дейін сақталған. Мысалы, Сараманқосы мұнарасы ХІ ғасырда салынған архитектуралық ескерткіш. Мұнаралы кесене құрылысының ертедегі үрдісіне жатады. Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Кәукей ауылының солтүстік-шығысында 2 км жерде. Құрылыс жоғары қарай сүйірлене соғылған. Шикі кірпіштен өріліп, күйдірілген кірпішпен қапталған, төменгі жағының диаметрі 12 м, биіктігі 15 м, іргетасының қалыңдығы 1,6 м. Мұнара 3 қабатты. 1-ші және 2- қабаттары күмбезделіп бітеді. 1-қабатында төртбұрышты терезе, 3-қабатында солтүстік және оңтүстік жағында 2 терезесі бар. [20.538]

Х-ХІІ ғасырлардағы Ұзынтам мұнарасы Қазалы ауданы, Ү.Түктібаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырымда орналасқан. Ұзынтам мұнарасы Х-ХIІ – ғасырда қам кесектен салынған архитектуралық ескерткiш. Ү.Түктібаев ауылынан 15 км жерде орналасқан.

Ескерткіш шаршы пішінді қам кесектерден күйдірілген кірпіштерді араластыра отырып тұрғызылған. Негізінің диаметрі – 7,30 м, биіктігі – 1,7 м. Ескерткіш қазіргі кезде қатты қираған, өзінің алғашқы кескінін жоғалтқан кіреберіс ойығы солтүстік-шығысқа бағытталған.

Цилиндрлі болып келген мұнара жоғарыға қарай тарыла түскен. Мұнара ішінде парабола кескінді күмбез камерасы бар. Шамасы, бұл бөлме күйдірілген кірпіштен қапталса керек. Ескерткіштің парапеті өзінің алғашқы бенесін жоғалтқан.

Ескерткіш тарихи-мәдени жағынан ерекше маңызға ие, ол Шығыс Арал өңіріндегі ортағасырлық жұмбақ мұнаралардың қорын кеңейте түседі және мұсылмандыққа дейінгі культтік-мемориалдық құрылыстар типтерінің генезисін анықтауға көп септігін тигізеді.[21.45-46]

Облыс территориясынан Орта Азия аумағында мүлдем жоқ ескерткіштерде кездеседі. Ол Х-ХІІІ ғасырлардан бері сақталып келе жатқан мұнара сәулет өнері ескерткіші. Ол Арал ауданына қарасты қазіргі Жаңақұрылыс ауылынан 35 шақырымдай жерде. Бұл мұнараның биіктігі 10,5 метр. Шикі кірпіштен қаланса да, екі қатар күйдірілген кірпіштен қапталып шыққан. Жоғары қарай сәл қусырыла келген сегіз қырлы призма болып біткен. 5,5-6 метрге дейін мұнара біртұтас, ал оның жоғарысында бөлме бар. Бөлмеге шығыс жақтағы аркалы ойық арқылы кіреді. Мұнараны зерттегендер ескерткіш ретінде де, алде бір белгі беру үшін де, немесе қарауыл қарауға да арналып салынуы мүмкін деген болжам білдірілген. Біздің елімізде мұндай құрылыстар кездеспейді. Есесіне ХІІІ-ХІҮ ғасырларға тән осындай «мұнаралы кесене» деген атаумен белгілі ескерткіштер Иран, Түркия, Әзербайжанда кеңінен таралған.[22.63]

Сыр еліндегі ескерткіштер (молалар) қала мен қоныстардың маңына орналастырылған. Молалардың басына шикі, болмаса күйдірілген кірпіштен мавзолей соғу ХІҮ-ХҮ ғасырлардан басталған. Қалалар орны мен мазарлардың Оғыз-Қыпшақ ұлыстарына (ІХ-ХІІ ғасырлар) жататын және олар: Сырлытам (екеу), Бегім Ана, Қорқыт Ата, Қырық қыз, сараман-қоса, Жанкент, Жент, Сунақ, Өзкент, т.б. жатқызады. [23.19]

ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандана бастауының нәтижесінде ХІҮ-ХҮ ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Зерттеулер Орта Азия ортағасырлық көшпенділердің түсініктерінің ата-бабалар мәдениетімен терең байланысын көрсетеді.

Тараудың екінші бөлімінде, ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы мәдени құндылықтардың қазақ дүниетанымындағы маңызы қамтылған.

ХІV-ХV ғасырлардың сәулет өнері жоғарғы деңгейге жетеді, зерттеушілер оны дүниежүзілік сәулет өнерінің ең жарқын құбылыстарының бірі деп атайды. Сәулет өнерінің жетекші шеберлері ұрпақтар тәжірибесін таратушылар әрі жеткізушілер болды, бірақ ешқандай да осы тәжірибенің ғана шеңберімен шектеліп қалмай, оны тұңғыш жаңалықтар табу арқылы байытып отырды. [24.252]

ХІV-ХV ғасырларда мұсылман дінінің қазақтар арасында толығымен енуімен қалаларда мовзолей, мешіттер көбірек салына бастаған. Сәулет өнерінде құрылыс жүйесінің көбі күмбездер болды. Ақ Орданы билеген Ерзен хан Сыр бойындағы Баршынкент, Сауран, Сығанақ, т.б. қалаларда зәулім құрылыстар тұрғызған. Оларды зерделеуде К.М.Байпақов, З.Ж.Шарденова, С.Я.Перегудова (2001 ж.) «сәулет археологиясы» мен С.Е.Әжіғалидың «Көшпелілер сәулеті» (2002 ж.) атаулары сәулет-өнертанушылық, этнографиялық тұрғыдан археологиялық зерттеу саласындағы маманданатын бір ғылыми бағыт.

Мавзолейлер Түркі халқы және ұлтымыздың өркениетіндегі қала мәдениетінің жарқын көрінісі – ішінара сақталған мавзолейлер болып табылады. Арал өңірінде Байғана, Сырлытам, Көккесене, Асанас т.б. сәулет ескерткіштері белгілі. [25.75]

Сауран мешітері. Сауран шахары ХVІІІ ғасырға дейін өмір сүрген. Онда бірнеше күмбезді мешіттер мен медреселер болған. Сауранның бас мешітінің сыртқы қабырғаларының көлемі – 31х33,5 м тік бұрыш. Қабырғалары қираған. Сақталған жерлері бойнша анықталған қабырғаның қалыңдығы – 1,4 м. Кіре беріс қақпаның оң жағындағы оңтүстік-шығыс қасбет қабырғадағы бөлік жақсы сақталған. Бұл жерде кірпіштің 9-10 қатар болып қаланғаны байқалды. Мешіт ХVІ- ХVІІ ғасырларға жатады. [19.172-173]

Қазақтың жерлеу дәстүрінде де ислам діні мен тәңірге табыну ықпалы қатар жүріп отырды. Ислам діні өлген адамды арулап жуып, жаназа шығарып, бетіп Меккеге қаратып жерлеуді талап етті. Өлік жатқан үйге күзет қойды, ол қыстақтың маңына жерленді.

Зиярат құрылысы да қайтыс болған кісінің жағдайын байқататын еді. Байлар күйдірілген кірпіштен өрнектеліп қалаған мазарға жерленді.

Қармақшы ата мазарысәулет өнерінің ескерткіші. Қармақшы аты Жүсіп, кейде Дәумен деп те аталады. Атаның арғы тегі Найман, Бағаналы руынан тараған. [26.4]

Мазар ХІV-ХV ғасырларда күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Қармақшы ауданының орталығынан 1-2 км қашықтықта. Жалпы жобасы шаршыланып келген (7,3х6,0х7,3), төбесі күмбезді. Қабырға қалауы мен күмбезінде өрнек жоқ. Орта ғасырлық мазар салу дәстүрінің бір белгісі – ескерткіш сыртының лайына аттың қылы қосылған. Мазарға алғаш назар аударған И.А.Кастанье оның күйдірілген қыштан тұрғызылғанын, Қармақшы атаны әулие тұтқан жергілікті халық күмбезді ақ матамен әулиенің өмірбаяны жазылғанын айтқан. [19.204]

Сонымен қатар «Қармақшы жерінде көптеген молалардың арасында екі мазар келушілердің назарын баса аударады. Соның бірі Қармақшы ата мәітінің үстіне қойылған ескерткіш. Қармақшы бейітінің жанындағы тағы бір моланы атаған. Ол халық қастерлеген Шеке Нияз әулиенің моласы. Мола басында конус тәрізді биік ескерткіш, кіре беріс есігінің жоғарғы жағында киіктің басы қойылған. [27.83]

Қорыта айтқанда, Сыр еліндегі ХІV-ХV ғасырлардағы сәулет ескерткіштерінен біз сол аумақты мекендеген халықтардың тұрмыс қалпының өзіндік наным-сенім негізінде қалыптасып қалғандығын көре аламыз. Табиғи ортаның адам тұрмысына қаншалықты әсер ететін осынау жерлеу дәстүрі кезіндегі құрылыс ошақтарынан-ақ байқауға болады.

Тараудың үшінші бөлімінде, Сыр еліндегі ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы сәулет өнеріндегі



техникалық нышандар қамтылған.

Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы, Омбыда, Орынборда, Оралда, Семейде және басқа да қалалардағы мектептерден басталатын жалпы білімнің дамуына септігін тигізді. 1761 жылдан басталған алғашқы мектеп жұмыс істей бастады. Ресейден жер ауып келген және отырықшы өмірге ауысқан өлкенің жергілікті халықтары, қалалар мен басқа да қонысты жерлерде тұрғызылған жаңа типтегі үйлер мен ғимараттарда тұрды, оларды сәулетті функционалды және көркемдік ерекшеліктері бойынша төрт түрге бөлуге болады:



  1. Ең көп тарағаны – бір қабатты, негізінен 4-5 бөлмелі, ауласындағы қора-қопсымен үйлестірілген, кірпіштен немесе қиыстырып ағаштан салынған үйлер;

  2. 1-2 аралас қабатты ағаштан салынған үйлер;

  3. 2 қабатты қалалық көп бөлмелі, ағашты өңделуіне сай келетін стильмен салынған тұрғын үйлер;

  4. 2 қабатты көп бөлмелі модерн стиліндегі қалалық тұрғын үй.

Қазақ өлкесі Ресейге қосылғаннан кейін Қазақстан сәулетінде, әрине, Ресей-Европалық сәулетті, қала құрылыстық көзқарас пенәдет-ғұрыптық белгілер белсенді ендіріле бастады. Осы кездегі материалдардан салынған ғимараттардың ішінде Қазақстан сәулетіндегі христиандық тамаша ескерткіш – діни ғибадатхана салынған – Қазан Құдай-ана ғибадатханасы бар, Қызылорда (Ақмешіт) қаласында 1890-1996 жылдары. Кейбір ақбарлар бойынша, осы ғимарат жоғарғы ведмстваның жобасы бойынша салынған. Мұның өзі Ресейдің шет жаққа салуға арналған жобасы деп болжам айтуға мүмкіндік береді. [28. 26]

Ақмешітті алу Ресейдің бұл өңірдегі саяси жағдайын ғана емес, стратегиялық жағдайын да жақсатты.

1853 жылы 31 тамызда Петербургте шыққан қаулы бойынша Ақмешіт қамалы Перовск форты деп аталды. №1 Қазалы, №2 Қармақшы форттары салына бастайды.

1967 жылы Перовск форты Перовск қаласы деп аталады да, ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Осы уақыттан бастап саудамен бірге өнеркәсіп орталықтары пайда болды.

1880 жылы мұнда екі кірпіш зауыты, екі жел дирмені, бір май шайқайтын орындар пайда болды. [29.5]

Халық санының өсуі, тауар-ақша айналымының тұрақты ұлғаюы, шағын кәсіпкерліктің дамуы қаланың дамуына жол ашты. Тұрмыстық нысандармен қатар білім және медицина орындарына қажеттілік артты. Перовскідегі алғашқы мектеп шіркеу қызметкері А.Е.масловтың пәтерінде 1860 жылдың 14 сәуірінде ашылды. Ал қазақ балаларына арналған мектеп 1863 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Бұл мектептер сол уақытта миссионерлік бағытта ашылған. ХІХ ғасырдың 70 жылдарында қалада көптеп мешіттер бой көтерді. [30.38]

ХІХ ғасырдың ортасында қазақ жеріне келген Заленский: «дала төсінде оның ежелгі заманнан бергі тұрғындарынан қалған көне мазарлар көп.

Қазақ даласында да украин жерінде кезігетін қорғандар сияқты аласа төмпешіктер, яғни обалар мол. Бұл обалардың пайда болуы ертедегі халықтардың осы жерелрде көшіп-қонып жүруінен. Кейбір қабірлердің басында кейінгі кезде қойылған құлыптастар бар, шамасы, бұларды басқа халықтың адамдары қойса керек.

Қабірлерді салуда материалды алыстан іздемейді, оны қалай тұрғызудың бұрыннан келе жатқан үрдісі даяр. Күн балшықты қыздырған сайын ол тастай берік болып алады», - деді. [31.76]

Ахун – ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласында «баулушы», «ұстаз» міндетін атқарған діни тұлға. Ахун Орта Азияны билеген Бұхар хандығының тұсында ислам ғұламаларының ішіндегі ең жоғары дәрежедегі категория болған. Орыс деректерінде ахундарды мектеп пен медреседе діни дәріс беруші ретінде қарастырылған. [32.290]

Қалжан ахун мешіт-медресесі Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылынан батысқа қарай 12 шақырымда орналасқан. Қалжан ахун мешіті қалжан ахун ауылының батысында 2 км орналасқан. Мешіт ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында салынған.Алғашқы мешіттің құрылысы кесектен салынып, пайдаланылған. Одан кейін кесекті күйдіру арқылы кірпіш шығарылып, қазіргі Қалжан ахун мешіті салынған. Мешіттің ұзындығы 44 м, ені 44 м, биіктігі 5 м болған. Темір жолға қараған бетінде мешітке мешітке тәу етушілер келу үшін қақпа орнатылған. Мешіттің алғашқы құрылысында 21 бөлме болып, ол ау баста балаларды оқытатын діни оқу орнына айналған. Сауаттандыру кезінде бастауыш мектеп, одан соң жеті жылдық мектеп болып балаларды сауаттандыру мақсатында қызмет еткен. Колхоздастыру кезінде мешіт астық қоймасына айналдырылып, пайдаланған. Кейінгі кездері мешіт халықтық асармен қайта жөнделі, маңайлары тазартылып, қалыпқа келтірілген. Халықтық асардың ұйымдастырылуымен мешіт маңайы қоршалып, имандылық жолында келушілер үшін жол салынған. Кейінгі кездері келушілердің автокөліктері үшін аялдама жасалған. Бұл күндері мешітке келушілер саны көбейе түскен. Мешітте шырақшы халыққа қызмет етеді. [33.7]

Қалжан ахун сағанасы Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылынан батысқа қарай 12 шақырымда орналасқан. Қалжан ахун сағанасы Қалжан ахун мешітінен 100 метрдей жерде орналасқан. Сағана күйдірілген кірпіштен өрілген, кіре беріс есігінің жолында белгі тақта орнатылған жерден биіктігі 1 метр 80 см. Сағананың қалыңдығы 60 см. Сағананың көлемі 6 шаршы метр. Қорғау аймағының схемалық жоспары 60х30 м. Қалжан ахун сағанасы ХІХ – ХХ ғасырда салынған, аудан орталығынан 12 км, ал жақын елді мекен Қалжан ахун ауылы ол жерден 2 км. Көкілташ медресесін бітіргеннен кейін, осы ауыл көлеміндегі Қалжан ахун мешітінің алғашқы имамы болады. [34. 259]

Қорытындылай келе, Көтібар мұнарасы, Шалбас батыр мұнарасы, Пұсырманбай кесенесі, Оразай ишан кесенесі, Найзағұл кесенесі, Түмен әулие кесенесі, Нияз кесенесі, Айдарлы кесенесі, Төлеген қатын кесенесі, Мәмбетбақы кесенесі, Қуат кесенесі, Бабай ишан мешіті, Ақмырза кесенесі, Үбістің үйтамы, Марал ишанның үйтамы, Қалқай ишан кесенесі, тағы басқа көптеген ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы сәулет өнеріндегі техникалық нышандар бір-біріне ұқсас болып келеді. Ескерткіштердің азғантай сипаттамасы сәулет ісінде осы заманда пайда болған композициялық шешімдер мен орта ғасырда қалыптасқан құрылыс дәстүрі салғанын білдіреді.

Тараудың төртінші бөлімінде, «ХХ ғасырдың бас кезіндегі және Кеңестік сәулет құрылысы» қамтылған.

ХХ ғасырдың басында Перовск қаласынаң тарихында ерекше оқиға болды. Ол Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы еді. Осы жолдың салынуына байланысты қалада станция, вокзал, депо, вагондар жөндеу бөлімшесі, азық-түлік, жүк қоймалары, паравоздарға су құятын қойма, Сырдан су айдайтын (водокачка) станция, теміржолшыларға тұрғын үйлер, әкімшілік үйлер салында. Патша өкіметі Қазақстан мен Орта Азияның жерін толық отарлау, байлығын шикізатын Ресейдің орталықтағы өндірісіне жалғастыру үшін теміржол салу мақсатында бірнеше жобалар жасау жұмыстарын 1872-1899 жылдар арасында жүргізді. 1899-1900 жылдар аралығында Орынбордан Көбекке дейін, терістік бөлімін және Ташкеннен Көбек станциясына дейін оңтүстік бөлігін салудың зерттеу жұмыстарын аяқтап, келісімдер жасалды.

Орынбор – Ташкент теміржолының ұзындығы 2090 км, тәулігіне екі бағытта 22 жұп поездер өтуді қамтамасыз ететін болып жобаланды, оның ішінде қазақ жері арқылы өтетін бөлігі 1660 км. Ол үшін арнайы Орынбор мен Ташкент арасында 72 станция, 159 разьезд, 17 ірі көпір салу жоспары бекітіледі.

Азаматтық құрылыстарға арналып 18 казарма, 13 қарауыл үй, 12 тұрғын үй салынды. Шиеліде 5, Перовскіде 2 үй салынып бітті. Мұнымен қатар Шиеліде зат түсіретін пакгауз, Ташкент пен Перовскі қалаларының арасында телеграф бағаналары салынады. [35.3]

Тарихтан белгілі, патша үкіметі 1989 жылдың маусымында Орта Азияға апаратын темір жолды салу жайын талқылау үшін айрықша Кеңес өткізеді. Мысалы қаржы және сыртқы істер министрлігі Саратов арқылы Чарджауға жол жеткізуді ұсынады. Ал әскери министр, генерал Куропаткин құрылыс желісінің Орынбордан Ташкентке қарай бағыт ұстауын талап етеді. [36.6]

1901 жылы 21 сәуір күні патша Николай ІІ Орынбор-Ташкент теміржолын салудың жобасын бекітіп, қаражат бөлуге жарлық шығарады. Патша үкіметінің Орынбор-Ташкент темір жолын салудағы басты мақсаты Орта Азиямен арасындағы бәсекелестікте жеңіп шығу, өлкедегі арзан шикізат қорын Ресейге тасу, Түркістан өлкесіне тура шығу еді.

Теміржолдың терістік бөлігі 1901 жылы басталып, 1905 жылдың 26 шілдесінде аяқталып жұмыс жасай бастады. Оңтүстік бөлігі 1902 жылы басталып 1906 жылдың сәуірінде аяқталады. 1906 жылы мамырдан бастап Орынбор мен Ташкент арасында толық, екі жақты – адам және жүк тасу поездары үздіксіз жүре бастады. [37.18]

1901 жылдың сәуір айында басталған екі нүкте, яғни солтүстік бөлігі «Орынбор-Қазалы» атанса, оңтүстік тармағы «Ташкент-Қазалы» деген атауға ие болған. [38.8]

Мысалы, Қармақшы ауданы Жосалы теміржол стансасының теміржол вокзалы ғимараты. Ғимарат жоспар бойынша тіктөртбұрыш болып салынған үш негізгі бөліктен және он алты қосымша бөліктерден тұрады. Тізбектелген кірпіштен тұрғызылған. Интерьері сыланған және ақталған. ХХ ғасырдан бері барша адамзатқа ортақ қоғамдық ескерткішболып табылады.

1905 жылдары Орынбор – Ташкент темір жол құрылысымен елге келген бекеттердің, су қыспақты мұнаралардың құрылысы бүгінде тарихи ғимататтар қатарында.

Сонымен қатар, Сыр елінің аумағында орналасқан тарихи ескерткіштер қатарына Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіштер және ескерткіш бюсттер де қамтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет