Регламенті Жалпы ережелер «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»



жүктеу 100.42 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі100.42 Kb.


Қарағанды облысы әкімдігінің

2014 жылғы " ____ " _________

№ _____ қаулысымен бекітілді

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыс әкімдігінің, аудан және қала әкімдіктерінің өкілетті органдары – «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, аудан және қалалардың ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерімен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      мекенжайлары www.con.gov.kz сайтында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық);

      «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) орталыққа өтініш берген кезде – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама;

2) портал арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1542 қаулысымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді іске асырады – 5 (бес) минут. Нәтижесі – қызмет алушыға қолхат беру;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады – 15 (он бес) минут. Нәтижесі – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтамаға қол қою;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қол қойылған анықтама береді – 10 (он) минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қою.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы танысу және қол қою үшін құжаттарды басшылыққа жолдайды – 5 (бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы танысады, қол қояды және құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызмет алушыға жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қол қойылған анықтама береді – 10 (он) минут.

8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемасымен сүйемелденеді.



4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) орталыққа Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін орталықтың қызметшісі мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады – 10 (он) минут.

Орталықтың қызметшісі құжаттардың түпнұсқаларын мемлекеттік органдарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтерімен салыстырып тексереді, сонан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.

10. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат беріледі – 5 (бес) минут.

11. Мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру орталыққа жеке хабарласқан кезде немесе оның өкілі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) «терезе» көмегімен іске асырылады.

12. Көрсетілетін қызметті алушы қызметтің нәтижесін алуға белгіленген мерзімде хабарласпаған жағдайда, орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны орталықтың мұрағатына береді.

Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласу тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес графикалық түрде келтірілген.

13. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызмет беруші мен көрсетілген қызмет алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркеуді іске асырады;

2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және паролін енгізу үдерісі (авторизация үдерісі);

3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

4) 2-үдеріс – порталдың көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түріне Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі қажет құжаттардың көшірмелерін бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдап алуы;

6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы);

7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің сауалды өңдеуі үшін көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) «электрондық үкіметтің» автоматтандырылған өңірлік шлюзі жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жолдау;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарды сәйкестікке тексеруі;

10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен портал қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

14. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл етуі осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. 

«Жеке қосалқы шаруашылықтың


болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
   

Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы


Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді іске асырады – 5 (бес) минут.






Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қол қойылған анықтама береді – 10 (он) минут.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың


болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласу тәртібінің сипаттамасы


Орталықтың қызметшісі құжаттардың түпнұсқаларын мемлекеттік органдарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтерімен салыстырып тексереді, сонан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.





Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды орталықтың қызметшісіне ұсынады.

Орталықтың қызметшісі қызмет алушының тұлғасын куәландыратын мәліметтер алу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне сауал жолдайды.




Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі мемлекеттік ақпараттық жүйеге сәйкес ақпарат алады.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйе. Нәтижесі – электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық деректер жолдайды.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың


болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша


Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл етуі

Шартты белгілер:





Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Аяқтаушы қарапайым оқиға



Қате



Ақпараттық жүйе



Үдеріс



Шарт



Хабарламалар ағыны



Басқару ағыны



Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатың электрондық құжат

«Жеке қосалқы шаруашылықтың


болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 4-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің

бизнес-процестерінің анықтамасы



Құжаттарды ұсынады



Құжаттарды қабылдау және тіркеу, анықтаманы беру – 15 (он бес) минут

Құжаттарымен танысады, анықтамаға қол қояды – 15 (он бес) минут

Мемлекеттік ақпараттық қызметтерді көрсету мониторингінің жүйесіне сұраныс жолдайды, , мәліметтерді алу – 10 (он) минут

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді ұсынады – 10 (он) минут



Порталда тіркелуі

Авторизация, деректердің түпнұсқалығын тексеру

Сұранысты өңдеу




Авторизациядан бас тарту



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет