Регламенті Жалпы ұғымдар Осы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»



Дата29.02.2016
өлшемі207.45 Kb.
#29513
түріРегламент
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2013 жылғы 28 наурыздағы
№ 78 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ұғымдар

      1. Осы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:


      1) пайдаланушы - жеке немесе заңды тұлға;
      2) уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттiк қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.


      3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген мекенжай бойынша жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) көрсетіледі.
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 49-1-бабының, сондай-ақ Стандарт негiзiнде жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттік қызмет нәтижесі болып қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет күн сайын дүйсенбіден бастап жұма күнін қоса алғанда, 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес мереке күндері.


      Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) уәкілетті органның стендiлерiнде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады;
      2) «Ақтөбе облысы жер қатынастары басқармасы» ММ (бұдан әрі – басқарма) www.zher.aktobe.gov.kz ғаламтор-ресурсында орналасады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті пайдаланушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 37 күнтізбелік күні;
      2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
      3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
      10. Құқықтық режимі, жер учаскесінің санатқа тиесілігі және жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалану негізінде нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру мүмкін емес болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      Стандарттың 11-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушыны құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептері жөнінде жазбаша хабардар етеді.
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар жер учаскелері орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға тапсырылады.
      Жергілікті атқарушы орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті пайдаланушы ұсынған құжаттарды қабылдап алады және тіркейді. Тіркеуден өткізгеннен кейін құжаттарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның басшысына жібереді.
      Жергілікті атқарушы органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға құжаттың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және құжаттарды тиісті құрылымдық бөлімшеге жібереді.
      Жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы құжатты қарайды және келіп түскен құжаттарды (келіп түскен жұмыс күні ішінде) жауапты бөлімшеге жібереді.
      Уәкілетті органдармен келіседі және 7 (жеті) жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшесіне жібереді.
      Жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарайды, құжаттың толықтығын тексереді, материалдарды жер учаскесін беру жөніндегі комиссиясының отырысына әзірлейді. 7 (жеті) жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісу үшін жібереді.
      Жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы материалдармен келіседі және 1 (бір) жұмыс күннің ішінде жер комиссиясының қарауына жібереді.
      Жер комиссиясының отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарау және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешім қабылдау.
      Жер комиссиясының шешімін жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе дәлелді бас тарту туралы шешімнің жобасын әзірлеу үшін 1 (бір) күнде жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы тиісті құрылымдық бөлімшесіне жіберу.
      Жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері жергілікті атқарушы органның жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе дәлелді бас тарту туралы шешім жобасын әзірлейді және материалдарды 3 (үш) жұмыс күннің ішінде жергілікті атқарушы органға шешімді қабылдау үшін жібереді.
      Жергілікті атқарушы орган 5 (бес) жұмыс күннің ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызметті пайдаланушыға 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе дәлелді бас тарту туралы шешімнің көшірмесін жібереді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

      12. Жергілікті атқарушы органының кеңсе қызметкерімен мемлекеттік қызметті пайдаланушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:


      1) өтініштің нөмiрi және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін уәкiлеттi органға Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуы қажет.
      14. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: уәкілетті орган қызмет пайдаланушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың cақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында мына құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) іс-әрекет етеді:
      1) жергілікті атқарушы орган;
      2) уәкілетті органының басшысы;
      3) уәкілетті органының тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      4) уәкілетті органдар;
      5) тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      17. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сабақтастығы мен өзара іс-қимылының сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетуші лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      18. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары жауапты болып табылады.


      Мемлекеттік қызметті пайдаланушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мекенжайлары және телефондары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жауапты лауазымды тұлғасына жүгіне алады.
      19. Мемлекеттік қызметтерді пайдаланушы уәкілетті органның қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға көмектесу үшін уәкілетті органмен белгіленген мекен жайлары мен телефондары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жауапты қызметкеріне жолығуы қажет.
      Шағымның қаралу нәтижесі туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Жер учаскесінің нысаналы


мақсатын өзгертуге шешім беру»
      мемлекеттiк қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы



Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Жергілікті атқарушы органының кеңсе қызметкері

Жергілікті атқарушы органының басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға.

Жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы

3

Әрекеттің
(үдерістің,
рәсімнің,
операцияның) атауы
және олардың
сипаттамасы

Мемлекеттік қызметті пайдаланушымен тапсырылған құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттардың мазмұнымен танысу және бұрыштама толтыру

Құжаттарды қарау

4

Аяқтау (мәліметтер,
құжат,
ұйымдастырушылық -
өкімдік шешім)
түрі

Жергілікті атқарушы органның басшысына немесе оның міндетін атқаратын немесе уәкілетті тулғаға қарау үшін жолдау

Жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшесіне жолдау

Құжаттарды тиісті құрылымдық бөлімшесіне жіберу.

5

Орындалу мерзімі

(1 жұмыс күні ішінде).

(жұмыс күні ішінде. түскен күннің ертеніне жіберу)

(түскен күні жұмыс уақытында)

6

Келесі әрекетінің номірі

2 колонка.

3 колонка

4 колонка

кестенің жалғасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

4

5

6

7

Уәкілетті органдар (құжатқа келісім берушілер)

Жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері

Жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы

Жергілікті атқарушы орган

Келісім беріп жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшесіне жіберу.

Құжаттарды заңнамаға сәйкестендіріп қарау, құжаттардын толықтығын тексеру, жер учаскесін беру туралы комиссиясының отырысына материалдарды дайындау

Материалдармен келісу.

Түскен материалдарды қарау

Келісім беру және жер қатынастары саласындағы тиісті құрылымдық бөлімшесіне жіберу.

Жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісімге жолдау.

Жер комиссия отырысында қарау үшін материалдарды жолдау

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдау

(7 жұмыс күні)

(7 жұмыс күні)

(1 жұмыс күні ішінде).

1 жұмыс күн

5 колонка

6 колонка

7 колонка.

8 колонка

1 кестенің жалғасы 



Негізгі үдіресінің әрекеті (жүруі, жұмыс легі)

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

8

9

10

11

2

ҚФБ атауы

Жергілікті атқарушы орган

ЖҚБ қызметкері

Жергілікті атқарушы орган

Жергілікті атқарушы орган

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Жер комиссия қорытындысын жер қатынастары басқармасына жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім жобасын немесе дәлелді бас тарту туралы жауап дайындау үшін жолдау

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге жергілікті атқарушы органының шешім жобасын немесе дәлелді бас тарту туралы жауап дайындау және жергілікті атқарушы органға шешім алу үшін жолдау

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешімін немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты қабылдау

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешімінің көшірмесін немесе дәлелді бас тарту туралы жауабын мемлекеттік қызметті пайдаланушыға жіберу

4

Аяқтау (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық - өкімдік шешім) нысаны

Жер комиссия қорытындысын жер қатынастары басқармасына жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім жобасын немесе дәлелді бас тарту туралы жауап дайындау үшін жолдау

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге жергілікті атқарушы органының шешім жобасын немесе дәлелді бас тарту туралы жауап дайындау және жергілікті атқарушы органға шешім алу үшін жолдау

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешімін немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты қабылдау

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешімінің көшірмесін немесе дәлелді бас тарту туралы жауабын мемлекеттік қызметті пайдаланушыға жіберу

5

Орындалу мерзімі

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

5 жұмыс күні

7 жұмыс күні

6

Келесі әрекетінің номірі

9 колонка

10 колонка

11 колонка

11

«Жер учаскесінің нысаналы
      мақсатын өзгертуге шешім беру»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сабақтастығы мен өзара іс-қимылының сипаттамасы

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет