Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәлік
«____» __________ 200__ жыл Алматы қаласы № ____
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі ___________________________________ тіркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті берген органының атауы, берілген күні, айы, жылы және нөмірі)
____________________________________________ акционерлік қоғамның (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сай қоғамның атауы мен мекен-жайы)
жарияланған акцияларының шығаралымын мемлекеттік тіркеуге алды.
Шығарылым ___________________________________ акцияларға бөлінген (акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі)
әрі оларға _________________ ұлттық бірегейлендіру нөмірі берілген.
Шығарылым _________________ нөмірмен эмиссиялық бағалы қағаздардың Мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
Шығарылым туралы қосымша ақпарат:
________________________________________________________________.
Куәлікке қол қойған адамның фамилиясы, аты, әкесінің аты және лауазымы, қолы, мөрі.»;
-
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесіне 2-қосымша
|
Акцияларды орналастыру қорытындылары бойынша
ЕСЕП
-
Қоғамның атауы және оның орналасқан жері.
1-1. Қоғамның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
Осы тармақта қоғамның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің күні және нөмірі, сондай-ақ оның мемлекеттік тіркеуін (қайта тіркеуін) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі тиіс.
2. Жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркелген (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің ауыстырылған) күні және шығарылымды мемлекеттік тіркеу нөмірі.
3. Қаржылық есептің деректеріне сай қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер.
4.Қоғам акцияларды орналастыру инвесторлардың шектеусіз аясының ортасы туралы хабарламаларды орналастырған бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және осы хабарламалар шыққан күні көрсетіледі.
4-1. Қоғам өзінің акционерлеріне олардың қоғамның акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын акцияларды сатып алу ұсынысын қоғамның жарғысында көрсетілген мына тәсілдердің біреуімен жеткізгені туралы ақпарат:
1) хабарламаны беру күнін көрсете отырып жеке жазбаша хабарлама жіберу арқылы;
2) көрсетілген ұсынысты бұқаралық ақпарат құралдарының атауын және жарияланған күнін көрсетуімен бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялау арқылы.
5. Акциялар туралы мәліметтер:
1) жарияланған акциялардың жалпы саны, оның ішінде:
жай акциялар ____________________________;
артықшылықты акциялар ____________________;
2) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері;
3) егер акциялар айырбасталған болса, айырбастау тәртібін және айырбасталған акциялардың санын көрсету қажет.
6. Аукциондарды немесе жазылуды өткізу шарттары мен тәртібі туралы ішкі құжаттың қабылданған және бекітілген күні туралы мәліметтер және осы тәртіпке қойылатын негізгі талаптар.
7. Егер қоғамның акциялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген болса, олардың енгізілген күнін көрсету қажет.
8. Акцияларды орналастыру туралы мәліметтер:
1) акцияларды орналастырудың есепті кезеңінің басталу күні және орналастырудың есепті кезеңінің аяқталу күні;
2) акцияларды орналастырудың осының алдындағы әрбір есепті аралық үшін орналастыру кезеңін, орналастырылған акциялар санын және оларды жеке төлеу сомасын, сондай-ақ акцияларды орналастырмау туралы ақпарат жөнінде мәлімет қабылдау күнін көрсете отырып, осының алдындағы есепті (есептерді) бекіту күні;
3) қоғамның директорлар кеңесінің (Банктер туралы Заңның 17-2-бабы негізінде жарияланған акциялар санын өсіру жағдайын қоспағанда) акциялардың есепті кезеңдегі орналастырылу санын және олардың орналасу бағасын белгілеу туралы шешім қабылдаған күні;
3-1) Банктер туралы Заңның 17-2-бабы негізінде банктің жарияланған акцияларын сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін қабылдаған күн;
4) есепті кезеңде орналастырылған акциялардың және олардың түрлері бөлігінде орналастырылмаған акциялардың саны;
5) бір жай және артықшылықты акцияны сатып алу бағасын, акцияларды сатып алу туралы шешім қабылданған күнін, сондай-ақ қоғам орналастырылған акцияларды (сатып алудың әрбір түрі бойынша жеке) сатып алуға шеккен шығыстарын көрсете отырып қоғамның бастамасы және/немесе акционерлердің талабы бойынша есепті кезеңнің аяқталу күніне сатып алынған акциялардың саны.
Қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күні.
9. Акцияларды орналастыру (сату) тәсілдері акцияларды орналастыру есепті кезеңінде:
1) акциялардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып артықшылықпен сатып алу құқығы бойынша;
2) жазылудың басталу/аяқталу күнін, акциялардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып жазылу арқылы;
3) аукционды өткізу күнін, акциялардың санын және ақы төлеу сомасын көрсете отырып аукцион арқылы;
4) акциялардың түрін, санын, жалпы ақы төлеу сомасын, алғашқы және соңғы сауда-саттықтарды өткізу күнін көрсете отырып ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында, есепті кезеңде бір акцияны сауда-саттықта орналастырудың ең аз және ең жоғары бағасы, есепті кезеңдегі бір жай және артықшылықты акцияның нарықтық құны (егер ол есептелген болса) көрсетіледі;
5) құрылтайшылар (жаңадан құрылған қоғамдар үшін) арасында акциялардың түрін, санын, акциялардың номиналдық құнын және төлем сомасын көрсету арқылы;
6) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру арқылы (туынды бағалы қағаздардың атауын, туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы орналастырылған акциялар санын, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында сатып алуға ұсынылған акциялар санын, туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған мемлекеттің атауын көрсетуімен).
10. Акциялардың санын және төлем сомасын көрсете отырып оларға ақы төлеу тәсілі:
1) ақшалай (құрылтайшылардың (инвесторлардың) акцияларды төлеуін растайтын төлем құжатының (төлем құжаттарының) деректемелері, төлем сомасы және төлеушінің атауы көрсетілуі тиіс);
2) бағалы қағаздармен (бағалы қағаздар эмитентінің атауын, оның мекен-жайын, бағалы қағаздардың ұлттық бірдейлендіру нөмірін және олардың санын, бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалған күнін және бағалау сомасын көрсету қажет);
3) зияткерлік қызметтің нәтижесіне құқығымен (зияткерлік меншікті бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалған күнін, бағалау сомасын, зияткерлік меншікті қабылдау - өткізу актісі туралы мәліметтерді көрсету қажет);
4) кредитор алдында берешекті өтеу шарты бойынша (кредитордың қай органы акцияларды төлеу есебінен берешекті өтеу туралы шешім қабылдағаны және бұл шешімнің қабылданған күні, берешекті салыстырып тексеру актісі, талап ету құқығын бағалау актісін кім дайындағанын, оны жасаған күнін, бағалау сомасын көрсету қажет);
5) қоғамның таза кірісін бөлу есебінен (тиісті шешім қабылданған акционерлердің жиналысы өткен күнін, акцияларға ақы төлеуге жұмсалған кіріс сомасын; бюджетке төлеген салық сомасын көрсету қажет);
6) басқа да мүліктік құқықтармен (бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалған күнін, бағалау сомасын, мүлікті қабылдау - өткізу актісін көрсету қажет);
7) өзге де тәсілмен.
Қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда Ереженің 2-тармағында көрсетілген құжаттардың деректемелерін көрсету қажет.
Акциялар төлеуіне мүліктік құқықтарды және өзге мүлікті енгізген жағдайда тиісті лицензиясы бар бағалаушының осы мүліктің бағалауы туралы есептің күні осы мүлікті акциялар төлеуіне енгізген күнге дейін алты айдан кешіктірмей көрсетілуі тиіс.
10-1. Қоғам акциялары шығарылымының андеррайтерлері (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат. Осы тармақта:
1) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысының атауы, андеррайтердің қызметін көрсетуге қоғам жасаған шарттың күні және нөмірі туралы, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
1-1) андеррайтердің акцияларды орналастыру тәсілі туралы;
2) андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, өкілдерге орналастырудың жалпы көлемінен пайыздық көрсетілімде және орналастырылатын әрбір акцияға төленген (төленетін) комиссиялық сыйақылар туралы, сондай-ақ шығыстар туралы басқа мәліметтер;
3) шығаруға, орналастыруға және листингке енгізуге шығатын шығындардың негізгі санаттары туралы. Көрсетілген шығындарды эмитенттің өзі төлемеген жағдайда, оларды төлейтін тұлғаны көрсету қажет;
4) андеррайтерлерді тартпастан және орналастырудың болашақ жоспарынсыз есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны туралы ақпаратты көрсету қажет.
11. Опциондарды орындау бағасы туралы мәліметтер.
11-1. Акциялардың нарықтық және баланстық құнының тарихы туралы ақпарат.
Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста болған жағдайда, жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акциялар шығарылымының проспектісі шыққан күннен бастап соңғы алты ай үшін акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.
Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастыру кезеңі аяқталғанға дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуы тиіс.
Акциялардың баланстық құны мына формула бойынша есептеледі:
, мұнда
АБҚ – акциялардың баланстық құны;
СК – қоғамның меншікті капиталының мөлшері;
А – қоғамның орналастырылған акцияларының саны (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп).
12. Дивидендтерді төлеу туралы мәліметтер:
1) тиісті шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының деректемелеріне сілтеме жасап, аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жай және артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленген дивидендтердің жалпы сомасын (есептелген және бюджетке төленген салық сомасын) көрсете отырып, дивидендтер төленген акционерлердің санын көрсете отырып дивидендтерді соңғы төлеу күні;
1-1) қоғамның хабарламаны жариялау күнін көрсете отырып, дивидендтерге төлем жасау туралы хабарламасын орналастырған бұқаралық ақпарат құралының атауы;
2) бір жай және артықшылықты акцияға есептелген және төленген дивидендтердің мөлшері, сондай-ақ аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша бір жай және артықшылықты акцияға келген таза табыстың мөлшері;
3) дивидендтерді уақытында төлемеу бойынша берешек орын алған жағдайда, оның пайда болу себептерін және акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніне берешек сомасын көрсету қажет, бұл ретте акционерлер алдында берешекті өтеу бойынша қоғам қандай шаралар қолданғанын көрсетеді.
13. Қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер:
1) акцияларды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің атауы және орналасқан жері;
2) қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімін жүргізу туралы шарттың күні және нөмірі.
14. Акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніне ірі акционерлері туралы мәліметтер. Осы мәліметтер тіркеуші дәл сондай күнге берген анықтама негізінде толтырылады, ол анықтама есептің ажырамас бөлігі болып табылады:
Заңды тұлға – акционерлердің толық атауы немесе жеке тұлға – акционерлердің аты-жөні, болса әкесінің аты
|
Жеке тұлға – акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері немесе заңды тұлға акционерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні
|
Акцияның түрін көрсете отырып, акционерге тиесілі акциялардың жалпы саны
|
Акция түрін көрсете отырып акционерге тиесілі акциялардың орналастырылған акциялардың жалпы санына проценттік ара қатынасы
|
Акционерге тиесілі акциялардың дауыс беруші акциялардың жалпы санына проценттік ара қатынасы
|
|
|
|
|
|
15. Егер орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде акциялары номиналды ұстауында болып отырған, акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніне қоғамның орналастырылған (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда) акцияларының он және одан да көп процентін иеленетін акционерлер туралы мәліметтер болмаса, номиналды ұстаушылардың атауы және олардың номиналды ұстауындағы қоғам акцияларының саны туралы мәліметтер.
16. Есепке бірінші басшы, бас бухгалтер қол қояды және акционерлік қоғамның мөрімен куәландырылады. Есептің әрбір данасы қаржы есептілікпен, осы Қосымшаның 10- тармағына сәйкес акцияларды орналастыру есепті кезеңінде акциялардың төлеуін растайтын құжаттардың көшірмелерімен және тіркеуші берген анықтаманың түпнұсқасымен тігіледі және тігістің ұшына және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы қағаз пломбаға, ішінара құжаттың парағына соғылады және бірінші басшының қолымен куәландырылады.
-
"Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы
есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесіне 2-1-қосымша
|
Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөніндегі
Хабарлама
«____» __________ 200__ жыл Алматы қаласы № ____
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес ____________ _________________________________________________________ тіркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті берген органының атауы, берілген күні, айы, жылы және нөмірі)
____________________________________________ акционерлік қоғамның (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сай қоғамның атауы мен мекен-жайы)
акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті.
Шығарылым _________________ нөмірмен эмиссиялық бағалы қағаздардың Мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
Шығарылым ___________________________________ акцияларға бөлінген (акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі)
________________________________________________ жағдай бойынша
(акцияларды орналастырудың аяқталған күні, айы, жылы)
орналастырылған акциялар __________________
орналастырылмаған акциялар__________________
Жарғылық капитал _______________ теңге мөлшерінде қалыптастырылды.
(сомасы цифрмен және жазбаша)
Хабарламаға қол қойған адамның фамилиясы, аты, әкесінің аты және лауазымы, қолы, мөрі.
-
Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы
есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесіне
2-2-қосымша
|
Акциялар шығарылымын жою туралы куәлік
«____» __________ 200__ жыл Алматы қаласы № ____
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі ____________ _________________________________________________________ тіркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті берген органының атауы, берілген күні, айы, жылы және нөмірі)
____________________________________________ акционерлік қоғамның (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сай қоғамның атауы мен мекен-жайы)
акциялар шығарылымын жойды.
Шығарылым _________________ нөмірмен эмиссиялық бағалы қағаздардың Мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
Шығарылым ___________________________________ акцияларға бөлінген (акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі)
Шығарылым _________________________________ байланысты жойылды.
(жою себебі)
Акциялар шығарылымы _______________________ бастап жойылды деп есептелсін.
Күні (күні/айы/жылы)
Куәлікке қол қойған адамның фамилиясы, аты, әкесінің аты және лауазымы, қолы, мөрі.».
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесіне
3-қосымша
Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың тізілімін ұстаушының мөртабандары таңбаларының
үлгілері
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН
Республикалық бөлімше
20__ жылғы "____" _______________
№ ____________________
Оператор: __________________
|
|
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН
ХХ филиалы
20__ жылғы "____" _______________
№ ____________________
Оператор: __________________
|
|
|
|
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ
Республикалық бөлімше
20__ жылғы "____" _______________
№ ____________________
Оператор: ___________________
|
|
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ
ХХ филиалы
20__ жылғы "____" _______________
№ ____________________
Оператор: __________________
|
Достарыңызбен бөлісу: |