ҚРӘМ №3422 04. 02. 2005ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен



Дата23.02.2016
өлшемі185.57 Kb.
ҚРӘМ № 3422 04.02.2005ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы 2004 жылғы 27 желтоқсан № 377




Жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін

белгілеу туралы




“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі және олардың сақталу мерзімдері белгіленсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің “Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы құжаттамалау, құжаттаманы басқару, құжаттарды ұйымдастыру және сақталу мерзімдерінің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы” 2000 жылғы 23-тамыздағы № 92-П бұйрығы өзінің күшін жояды (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1249 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы бойынша нормативтік және нормативтік құқықтық жинағында 2001 жылы жарияланған, 4-том).
4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, “Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігіне, “Зейнетақы қорлары қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны ресми баспасөз құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға Б. Жәмішев



Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 377


Қаулысына қосымша



Жинақтаушы зейнетақы қорларында (ЖЗҚ) сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы

ТІЗБЕ



Бап №

Құжаттар түрлері

Құжаттардың сақталу мерзімі

Ескерту

ЖЗҚ

орталық органын-да



ЖЗҚ филиа-лдары мен өкілдік-терінде

1

2

3

4

5

1. ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ



1

Статистикалық есептер және ЖЗҚ қызметі, оның филиалдары мен өкілдіктері бойынша кестелер:

Жылдық жиынтық есептер және үлкен мерзімділігі бар есептер;

Жылдық есептер және үлкен мерзімділігі бар есептер;

Жарты жылдық есептер;

Тоқсандық есептер;

Айлық есептер.


Тұрақты
Тұрақты


5 жыл¹

5 жыл²


1 жыл³

-
10 жыл

5 жыл

5 жыл


1 жыл

¹Жылдық есептер болмаған кезде – тұрақты.

² Жылдық, жарты жылдық есептер болмаған кезде– тұрақты.

³ Жылдық, жарты жылдық, тоқсандық есептер болмаған кезде– тұрақты.


2

ЖЗҚ атқарушы органының, оның филиалдары мен өкілдіктерінің есептері:

Жылдық жиынтық есептер және үлкен мерзімділігі бар есептер;

Жылдық есептер және үлкен мерзімділігі бар есептер;

Жарты жылдық есептер;

Тоқсандық есептер;

Айлық есептер.




Тұрақты
Тұрақты


5 жыл1

5 жыл3

3 жыл5


-
10 жыл


5 жыл2

5 жыл4

3 жыл6


1Жылдық есептер болмаған кезде – тұрақты.

2Жылдық есептер болмаған кезде – 10 жыл.

3Жылдық, жарты жылдық, есептер болмаған кезде– 10 жыл.

4Жылдық, жарты жылдық, есептер болмаған кезде– 10 жыл.

5Жылдық, жарты жылдық, тоқсандық есептер болмаған кезде– 10 жыл.

6Жылдық, жарты жылдық, тоқсандық есептер болмаған кезде– 10 жыл.


3

ЖЗҚ құрылымдық бөлімшелерінің есептері:

Жылдық есептер;

Жарты жылдық есептер;

Тоқсандық есептер;

Айлық есептер.


5 жыл


5 жыл

5 жыл


3 жыл







4

Есептер бойынша қорытындылар:

жылдық;


тоқсандық.

Тұрақты


5 жыл¹

10 жыл


5 жыл²

¹Жылдық есептер болмаған кезде – тұрақты.

²Жылдық есептер болмаған кезде – 10 жыл.




5

ЖЗҚ, оның филиалдары мен өкілдіктерінің бухгалтерлік есептері және баланстары, олардың түсіндірме жазбалары:

Жиынтық жылдық;

жылдық;

тоқсандық.


Тұрақты


Тұрақты
5 жыл¹

-

10 жыл



5 жыл²

¹Жылдық есептер болмаған кезде – тұрақты.

²Жылдық есептер болмаған кезде – 10 жыл.




6

Өткізгіш, тарату балансы және қосымшалар,оларға қоса берілген түсіндірме жазбалар.

Тұрақты

10 жыл





7

Жылдық есептер мен баланстарды әзірлеу және талдау жасау жөніндегі талдамалық кестелер

Тұрақты

5 жыл





8

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен баланстар мен есептерді бекіту туралы хат жазысулар

3 жыл

3 жыл





9

Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру мерзімдері туралы хат жазысу.

1 жыл

1 жыл





10

Бастапқы құжаттар және шаруашылық операциясын жасаудың дерегін белгілейтін және бухгалтерлік жазба үшін негіз болып табылатын олардың қосымшалары.



5 жыл¹

5 жыл¹

¹Тексерулер аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер, тергеу және сот істері туындаған жағдайда – түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады.

11

Есеп айырысу (есеп айырысу-төлем) ведомостары

5 жыл¹




¹Жеке шоттар болмаған жағдайда – 75 жыл.

12

Түгендеу карточкалары және негізгі қаражатты есепке алу кітабы.

5 жыл¹

5 жыл¹


¹Негізгі қаражатты жойғаннан кейін.

13

Ақша сомалары мен тауар-материалдық құндылықтарды алуға сенімхат (оның ішінде күші жойылған сенімхаттар).

5 жыл


5 жыл





14

Есепке алу тіркелімдері (бас кітап, журналдар-ордерлер, әзірлеме кестелер).

Қосалқы және бақылау кітаптары, журналдар,

картотекалар, кассалық кітаптар, айналым ведомостары.

5 жыл¹

5 жыл¹


¹Тексерулер аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер, тергеу және сот істері туындаған жағдайда – түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады.

15

Шоттарды, кассалық ордерлерді, сенімхаттарды, төлем тапсырмаларын тіркеу журналдары, кітаптары.

5 жыл

5 жыл





16

Қорларды, жалақы лимиттерін есепке алу және оларды бөлуге бақылау жасау туралы, артық жұмсау жөніндегі есеп айырысулар және жалақы бойынша берешек туралы, жалақыдан, әлеуметтік сақтандыру қаражатынан ұстап қалу туралы, демалысқа шыққанда және қызметтен босатылғанда берілетін жәрдемақылар туралы.

5 жыл

5 жыл





17

Түгендеу жөніндегі құжаттар (түгендеу комиссиялары отырыстарының хаттамалары, мүкәммал тізімдемелері, актілер, салыстырмалы ведомостар).

5 жыл¹


5 жыл¹


Тексерулер аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер, тергеу және сот істері туындаған жағдайда – түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады.

18

Жәрдемақылар, зейнетақылар, әлеуметтік сақтандыру бойынша жұмысқа жарамсыздық қағаздарын төлеу жөніндегі құжаттар (есептердің көшірмелері, хаттамалардан үзінділер, қорытындылар).

Қажеттілігі өткенге дейін¹




Қажеттілігі өткенге дейін¹



¹Кемінде 5 жыл.



20

Орындау қағаздары.

Қажеттілігі өткенге дейін¹




Қажеттілігі өткенге дейін¹




¹Кемінде 5 жыл.



21

Оқу демалыстарына ақы төлеу, салық бойынша жеңілдіктер алу үшін бухгалтерияға берілетін анықтамалар.



Қажеттілігі өткенге дейін¹



Қажеттілігі өткенге дейін¹



¹Кемінде 5 жыл.

22

Дебиторлық берешек, кем шығу, ысырап қылу, талан-тараж бойынша құжаттар (анықтамалар, актілер, міндеттемелер, хат жазысу).

Қажеттілігі өткенге дейін¹



Қажеттілігі өткенге дейін¹



¹Кемінде 5 жыл.

23

Негізгі қорларды қайта бағалау жөніндегі құжаттар (хаттамалар, актілер, есептер).

Тұрақты


Қайта бағалағанға дейін




24

Қайта бағалау актілері, ведомостары және негізгі қаражаттың тозуын анықтау.

Тұрақты


Қайта бағалағанға дейін




25

Үйлердің, ғимараттардың және жабдықтың төлқұжаты.

Тұрақты

Тұрақты




26

Деректі тексерулер мен бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізу жөніндегі құжаттар (жоспарлар, есептер, хат жазысу).

3 жыл








27

ЖЗҚ-ның, оның филиалдары мен өкілеттіктерінің қаржы-шаруашылық деректі тексерулерінің актілері (анықтамалар, ақпараттар, баянжазбалар)

5 жыл¹

5 жыл¹


¹Тексерулер аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер, тергеу және сот істері туындаған жағдайда – түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады.

28

Кассаларды, салықтарды өндіріп алудың дұрыстығын тексеру актілері.

5 жыл

5 жыл





29

Шарттар, келісімдер.

5 жыл¹

5 жыл¹


¹Шарттың, келісімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін, тексерулер аяқталған жағдайда.

30

Шарттардың тізілімдері.

5 жыл







31

Материалдық жауапкершілік туралы шарттар.

5 жыл¹

5 жыл¹

¹Материалдық жауапты тұлға жұмыстан шыққаннан кейін.

32

Әкімшілік-жауапкершілік мәселе бойынша хат жазысу.

5 жыл








33

Қол қою үлгілері (материалдық жауапты тұлғалардың).

Қажеттілігі өткенге дейін¹



Қажеттілігі өткенге дейін¹




ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ

34

Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін лицензиарға берілген құжаттар (қаржы құжаттары, зейнетақы ережесі, ішкі бақылау туралы ереже, есеп саясаты, экономикалық негіздеме, кастодиандық шарт).

Тұрақты








35

ЖЗҚ-ның, қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға берілген оның филиалдарының және өкілеттіктерінің басшылық лауазымына үміткерлерді келісу үшін құжаттар (өтініш, сауалнама, жеке құжаттардың көшірмелері, бұйрық, хаттамадан үзінді).

Тұрақты

Тұрақты





36

ЖЗҚ-ның филиалдары мен өкілеттіктерін ашуға және жабуға құжаттар (бұйрық, шешімдер, экономикалық негіздеме, сенімхат).

Тұрақты

Тұрақты





37

ЖЗҚ автоматтандырылған ақпарат жүйесі туралы құжаттар (техникалық тапсырма,актілер,есептер,сипаттама).

Тұрақты








38

Зейнетақы шарттары, сондай-ақ зейнетақы шарты деректерінің өзгеруіне әсер ететін құжаттар.

5 жыл¹

5 жыл¹


¹Шарттың, келісімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін, тексерулер аяқталған жағдайда.

39

Дербес зейнетақы шоттары бойынша деректер базасы.

75 жыл - "В"


75 жыл - "В"





40

Дербес зейнетақы шоттарын тіркеу кітабы.

Тұрақты

Тұрақты




41

Бастапқы құжаттар және зейнетақы жарналарының түсуін растайтын оның қосымшалары.

5 жыл¹





¹Тексерулер аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер, тергеу және сот істері туындаған жағдайда – түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады.

42

Инвестициялық шот бойынша кастодиан банктің жиынтық хабарламасы

5 жыл








43

Инвестициялық портфельдің құрылымы.

5 жыл







44

Банктік, кастодиандық шоттардан үзінді және олардың қосымшалары.

5 жыл








45

Зейнетақы активтерін және кастодиан банкті инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен салыстырып тексеру актілері.

5 жыл







46

Шартты бірлік құнын жыл сайын есептеу.

Тұрақты







47

Қате есепке алынған зейнетақы жарналарын қайтару жөніндегі құжаттар (өтініштер, хаттар, анықтамалар).

75 жыл - "В"









48

Дербес зейнетақы шоттарын біріктіру үшін зейнетақы жарналарын төлеушілерден анықтама-растаулар.

75 жыл - "В"









49

Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару жөніндегі құжаттар (өтініштер).

5 жыл¹

5 жыл¹


¹Аударғаннан кейін.

50

Зейнетақы төлемдерін алуға және жинақталған зейнетақы қаражатын алуға, ЖЗҚ-на берілген құжаттар (өтініш, жеке құжаттардың көшірмелері, жұмыстан шығу, шақыру қағаздары, мұрагерлік құқығы, қайтыс болғандығы туралы куәлік).

75 жыл - "В"



75 жыл - "В"






51

Дербес зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуға өтініш.

5 жыл

5 жыл





52

Салымшыларға хабарламаларды жіберу тізілімдері.

2 жыл

2 жыл




53

Жыл сайынғы ақпараттандыру кезінде салымшылар/алушылар алмаған дербес зейнетақы шоттарынан үзінділер.

1 жыл

1 жыл





54

ЖЗҚ-ның, оның филиалдары мен өкілдіктерінің негізгі қызметі бойынша хат жазысу.

5 жыл

5 жыл





55

Зейнетақы жарналарын төлеушілермен және салымшылармен/алушылармен хат жазысу.

5 жыл

5 жыл





56

ЖЗҚ-н қайта ұйымдастыру мен таратуға қатысты құжаттар.

Тұрақты










75 жыл - "В" – осындай сақтау мерзімімен белгіленген құжаттар үшін, сақтау мерзімін есептеу істің аяқталу кезіне қарай адамның жас мөлшерін (“В” әрпімен белгіленген) есепке ала отырып жүргізу қажет. Істі сақтаудың ұзақтығы іс жүргізуші адам оны бітіргеннен кейін 75 жасқа – “В”-ға тең болуы тиіс, мұндағы “В” істің аяқталу кезіне қарай тұлғаның жас мөлшерін белгілейді.
Каталог: attachments -> cont
cont -> Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы
cont -> Сұрақ: Акционерлік қоғам қызметіне қатысты ақпаратты қалай алуға болады? Қоғам акционер үшін қандай құжаттар тізбесін және қандай ақпаратты бере алады? Жауап
cont -> ҚРӘМ №5362 19. 11. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
cont -> ҚРӘМ №5165 07. 03. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
cont -> ҚР Әділет министрлігінде 2000 жылы 15 наурызда №1080 тіркелді
cont -> Лицензияның қолданысы ерікті түрде қайтаруына байланысты 01. 01. 2009 ж бастап тоқтатылған ұйымдардың тізімі
cont -> ҚРӘМ №5542 10. 02. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
cont -> Ерікті медициналық сақтандыру туралы
cont -> ҚРӘМ №2941 12. 07. 2004ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы рыногын және қаржылық Ұйымдарды реттеу мен
cont -> Сұрақ: Мен жас маманмын. Алатын айлығым 20 мың теңге көлемінде. Осы айлықпен мен екінші санаттағы банкілер арқылы ипотекалық несие ала алмаймын. Жастар еліміздің болашағы деп үнемі айтылады, алайда шынайы қамқорлық жеткіліксіз


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет