347. Трамвайды техникалық пайдалану қағидасы негізгі техникалық құжат болып табылады және трамвай вагондарын, тартымдық қосалқы стансаларды, түйіспе және кабель желілерін, рельс жолдарын, сигнализация, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларын (бұдан әрі- СОБ) техникалық пайдалануға, ғимараттар мен құрылыстарды күтіп-ұстауға қойылатын негізгі талаптарды белгілейді.
348. Трамвайды техникалық пайдалануға байланысты терминдерді уәкілетті орган бекітеді.
349. Трамвай көлігін пайдалануға байланысты рельс көліктік құралдар (бұдан әрі- РКҚ) ұйымының (кәсіпорынның) әрбір қызметкерінің осы Қағидаға, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулық және ішкі еңбек тәртібі бойынша білім алады және аттестаттаудан өтеді.
350. Осы Қағидаларды білуін жүйелі тексеру үшін РКҚ ұйымында комиссия құрылады. Кәсіпорынның басшысы, оның орынбасары, РКҚ ұйымының бас инженері және құрылымдық бөлімшелердің басшылары Комиссия төрағасы бола алады.
351. Кәсіп тізбесі, білімін тексеруді қажет ететін жұмыс, тексеру кезеңділігі және емтихан алушы комиссияның құрамын РКҚ ұйымының басшысы бекітеді.
352. Трамвай көлігінің тікелей өндіріс учаскелерінде жұмысты ұйымдастыру және жүргізуге байланысты, сондай-ақ бақылау және техникалық қадағалауды жүзеге асырушы басшылары мен мамандарының, осы Қағида бойынша білімдері үш жылда кемінде бір рет, жүргізушілер мен жөндеу персоналы жылына кемінде бір рет тексеріледі.
Депо. Жөндеу шеберханалары
353. Трамвай депосы (бұдан әрі - депо) қалалық жолаушылар көлігінің барлық түрлерін дамытудың кешенді схемасына немесе қалалық жолаушылар көлігін дамытудың (еесебімен) техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес және қаланың бас жоспарына үйлестіре отырып, орналастырылады.
354. Әдеттегідей, депо, жөндеу шеберханалары мен тұрақтарды 1,6 м биіктігімен тұтас қоршау арқылы бір жер теліміне орналастырған жөн.
355. Тұрақ деподағы бар тексеру және жөндеу вагон орындарының санын және жоспар бойынша басқа кәсіпорындарда жөндеуде тұрған жылжымалы құрам санын шегергенде, депоға тіркелінген барлық жылжымалы құрамды бір мезгілде орналастыруға арналуы тиіс.
356. Тұрақты асфальтбетонды немесе цемент төсеммен жоспарлануы тиісм. Трамвай жолдарының бойлық еңістері 2,5‰-дан аспауы тиіс.
357. Депо аумағына трамвай вагондары қозғалысының шекті кедергісін өлшеу үшін жеке учаске қарастыру қажет.
358. Тұрақ ашық және жабық екі типті болады. Вагондарға арналған жабық тұрақ бескүнде минус 30 С және төмен температурасы біршама суық қалалар үшін депо жобаланған жағдайда көзделеді.
359. Депо аумағына трамвай вагондары үшін бөлек кірер және шығар жолды (негізгі және резервті) қарастыру тиіс. Депо жағынан жолдың жүретін бөлігіндегі қозғалыс бағыты бойымен санағанда кірер жол негізгі шығар жолдан бұрын өтуі тиіс. Шығар жолда әрі-бері өтетін, ал шығар жолда (негізгісінде) бақылау пункті болуы тиіс.
360. Депо аумағына кірер немесе одан шығар жолға арналған қақпалар шеткі сызықтан трамвай вагоны шанағы ұзындығынан кем емес шегіну арқылы орналасуы тиіс.
361. Депо аумағындағы вагондар қозғалысының сұлбасында айналма жол (бір жақты) және басып озу пункті болуы тиіс.
362. Жылжымалы құрамның ашық тұрағындағы жүретін жолдың енін 3,5 м қабылдау тиіс. Көлденең бағытта өрт сөндіру поездарының арақашықтығы - 125,0 м.
363. Трамвай вагондарының кіріп-шығып өтуіне арналған ғимараттардағы қақпалардың биіктігі түйіспе сымы аспасының 5,0 м аспауы тиіс, ені (шамда) 4,0 м, сондай-ақ ашып-жабу үшін механикаландырылған сымы болуы тиіс.
364. Ғимарат қақпаларындағы жұмысшылардың өтуіне арналған кішкене қақпа ғимараттан шығу бағытында ашылуы тиіс, кішкене қақпаның ені 0,8 м-ден кем болмауы тиіс.
365. Трамвай рельсінің басынан жетекші құрылым жамылғысына дейін вагондардың жабық тұрағы жайының биіктігі 5,5 м кем емес.
366. Депода техникалық қызмет көрсету, ағымдағы ағытып жөндеу, цехтарын, бас механиктің жайлары мен шеберхана бөлімдерін, қойма жайларын қарастыруы тиіс.
Өндірістік және қосалқы құрам жобаның технологиялық бөлігімен нақтылануы тиіс.
367. Депо жайының биіктігі кемінде метрде:
Өндірістік 3,0 м;
Ағаш ұста және ұста-рессорлық бөлімше 4,0 м;
Трамвай вагондары кіргізілетін жайлар:
Түйіспе сымдары болмағанда 4,5 м;
Түйіспе сымдары болғанда 5,85 м.
368. Ғимараттарда трамвай вагондарына техникалық қызмет көрсету аймақтарында негізінен жыралар мен еден бетіндегі жерлерге жұмыс бекеттерін қарастыруға рұқсат етіледі.
Жоспарда жыралар мен шұңқыр жанын орналастыру техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің қабылданған технологияларына сәйкес белгіленеді.
Жыра тереңдігі 1,4 м, вагонның ернеу бөлігіне орналасқан жабдыққа қызмет көрсету үшін шұңқыр тереңдігі - 0,8 м болуы тиіс.
369. Жыра ені кемінде 1,35 м болуы тиіс.
Жыралар ұзындығы мен арналғанынан тәуелсіз жыра үстінде тұрған вагон габаритімен жабылмаған екі шығар жол болуы тиіс. Жыра ұзындығы бір вагондық орын болғанда, шыға берістерінің бірі (қосалқы) жыраның сыртқы қабырғасында металл қапсырма түрінде орындауға рұқсат етіледі.
370. Диагностикалық және тексеру бөлімшелерінің жыралары мен тегістемелері су өткізу үшін кәріздендірілуі тиіс. Тексеру аймағын бөлу үшін 40,0 м ұзынырақ байқау жырасы артық ені 0,8 м-ден кем емес өтпе көпіршесі қарастырылады. Дәнекерлеу жұмыстарына арналған жыра ғимараттан тыс орналастырылады.
371. Бояу бөлімшелерінің құрамында вагондарды дайындау, бояу және кептіру және сырларды дайындау жайлары қарастырылады. Әдетте, бояу бөлімшелеріне тура өтпе болуы тиіс.
Вагондарды камералық кептіру кезінде, бояу жайын бөлмеуге болады.
372. Аккумуляторлық шеберхананы орналастыру кезінде, екі жай қарастырылады:
бірі – электролитті дайындау учаскесімен жөндеу үшін,
басқасы - аккумуляторларды қуаттау үшін.
Егер бір мезгілде 10-нан аспайтын аккумуляторлар зарядталып жатса, жеке жайларда аккумуляторларды зарядтауға рұқсат етіледі және қосу зарядтау құрылғыларымен бұғатталған жеке желдету сорғысы бар арнайы шкафтарда, оларды зарядтау жүргізіледі.
373. 10 м3 дейін майлау материалдарын сақтау мөлшерімен май тарату жайларында майды айдап, жұмыс орындарына беруге арналған сорғыш агрегаттарды орналастыруға рұқсат етіледі.
Трамвай вагондарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге арналған жайларда әрқайсысы 1 м3 сыйымдылықпен жер үстіндегі резервуарларға, оларды сақтаған жағдайда, 5 м3 аспайтын майлау материалдарын ұстауға, сондай-ақ осы резеруарлардан майларды айдауға және жұмыс орындарына беруге арналған агрегат сорғыларын орналастыруға рұқсат етіледі.
Майды төгу үшін апаттық жер асты резервуарлары аталған резервуарлардан қарастырылмайды.
374. жуып-жинау және май жұмыстарын істеуге арналған жайларда вагон қабырғалары трамвай вагонының биіктігінен аспай ылғал және май өткізбейтін мықты материалдармен әрленіп, сырлануы тиіс.
375. Бөлшектер мен агрегаттарды сырлауға арналған жайларда, жуу-кептіру бөлімшелерінде, сығымдағыш, майтарату және майлау материалдарының қоймаларының қабырғалары 1,8 м биіктікке ылғал және май өткізбейтін мықты материалдармен, сондай-ақ аккумуляторлық шеберханалар мен жуу-ақауанықтау бөлімшелерінде сілтінің әсеріне төзімділерімен әрленіп, сырлануы тиіс.
376. Жыралардың едендері көлденең бағытта кемінде 10‰ еңіс, бойлық бағытта баспалдақтар мен науашалар жағына 8 -ден 10‰ дейін болуы тиіс.
377. Депо аумағында рейс алдында медициналық тексеруден жүргізушілердің өтуін қамтамасыз ету үшін арнайы үй-жай қарастырылуы тиіс.
378. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары бояулар даярлайтын үй-жайда, майлау бөлімшелерінде және кептіру камераларына орнатылуы тиіс.
Автоматты өрт сөндіру құрылғыларын таңдау технологиялар мен техникоэкономикалық негіздемелердің талаптарымен белгіленеді.
379. Жуып-жинау, тексеру, диагностикалық бөлім жайларында және ағымдағы ағытып жөндеу цехтарында желдеткішпен біріктірілген ауамен жылыту қарастырылуы тиіс. Жұмыс уақытында осы жайларда жұрыс температураны сақтау үшін кезекші жылыту қарастырылады.
380. Депоның өндіріс жайлары мен жөндеу шеберханаларындағы келетін ауаның тікелей жұмыс аймағына берілуін қарастыру тиіс.
381. Өндірістік жайдан ауаны тазарту жоғарғы аймақтан қарастырылады.
382. Тенксеру және жуып-жинау бөлімшелеріндегі сыртқы қақпалар әуе-жылу бүркеулерімен жабдықталуы тиіс.
383. Аккумуляторлық шеберхана жайында жергілікті ағызу-тарту желдеткішінен басқа жоғарғы аймақтан табиғи тарту желдеткіші қарастырылады.
384. Бояу бөлімдерінің (учаскелерінің) жайларын желдету және жылыту жүйелерін белгіленген тәртіппен бекітілген бояу өндірістерінің (цехтарының) еңбек қауіпсіздігі техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария қағидалары мен нормаларын ескере отырып, жобалау керек.
385. Вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін зауыттық пайдалану және жөндеу құжаттамаларына сәйкес РКҚ ұйымы технологиялық, бақылау, өлшеу, диагностикалық жабдықтармен жабдықталуы тиіс, сондай – ақ нормативтік құжаттамаларға сәйкес даярлықтан өткен жөндеу персоналы болуы тиіс.
386. Трамвай вагондарына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы күтіп-ұстау кезінде депода қабылданған жүйеге сәйкес, РКҚ ұйымының басшылығымен бекітілген байқау жыраларының үстінен түйіспе желілерін шұғыл ауыстырып қосу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын орындау тиіс.
387. Трамвай депосы аумағындағы және депо аумағынан тыс вагондарды орналастыру шегінде маневрлік жұмыстар шығары диспетчерінің немесе сұлбалық жоспар туралы сәйкес, оның орнын ауыстырушы тұлғаның нұсқауымен жүргізіледі.
388. Маневрлік жұмыстардың жүргізілуіне жауапты қызметкер:
1) маневрлік жұмыстарды жүргізуде қозғалыс қауіпсіздігін;
2) маневрлік жұмыспен айналысып жатқан қызметкерлердің қауіпсіздігін;
3) вагондардың желіге шығу уақыты бойынша тапсырма құжатына, трамвайды техникалық пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларына толық сәйкес вагондардың орналасуын;
4) маневрлік жұмысқа қатысушы барлық қызметкерлердің маневрлік жұмысты орындау жоспары мен тәсілдеріне сәйкес әрекеттерінің келісілуін қамтамасыз етеді.
389. Байқау жыраларында немесе жөндеу цехтарындағы жылжымалы құрамды кез келген жылжыту немесе орнын ауыстыру профилактория немесе жоспарлы жөндеу цехы басшылығының алдын ала өтінімі бойынша жүргізіледі.
390. Байқау жырасына қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулы вагонды жылжыту немесе орнын ауыстыру, оны ақаулы вагонмен берік тіркеп сүреу немесе техникалық көмек көрсетудің арнайы автомашинасы (сүреу) арқылы ғана жүргізіледі.
391. Маневрлік жұмыстарды жүргізу кезінде вагонды басқаруды жүргізуші-айдаушы жүзеге асырады.
392. Жүргізуші –айдаушы депоға жұмысқа келісімен вагондарды шығарушы диспетчерге келіп, вагонды басқару құқығына куәлігін, жүргізуші кітапшасын, электрқауіпсіздігі бойынша білімін тексеру туралы куәлігін көрсетуі тиіс, медициналық тексерістеп өтіп, резерсор тұтқасын, электр өткізбейтін биялай, белгі беру кеудешесін, ысқырғыш, жалауша, қолшамын, қажеттігіне қарай жамылғы және резеңке етік алуы тиіс.
393. Вагонның артқа қарай қозғалысы басқа жүргізуші –айдаушының немесе бұйрықпен қозғалыс жүрісіне тағайындалған тұлғаның қадағалауымен жүргізіледі және өзімен бірге қажетті белгі беру құралдары (ысқырғыш, қолшам, сары жалауша) болуы тиіс.
394. Жүргізуші –айдаушы шебердің немесе оның орнындағы тұлғаның нұсқауымен ғана байқау жырасына немесе жөндеу аймағына вагонды қоюды жүргізуі тиіс.
395. Вагонды қояр алдында жүргізуші –айдаушы байқау жырасындағы немесе жөндеу аймағының (шығар қақпалары үстінде жасыл белгі) түйіспе желісінде кернеудің болуына көз жеткізуі тиіс.
396. Жылжымалы құрам қозғалысы кезінде маневрлік жұмыстарға қатысушы, сондай-ақ депо аумағындағы немесе жөндеу аймағында жүрген қызметкерлерге:
1) вагондар, тіректер және өзге құрылыстар арасынан жол арасына өтуге;
2) вагонға кіруге және одан шығуға, вагон төбесінде немесе басқышында тұруға;
3) байқау жырасы арқылы (жөндеу) өтуге, онда тұруға, сондай-ақ рельстерге отыруға;
4) Трамвай жолымен, бағыттама және айқаспалармен жүруге;
5) қақпалар ойығында тұруға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |