ҚРӘМ №5469 05. 01. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ



Дата25.02.2016
өлшемі39.67 Kb.
#26112


ҚРӘМ № 5469 05.01.2009ж. тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ

ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2008 жылғы 28 қараша № 185

Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына мәжбүрлеу шара- ларын қолдану ережесiн бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұсынылып отырған iрі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесi бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына мәжбyрлеу шараларын қолдану ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 52 қаулысы өзінің күшін жойды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4146 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылы 12 мамырда № 84-85 (1064-1065) жарияланған).

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесе отырып, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.



Төрайым Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау

агенттiгi Басқармасының

2008 жылғы 28 қараша

№ 185 қаулысымен бекiтiлген

Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi

қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану

ережесi
1. Осы Ереже «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуына байланысты ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн белгiлейдi.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты қызметiн қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Заңның 53-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына қолдана алады.

3. Бiр мәжбүрлеу шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа жағдайларда қолдануын жоққа шығармайды және шараларды уақытша тоқтатпайды және бұрын шара қабылданғандарының қолданылуын тоқтатпайды.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы белгісін иеленуші тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкiлеттi орган оған мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешiм шығарғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннiң iшiнде уәкiлеттi органға, қажет болған жағдайда басқа құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның талаптарын орындау жөнiндегi iс-шаралардың жоспар-кестесiн бередi.

5. Уәкiлеттi орган жоспар-кестенi қарайды және он күнтiзбелiк күн iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы белгісін иеленуші тұлғаға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысына өз қорытындысын бередi.

Уәкiлеттi орган жоспар-кестемен келiспеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы белгісін иеленуші тұлғаға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысына белгiлi мерзiмде нақты iс-шараларды орындау туралы нұсқау бередi.

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы белгісін иеленуші тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы шешiмде көрсетiлген мерзiмде уәкiлеттi органның талаптарын орындау жөнiндегi шешiмнің орындалғаны туралы уәкiлеттi органға хабардар етеді.

Егер шешiмдi орындау мерзiмi бiр айдан асып кеткен жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы белгісін иеленуші тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы оның кезең-кезеңімен орындалып жатқандығы туралы уәкiлеттi органға ай сайын хабардар етіп отырады.



7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы белгісін иеленуші тұлғаның немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысының уәкiлеттi органның шешiмiнде көзделген талаптарды орындау мерзiмiнiң басталуы олардың осы шешiмдi алған күнi болып саналады.

8. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен шешiледi. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет