Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»



бет2/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.54 Mb.
#10445
түріРегламент
1   2   3   4

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,

екінші және үшінші көбейтілген

тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3 қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету процесі (жұмыс барысы, ағымы)

1 ҚФБ. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы

2 ҚФБ. Басқарма басшысы


3 ҚФБ. Жауапты орындаушы


4 ҚФБ. Комиссия




О-1, А-1

Тұтынушының құжаттарын қабылдау және тіркеу

(30 минуттан артық емес)





О-7, А-7

Тұтынушыға аттестаттау туралы куәлікті немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру (30 минуттан артық емес)







О-2, А-2

Жауапты орындаушыны белгілеу

(1 сағаттан артық емес)


О-6, А-6

Тұтынушыға бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы бұйрыққа, аттестаттау туралы куәлікке немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

(1 сағаттан артық емес)
(1 сағаттан артық






О-3, А-3

Комиссия қарау үшін тұтынушының құжаттарын дайындау

(1 жұмыс күні)








О-5

Тұтынушыға бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы бұйрықты, аттестаттау туралы куәлікті ресімдеу (1 жұмыс күні ішінде)










А-5

Аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау

(1 жұмыс күнінен артық емес)






О-4, А-4

Ұсынылған құжаттарды зерделеу, тұтынушының бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін жергілікті жерге бара отырып анықтау (15 жұмыс күнінен артық емес)






Толық құжаттар пакеті ұсынылған және тұтынушының біліктілік талаптарына сәйкестігі жағдайында




Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба


Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған және тұтынушының біліктілік талаптарына сәйкес еместігі жағдайында

О – негізгі іс-әрекеттер;

А – балама іс-әрекеттер

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «___» ____________

№____қаулысымен бекітілді

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы

анықтама беру» мемлекеттік қызмет

регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына сәйкес әзірленді.

2. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) жергілікті атқарушы органдар (кенттердің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері) (бұдан әрі – ЖАО), сондай-ақ балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы көрсетеді.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы негізінде көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қағаз тасығышта анықтама беру немесе жазбаша түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы ЖАО-ға немесе ХҚКО-ға жүгінуі керек, олардың мекенжайы және байланысу деректері осы Регламенттің 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген.

8. Мемлекеттік қызметті ЖАО демалыс және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетеді, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.

ХҚКО-да мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, ал ХҚКО филиалдарында және өкілдіктерінде жұмыс күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін көрсетіледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты тұтынушы:

1) осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген ЖАО веб-сайттарынан немесе телефондар бойынша;

2) ХҚКО-ның www.con.gov.kz веб-сайтынан немесе «электрондық үкімет» call-орталығы ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны бойынша алады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

ЖАО-ға өтініш берген кезде:

мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап көрсетіледі;

мемлекеттік қызметті алуға дейін күтуге рұқсат етілген ең көп уақыты - 10 минуттан артық емес;

мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең көп уақыты - 10 минуттан артық емес;

ХҚКО-ға өтініш берген кезде:

тұтынушы Регламенттің 16 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 2 (екі) күннен артық емес;

мемлекеттік қызметті алуға дейін күтуге рұқсат етілген ең көп уақыты - 10 минуттан артық емес;

мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең көп уақыты - 10 минуттан артық емес.

11. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

12. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) осы Регламенттің 16 тармағында көрсетілген қажетті құжаттар пакетін толық ұсынбау;

2) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы ЖАО шаруашылық жүргізу кітабында деректердің болмауы.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

ЖАО-ға өтініш жасаған кезде:

1) ЖАО жауапты орындаушысының тұтынушының ауызша өтінішін қабылдауы;

2) ЖАО жауапты орындаушысы ЖАО шаруашылық жүргізу кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы деректерді тексереді, анықтаманы ресімдейді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және тұтынушыға береді;

ХҚКО-ға өтініш жасаған кезде:

1) тұтынушы ХҚКО-ның инспекторына еркін нысанда өтініш береді, ХҚКО-ның инспекторы өтінішті ХҚКО-ның жинақтау бөліміне береді;

2) ХҚКО-ның жинақтау бөлімінің инспекторы өтінішті ЖАО-ға береді;

3) ЖАО құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы ХҚКО-дан құжаттарды қабылдайды және тіркейді және ЖАО-ның жауапты орындаушысына береді;

4) ЖАО жауапты орындаушысы ұсынылған өтінішті қарауды жүзеге асырады, анықтаманы ресімдейді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;

5) ЖАО құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ХҚКО-ға береді;

6) ХҚКО-ның инспекторы тұтынушыға анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

14. ЖАО және ХҚКО-да мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы іс-әрекеттер

(өзара іс-әрекет) тәртібінің сипаттамасы
15. ЖАО-да қызмет тұтынушы ауызша өтініш жасаған сәтте көрсетіледі. Құжаттардың ХҚКО-ға тапсырылғанының дәлелі құжаттардың қабылданғаны туралы тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні) қойылған қолхат болып табылады.

16. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы:

ЖАО-ға: жеке куәлігін;

ХҚКО-ға:


  1. еркін нысандағы өтініш;

  2. салыстыру үшін түпнұсқасын бере отырып, жеке куәлігінің көшірмесін ұсынады.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылды:

ЖАО-ға өтініш жасаған кезде:

ЖАО жауапты орындаушысы;

ХҚКО-ға өтініш жасаған кезде:

1) ХҚКО-ның инспекторы;

2) ХҚКО-ның жинақтау бөлімінің инспекторы;

3) ЖАО құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы;

4) ЖАО-ның жауапты орындаушысы.

18. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімдеудің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдеулері) дәйектілігінің және өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.

19. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламенттің 4 қосымшасында келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсетуші лауазымды

тұлғалардың жауапкершілігі
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік

қызмет регламентіне

1 қосымша



Шығыс Қазақстан облысы қалалары, аудандары жергілікті атқарушы органдарының тізбесі және байланысу деректері


р/с №

ЖАО атауы

Орналасу мекенжайлары

Анықтамалар үшін телефондары және электрондық мекенжайы

1

«Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17

тел. 8 (7232) 24-12-38,
е-mail: uprEconomika@oskemen.kz

2

«Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
Интернационал көшесі, 8

тел. 8 (7222) 52-27-63,
е-mail: economsemey@mail.ru

3

«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы,
Семенов көшесі, 19

тел. 8 (72336) 4-62-26,
е-mail: есо@ridder.kz

4

«Курчатов қаласы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4

тел. 8(72251) 2-36-01 e-mail: Kurchatov.vko.gov.kz


5

«Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы,
Қарауыл ауылы,
Құнанбай көшесі, 5

тел. 8 (72252) 9-15-59,
е-mail: Abay_ekonom@mail.kz

6

«Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Абай Бульвары, 14

тел. 8 (72237) 3-03-31,
е-mail: ekonom_agz@mail.kz

7

«Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі, 144

тел. (72236) 9-03-45,
е-mail: beskaragay1_ekon@mail.ru

8

«Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ



Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсiздiк көшесі, 69

тел. 8 (72351) 2-15-57,
е-mail: economica-bor2007@mail.kz

9

«Глубокое ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 11а

тел. 8 (72331) 2-30-60,
е-mail: glubokoe_ekonom@mail.ru

10

«Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105

тел. 8 (72347) 6-53-93,
е-mail: zharma_ekonom@mail.ru

11

«Зайсан ауданы әкімінің аппараты» ММ



Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі, 54

тел. (72340) 2-16-06,
е-mail: ecoplan-zaisan@mail.ru

12

«Зырян ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Совет көшесі, 20

тел. 8 (72335) 4-03-20,
е-mail: Zur_Economica@mail.ru

13

«Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 102

тел. 8 (72341) 2-95-31,
е-mail: economica_katon@mail.ru

14

«Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы, Ш. Фахрутдинов көшесі, 44а.

тел. 8 (72348) 2-12-83,
е-mail: Kok_econom@mail.ru

15

«Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Ибежанов көшесі, 23

тел. 8 (72339) 2-22-06,
е-mail: doszakup_kurchum@mail.ru

16

«Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы,
Абылайхан көшесі , 13

тел. 8 (72346) 2-20-54,
е-mail: tarbag_econ@mail.ru

17

«Ұлан ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Молодежный кенті, 1 үй

тел. 8 (72338) 2-71-56,
е-mail: ulan_econom@mail.ru

18

«Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан көшесі , 122

тел. 8 (72230) 3-53-03,
е-mail: urdzharecon@list.ru

19

«Шемонаиха ауданы
әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Совет көшесі, 59

тел. 8 (72332) 3-32-93,
е-mail: economicshem@mail.kz

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік

қызмет регламентіне

2 қосымша



Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет

көрсету орталықтарының тізбесі


р/с№

Орталықтар атауы

(филиалдар, бөлімдер, бөлімшелер)



Орналасу мекенжайлары

Байланыс деректері

1

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37а

8 (7232) 78-42-90

8 (7232) 22-48-03



2

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының № 1 Өскемен бөлімі

Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы, 20/1

8 (7232) 60-39-22


3

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының № 2 Өскемен бөлімі

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 99/1

8 (7232) 57-83-88

8 (7232) 22-81-37



4

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Глубокое бөлімі

Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 22

8 (72331) 2-23-35

5

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Зайсан бөлімі

Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі, 52а

8 (72340) 2-67-81

6

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Зырян бөлімі

Зырян ауданы, Зырян қаласы, Стаханов көшесі, 39

8 (72335) 6-02-39

7

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Катонқарағай бөлімі

Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 96

8 (72341) 2-23-60

8

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Күршім бөлімі

Күршім ауданы, Күршім ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 77

8 (72339) 2-13-10

9

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Риддер бөлімі

Риддер қаласы, Семипалатинская көшесі, 12

8 (72336) 4-62-62

10

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Тарбағатай бөлімі

Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Көбеков көшесі, 8

8 (72346) 2-24-96

11

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Ұлан бөлімі

Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, 9 үй

8 (72338) 2-78-96

12

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Шемонаиха бөлімі

Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, 3-шағын аудан, 12 үй

8 (72332) 3-41-00

13

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының № 1 Семей бөлімі

Семей қаласы, 408 квартал,

21 үй


8 (7222) 33-57-97

8 (7222) 33-55-93



14

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының № 2 Семей бөлімі

Семей қаласы, Найманбаев көшесі, 161а

8 (7222) 52-69-29

15

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Абай бөлімі

Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 12

8 (72252) 2-22-64

16

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Аягөз бөлімі

Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Ақтанберді көшесі, 28 А/Б

8 (72237) 5-24-32

17

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Бесқарағай бөлімі

Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2а

8 (72236) 9-06-30

18

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Бородулиха бөлімі

Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, 25

8 (72351) 2-20-48

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне



3 қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет