«Ресей тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет2/4
Дата12.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#130440
1   2   3   4

4.1815-1918 ж.ж. Еуропа елдері

Наполеондық Франциямен соғыста жеңіске жеткен Англия 1815 – 1816 жж. ауыр экономикалық кризисті бастан кешірді. Металлургиялық заводтар мен шахталар жабылып, мыңдаған жұмысшылар жұмыссыз қалды.

Ағылшын жериеленушілері парламентте сырттан келетін нан өнімдеріне салықтың жоғарылауы туралы заңдардың қабылдануына қол жеткізді. Бұл заңдар бидай импортын тоқтатып, жериеленушілердің өз ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын жоғарылатуға мүмкіндік берді. Буржуа тап өкілдері “Нан заңдарына” қарсы шығып, өз тауарларын экспорттауға мүмкіндік алғысы келді.

ХІХ ғ. ортасында Англияда өндірістік революция аяқталды. Ірі өндірістік қалалар пайда болды. 2,5 млн.халқы бар Лондон әлемнің банктік орталығына йналды.

Пролетариат пен буржуазия негізгі таптарға айналды. Өндірістік қалалардың төрттен үш бөлігін фабрикалық жұмысшылар және қолөнершілер құрады.

Ағылшын қоғамының ең бай табы – фабрикалық жұмысшылар болды. Бірақ саяси билік бұрынғыдай ақсүйек – жериеленушілер мен қаржы басшыларының қолында шоғырланды. 1812 – 1827 жж.аралығында билікті торилер жүргізді.

Буржуаз интеллигенциясының радикалды элементтері (журналисттер, жазушылар) және қолөнершілер мен жұмысшылар сайлау реформаларын талап етті. Митингтерде сайлау жүйесін өзгерту, “нан заңдарын” жою, т.б.мәселелерді алға қойды.

1819 ж.қарашада өкімет асығыс түрде парламентте алты репрессивтік заң қабылдады, кейін бұл “ауыз жабуға арналған акттер” атауына ие болды.

Публицист Коббет өзінің “Саяси бақылаушы” газетінде реформаларды жақтап, революцияның болу мүмкіндігін жазды.

20 жылдары Лондонда Плейс басқарған “Ұлттық саяси ассоциация”, Бименгемде Атвудтың “Саяси одағы” құрылды. Олар белгілі – бір меншігі барларға дауыс беру құқығын талап етті.

1830 ж.Оңтүстік Англияда қаналған батрактар мен барынан айырылған ауыл қолөнершілерінің көтеріліс толқыны өтті.

Елдегі шиеленіскен жағдай нәтижесінде тори өкіметі отставкаға кетуге мәжбүр болды. 1831 ж.наурызында билікке премьер – министр Грей басшылығымен вигилер келді. Грей өкіметі ІY Вильгельмнен лордтар палатасына 60 жаңа пэрлерді тағайындауға келісім алды.1832 ж.7-маусымда билль заңға айналып, күрес қалың халық қозғалыстарына сүйенген өнеркәсіпшілер жеңісімен аяқталды.

Елдегі саяси билікке бай өндірістік буржуа келді. Ірі капиталға ие болған олар, қауым палатасы арқылы елдің ішкі және сыртқы саясатына әсер ете алды. Өз кезегіне, ториліктер өздерінің позицияларын нығайту мақсатында бірқатар іс – шаралар жүргізді.

1601 ж.бері әр округтегі халықтан кедейлерді қамтамасыз ету үшін жиналған салықтардың орнына 1834 ж.бастап жұмысшылар үйлері пайда болды. Мұнда жұмыссыздар, қарттар, жетімдер мен еңбекке жарамсыздар болды. Әйелдер – күйеулерінен, ана мен әкелер – балаларынан ажыратылып, барлығын да ауыр жұмысқа салды.

1824 ж.парламент жұмысшыларға жалақы туралы келісім құру үшін тред – юниондар ұйымдастыруға рұқсат берді. 1834 ж.екі жыл өмір сүрген, 500 мыңнан астам жұмысшыларды біріктірген жалпыағылшын Ұлы ұлттық профессионалды одақ пайда болды. Оның құрылуында ағылшын социалист – утописті Роберт Оуэн үлкен роль атқарды.

1836 ж.жұмысшылар тобы Лондондық жұмысшылар ассоциациясын құрып, жұмысшылар үшін дауыс беру құқығын талап етті.

1837 ж.пролетариат, кедейлер, т.б.біріктірген Демократиялық ассоциация құрылды. Оның ұйымдастырушысы талантты журналист, оратор – Джродж Джулиан Гарни болды.

1838 ж.көктемде Лондондық жұмысшылар ассоциациясы атынан Ловетт Халықтық хартия (ағ.чартер) атанған, сайлау реформасы туралы жаңа заң роектын жариялады: 1)21 жасқа толған барлық ер азаматтарға даыс беру құқығын беру; 2)құпия дауыс беру; 3)бүкіл Англиның тең сайлау округтеріне бөлінуі және парламентке бір елші жіберу; 4)парламенттегі жыл сайынғы сайлау; 5)сайлауға жіберілудегі ешбір меншіктік цензтің болмауы; 6)парламент депутаттарын марапаттау.

Чартистік қозғалыстың І – кезеңінің ерекшелігі – бұл мүшелерінің құрамы: фабрикалық жұмысшылардан – буржуаздық демокаттарға дейін.

1837 – 1839 жж.экономикалық кризис өндірістің төмендеуіне әкеліп, нәтижесінде мыңдаған жұмыссыздар чартистердің қатарына қосылды. 1842 ж.Ұлттық чартистік ассоциацияда бүкіл Англия бойынша 400 бөлімшесі және 40 мың мүшесі болды. Бұл алғашқы пролетариат партиясы еді.

Чартистердің петициясы ағылшын пролетариатының таптық санасының өскендігін байқатты. Ең алдымен петиция жұмысшыларға саяси құқық пен әлеуметтік талаптар – жұмысшылар үйлерін жою, шіркеу кірістерін азайту, ақсүйек монополияларының жер иемденуін тоқтатуды талап етті. Алғашқы рет жұмысшылар Ирландияның өз алдына бөлектенуіне талап қойды.

1842 ж.2-мамырда петиция парламентке беріліп, қолдау таппады. Ірі көтерілістер толқыны өтті. Бірақ орталықтанған басқарудың болмауы, көтерілісшілерді қаржыландырудың болмауы және мақсаттағы бірліктің болмауы – көтерілістің нәтижесіз болуына әкелді. Көтерілісшілер қуғынға түсіп, қатаң жазаланды.

1842 ж.аяғында чартистік қозғалыс біртіндеп басылып, Ұлттық чартистік ассоциацияның саны 5000 адамға жетті. Мұндағы барлық оқиғалардың зор маңызы болды: олар пролетариаттың буржуазиядан бөлінуіне мүмкіндік берді және чартистік қозғалыстың прлетариаттық сипатын ерекшеледі.

30 – 60 жж.Англияның ішкі саясаты ХYІІІ ғ.қалыптасқан және өндірістік буржуазияның мүдделеріне сай құрылған принциптерге негізделді. Бұл саясатты 20 жыл бойы Пальмерстон жүргізді.

1850 жылдары Англия Ресей империясының қарқынды өсуіне үреумен қарады. Петербургте І Николай ағылшын елшісіне Турцияға қарсы одақ құруды ұсынды. Бірақ Англия Өз мүдделерін есептеп, 1853 ж.басталған орыс – түрік соғысында Турция жағында Франциямен одақ құрды.

Крым соғысынан кейін Англияның ең қауіпті жауларының бірі – ІІІ Наполеонның Франциясы еді.

Англиядағы ішкі қоғамдық күрестерге 1861 – 1865 жж.АҚШ – ғы Азаматтық соғыс кезеңіндегі ағылшын өкіметінің саясаты көр әсер етті.

ХІХ ғ.ортасында Англия ірі отаршы империя болды. Бұл империяның маңызды бөлігі – Үндістан еді. 1857 – 1859 жж. халық қозғалысы бұл елдегі барлық отарлық жүйені дүр еткізді. Көтерілісті басу үшін ағылшындық отаршылар жергілікті феодалдармен бірлесті. 1859 ж.үнділердің ұлттық қозғалысы жанышталып, ағылшын өкіметі елдегі өз билік аппаратын күшейтті және оны ағылшын экспансиясының Азидағы плацдармына айналдырды. 1852 – 1853 жж.отарлаушы соғыстардың нәтижесінде Англияның үнді иеліктеріне Оңтүстік Бирма, кейін бүкіл Малайя, Сингапур, Пенанг және Малккуда қосылды.

1861ж.Батыс Африкадағы Лагос(Нигерия), 1850 – 60 жж.Австралия, Жаңа Зеландия бағындырылды.

1865 ж.Дж.Рассел премьер – министр болды. Оның кабинетіндегі ең көрнекті мүшесі қаржы министрі У.Гладстон еді. Ол Вест – Индиядағы ағылшын иеліктеріндегі құлдардың асығыс түрде босатылуынан қауіптенді, “нан заңдарын”, Ирландиядағы репрессия, университетке түсушілердің діни сенімін тексеруді қолдады. Рассельдің орнына келген граф Дерби өкіметінің қаржы министрі Дизраэли Гладстон билі проектынан екі есе асып түскен реформа проектын ұсынды. 1867 ж. 15 тамызда билль заңға айналды.

1868 ж.ақпанда Дерби денсаулығына байланысты отставкаға кетіп, королева кабинетінің құрылымын Дизраэльге тапсырды.

1868 ж. 13 шілдеде өкімет палатаны таратып, жаңа сайлау нәтижесінде либералдар басым түсіп, Дизраэль өкіметі Гладстон бастаған Кабинетке орнын берді.

Гладстон реформаларының бірі – бастауыш білім беру болды. Дамушы ағылшын өндірісі сауатты жұмысшыларды талап етті. Сөйтіп, жеке меншік мектептер, мемлекеттік мектептер пайда болды. Нәтижесінде көптеген жаңа мектеп ғимараттары салынып, мектептердегі орын саны 3.5 млн. Жетті. 1867 – 1876 жж.кезеңде бастауыш мектептерге өкімет субсидиясының мөлшері үш есе өсті.

Революциялық ж/е ұлт-азаттық қозғалыстар мен күресті күшейту үшін қалыптасқан тәртіпті сақтау мақсатында 1Александр еуропалық монархтарға бірігіп ,іс-әрекет ету жөнінде кеісім шарт жасауды ұсынды. 1845ж 26 қыркүйекте 1 Александр құрастырған Қасиетті одақ актісіне Осман империясының сұлтаны, Ағылшын корольі ж/е Рим папасынан басқа монархтар қол қойды.

Тұңғыш рет барлық Еуропа мемлекеті 0Еуропаның құрылымы жөнінде мәселені талқылауға қатысты. Еуропада бейбітшілікті ж/е тәртіпті сақтау үшін жүйелі түрде конгрестер өткізу тетігі құрылды.

Одақтастардың ж/е Франциядағы бұрынғы француз ақсүйектерінің талабына орай Бурбондар билігі қалпына келтірілді. Король болып XYIII Людовик деген атпен 1793ж өлтірілген XYI Людовиктің інісі граф Прованский отырды.

I Александр ж/е басқа да монархтардың талабы бойынша XVIII Людовик Францияда конституциялық монархияны бекіткен Хартияны жариялады. Мемлекеттегі барлық билік орындары Бурбондарға берілді.

1815ж жаңа палата депутаттары сайланып, «тендесі жоқ » палата деген атқа ие болды . Оның құрамына ультрароялистер /нағыз роялистер/ кірді Олардың идеологтары Жозеф де местр ж/ж Веконт де Бональд болды.

Бүкіл Франция бойынша ақ терор толқыны Напалеонды жақтаушыларды жаппай жазалады, төтенше соттар оларды жер аударуға немесе өлім жазасына кесуге үкім шығара алды. Билеушілердің қуғындауына қарсы Францияда италиялық карбонариилер үлгісіндегі құпия ұйымдар пайда бола бастады.

1824ж XVIII Людовик қайтыс болып, таққа Xкарл деген атпен оның інісі граф д,Артуа келді X Карл өзін эмигранттар корольімін деді. Ол 1825ж өтемақы ретінде ақсүйектерге млрд франк төлеуге шешім қабылдайды.

Ультрароялистер қатары аз парламент құрамы корольдің көңілінен шықпады да 1830ж монарх парламентті таратты, 1830ж 26 шілдеде Хартияны іс жүзінде жоятын жарлықтар жариялады. ОЛ елді жеке дара билегісі келді.

1814жылғы Хартияны жойған Ордонанстың жариялануы Парижге үлкен әсер еттті. 1830ж 29 шілдеде көтерісшілер Тюильри сарайын басып алды. Жеңілген әскерлер корольдің Сен клудегі кала сырты сарайына шеінді. X Карл ордонансты жойғандығын хабарлауға мәжбүр болды, бірақ тым кешігіп еді. X Карл тақтан бас тартып, англияға қашуға мәжбүр болды.

Билік қаржы топтарының банкирлер, көмір орындары, темір кендері ж/е орман иелерінің қолына өтті. Король болып корольдік әулеттің кіші ұрпағының өкілі герцог Луи Филипп Орлеанский жарияланды.

1830ж14 тамызда жаңа Хартия қабылданды. Палата депуттатарының құқықтары кеңейтілді. Пэр атғын мұрагерлікке қалатындығын жойды. Баспасөз цензурасы жойылды. Тек елдің азғана бөлігі ғана сайлауға қатыса алды, өйткені дауыс құқығына ие болуы үшін ж оғарғы кірісі болуға тиіс еді.

Сөйтіп, Францияда шілде революциясы басталды. Луи Филиип билігі шілде монархиясыддеген атқа ие болды.

Шілде революциясының басты қорытындысы буржуазияның дворяндықты жеңуі болды. Бірақ 1830-48жж тек буржуазияның аса бай бөлігі - қаржы ақсүйектері ғана үстемдік етті. Олар көтеген жеңілдіктерді артықшылықтарды ж/е жәрдемақыларды пайдаланды.

Король Луи Филипп Франциядағы өте ірі қаржы және орман иесі , сондықтанда қаржы ақсүйектерінің нығаюына мүдделі болды, осы орайда француз банк иелерімен және ірі капиталистермен жақындасуға барды.

Кароль Луи Филипп билігі Франциядағы көптеген саяси күштердің көңіліне жақпады. Карольге бұрынғы құлаған Бурбондар әулетін жақтаушыларменде, Легитимистер мен де, Бонапарттықтармен де империя құруды жақтаушылармен және республикашылдармен де күрес жүргізуіне тура келді.

Шілде монархиясы саыртқы және ішкі саясаты- бұл тәртіпке қарсылардың қатарына қалың бұхара топтарының жұмысшылар , шаруалар Буржуазияның бір бөлігінің топтасуые-на әкелді. 40 жылдардың ортасынан бастап дағдарысты жағдай өрби түсті. Қаржы ақсүйектерінің үстемдігіне наразылық ұлғайды. Шілде монархиясының қарсыластары сайлау заңдарын өзгерту үшін бірікті. 1847ж жазында Францияда саяси отырыстар науқаны басталды. Отырыстарда саяси және әлеуметтік өзгерістер жөніндегі талаптар тілек ретінде айтылып жатты.

1848ж 22-ақпанында сайлау жүйесін жақтаушылардың кезекті отырысы өтуге тиіс болатын өкіметтің бұл отырсты өткізуге тиым салуы ашу туғызып наразылық шеруін шығарды. 22-ақпанда мыңдаған париждіктер алаңға шықты.

Алғашқы баррикадалар құрыла бастады. Оқиға барысынан қорыққан Луи Филипп өкіметті отставкаға жіберседе толқулар толастамады. Парижде бір түні шінде мың жарымдай баррикада құрылды. 24-ақпанда астанадағы барлық маңызды орындар көтерілісшілердің қолында болды. Луи Филипп тақтан бас тартты.

1848 жыл 25-ақпанында Францияда екінші республика жарияланып, Уақытша өкімет құрылды.

Германия 1871 жьшы 18-қаңтарда Версаль айналы залында бірінші император етіп Вилгельмді жариялады. Ол пруссия королі болатын. Франко-Прусс соғысы Франкфурт бітімімен аяқталған болатын. Вильгелм әрі Пруссияның королі болды. Германияның Франциямен жасаған бітімі бойынша Германияның буржуазиясы және юнкерлері байыды. Франция 5 млрд. франк төледі. Контрибуция Германияның индустриясының дамуына ықпал жасады. Бірінші дүниежүзілік соғысты болашақта тудыратын Француз-Герман қайшьшығы пайда бодды.

Германияның бірігуі прогрессивті болды. Бұл біріншіден Германияның экономикалық тұтастығын қалыптастырды. Ішкі шекаралық кедергілер жойылды. Неміс ұлтының қалыптасуы аяқталды. Бұл бірігу реакциялық сипатта жүзеге асты. Германияның бірігуі юнкерлік жолмен жүзеге асты. Германияда Пруссияның нағыз реакцияшыл топтары күшейді. Империя құрылды. Ол үшін 1871 жылы Германия империясының конституциясы қабылданды. Бұл Германияның біріккендігін бекітті. Конституция бойынша елді федеративтік сипатта біріктірді. Конституция Пруссияның үстемдігін заңдандырды. Конституция бойынша тек Пруссияның королі император болды. Бұл жағдай Герман империясын бюрократиялық құрастырылған полиция қырағылығындағы әскери депотизмге айналдырды. Германия империясының құрамына 22 монархиялық қалалар кірді. Олардың ішінде 6 ұлы герцогтық, 3 еркін кала бар. Эльзас пен Лотарингияны императордың наместнигі басқарды.

Германия империясының мемлекеттері өз монархтарын сақтады. Өздерінің конституцияларын сақтады. Бірақ олардың билігіне негізгі басты мәселе қалдырған жоқ. Негізгі империялық мәселелер: сауда, монеттік жүйе, соғыс, қару-жарақ тағы басқа мәселелер империялық үкіметтің қолында болды. Германия империясының басшысы император балды. Император міндетті түрде Пруссияның королі болуға тиісті. Ол канцлерді сайлайды. Конституция бойынша заң шығару функциясы түрғындар 5 жылға сайлайтын рейхстатқа берілді. Мемлекеттік занды Одақтар советі бекітті. Одақ советінің төрағасы империяның канцлері. 1871 жылы қабылданған бұл империялық конституция қалыптастырған Германиядағы мемлекеттік құрылыс полицейлік бюрократиялық прустік юнкерлік реакцияның үстемдігін бүкіл Германияға орнатты. Бұл конституция бойынша Европа елдеріндегі сияқты неміс буржуазиясы үкімет басында тұрған жоқ. Олар негізінен юнкерлердің қолында болды. Себебі юнкерлерде капиталистік даму жолына түсіп жатыр. Германияның империясы әлсіз. Буржуазия капиталистік даму жолындағы юнкерлердің соңында жүрді. Буржуазияға күш керек. Оны юнкерлер жүзеге асыра алатын еді. Буржуазия керек нәрселерді юнкер олигархиясы жүзеге асыра алатын еді. Әрине Германияның юнкерлері мен буржуазиясының экономикалық қайшылықтары көп болды. Ол қайшылықтар көп партиялық системаның жасалуынан көрінді. Партия белгілі бір әлеуметтік таптың мүддесін қорғады. Конституция барысында жасалған блок мықты болған жоқ. Отто фон Бисмарк Германиядағы ішкі саясатты юнкерлер мен буржуазия арасында амалдап жүргізді. Консерваторлар партиясы болды. Олар екіге бөлінді: а) ескі консерваторлар, ө) империялык консерва торлар. Империялық консерваторлар негізі өнер кәсіптілер. Олар еркін дамуды қолдайтын консерваторлар. Екінші топ: ұлттық либералдық партия. Бұлар ірі өнеркәсіпшілердің партиясы түрінде құрылды. Үшінші топ: солшыл либералдьщ партия — бұл орта және ұсақ қала буржуазиясының мақсатын қолдады. Төртінші — кaтоликтік, бұл әлеуметтік жағынан алғанда орта және ұсақ шаруалардың мүддесін қолдаған партия. Бұлар мемлекеттердің ("Земли") құқығын кеңейту үшін, мектептерді шіркеудің билігіне беру үшін күресті. Бесінші — социал-демократиялықпартия— жұмысшылар партиясы болды.

XIX ғасырдың 70-жылдарында фабрика-зауттық өндіріс Германияның бүкіл жерінде жұмыс жасады. 1890 жылы өнеркәсіп төнкерісі аяқталды. Соңғы он жындың ішінде елде өнеркәсіп төңкерісі индустрияландыру процесімен қатар жүрді. Германия Англия, Франциямен бәсекелесіп оларды басып озды. XIX ғасырдың аяғында көмір өндіру жөнінен екінші орынға жетті. Өндірістің жаңа салалары пайда болды. Германияда өндірілетін химиялық бояуларды дүние жүзі сатып алды. 1890 жылдан бастап көмір өндіретін бірлестік Германияда өндірілетін өнімнің 80 процентін өндірді. 1887 жылы Германияда 70 картель бодды. Ал 1900 жылы 300 картель жұмыс жасады. Германияда банкілердің шоғырлану процесі тез жүрді. Елде 6 банк болды. Олар өндіріске капитал салды. XIX ғасырдың аяғында Германияның сыртқа шығарған капиталы 15 миллиард марка болды. Ірі банк иелері пайда болды. Германияның бұл сияқгы тез экономикалық даму себебі Германия басқа елдерге қарағанда өнеркәсіп төнкерісіне уақыт жіберген жоқ. Германияның Рур, Саар деген аудаңдары көмірге бай еді. Лотарингия темірге бай болатын. Германияның экономиялық дамығаны соншалықты Германияның милитаризмі соғыска дайындалды. Ірі өнеркәсіпшілер үшін ішкі рынок пайда болды. Теңіз флоты кеңейтідді. 1871-95 жылдар аралығында 16 млрд. марка ақша теңіз флотына бөлінді. 1880-1900 жылдары өндірістік өнім Англияда — 49 процент, Германияда — 163 процент өскен. Германияда ірі жер иелері юнкерлер сақтадды. Граф Арнимдер 71 мың гектар, князь Бисмарктер 26 мың гектар жерлерді иеленді. 1871 жылы ақша реформасы жасалды. "Земли" ақшалары жойылып империялық ақша енгізілді. Пруссия банкісі империялық банкіге айналды. 1872 жылы қылмыстық кодекс енгізілді. 1874 жылы почта, телеграф катынасы енгізілді. 1874 жылы баспасөз туралы заң қабылданды. Елдегі реформаларға жоғарыда айтқан консервативтік партиялар қарсы шықты. Олар буржуазия күшейіп кетеді деп қорықгы.

Авсрия империясы – Габсбургтар монархиясы көп ұлтты, «құрақ» мемлекет болды. Оның 34 миллионнан астам халқының тең жартысынан көбі словяндар (чехтар, словактар, поляктар, хорваттар, сертер, украйындықтар) болатын. Венгрлер(мадьярлар) 5 миллионға жуық деп саналған, итальяндар жуық деп валахтар да сол шамалас болған.

Букіл империяда көптеген феодалдық тәртіп сақталды, ал Австрия мен Чехияда капиталистік өнернәсіп дамыды, бұларда жұмысшылар, қолөнершілер көп болды. Өнеркәсібәі жағынан Чехия империялық ең алдыңғы қатарлы бөлігінен орын алады. Бірақ орта, ұсақ чех буржуазиясын авсриялық ірі капиталистерге тәуелді болды.

Авсриялық чиновниктер итальян провинцияларының түрғын халықтарына аяусыз қысым жосады.

Австрия империясының ерекше белгісі- феодалдық және капиталистік езгіні ұлттық езгімен қатар жүргізу.Халық біқарасының көпшілгін шаруалар еді. Оларды бас бостандығы бар ерікті адамдар деп санады, бірақ қай жерде болса да помещиктерге тәуелді болды, олардың пайдасына міндеткерліктерін өтеді, оброк төледі.

Италиядағы Авсриялық иеліктер сияқты, 1848-1849 ж ж. Реовлюция Италия мемлекеттерін де қамтыды. Оның себептері көп жағынан Германияны революцияға жеткізген себептермен ұқсас болды. Италияндық революцияляқ қозгалыстағы демократиялық оғының тірлігі қолөнершілер, жұмысшылар, ұсақ буржузияшыл интеллигенция болды. Ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алу, елду саяси біріктіру – Италия революциясының басты мәселесі болды. Сонымен тығыз байланысты абсалютизмді және бүкіл феодалдық тәртіпті жою міндеті алда тұрды.

Италияда 1848-1849 жылдарда, басқа елдердегі сияқты, аяқталмаған, жеңіліп қалған буржуазияның – демократиялық революция болды. Ол халық бұқарасына өте зор революциялықтәжірибе берді және ұлтты біріктіру, елді буржаузиялық қайта құру жалындағы революциялық – азат қозғалысты адан әрі дамытуға серпіліс туғызды.

1848-1849 жылдардағы революциялар жеңіліп қалғанымен, нәтижесіз болған жоқ. Олар жұмысшы бабына өте зор революциялық тәжірибе берді, үстем таптарды жейбір реформалар жасауға мәжбүр етті. Революция қоғам дамуын алға бастыруды тездете түсті.
5.1815-1918 ж.ж. Америка

1817-1819 жылдары құрама штаттар Шығыс Флориданы сатып алу жөнінде келіссөз бастайды. Келісе алмай генирал Джексон бастаған америкалық әскер АҚШ-тың Оңтүстік шекарасынан өтіп Филориданы басып алды. 1835 жылы Техаста көтеріліс бұрқ ете түсті. Мексикалық әскерер болды. 1836 жылы Техас тәуелсіз республика болып, 9 жыл өткеннен соң 1845 жылдың желтоқсанында Техас құлиеленуші штат ретінде АҚШ құрамына кірді.

Техастың АҚШ-қа қосылуы 1846-1848 жылдарындағы Мексика-Америка соғысын тудырды. Соғыс Мексиканың жеңілуімен аяқталды да, ол өзінің жарты аумағын АҚШ-қа беруге мәжбүр болды. Бұл қазіргі АҚШ-тың Калифорния, Невада, Аризона, Нью-Мексика және Юта штаттары.

1846 жылы АҚШ пен Англия келісімшартқа қол қойып, Канададағы ағылшын иеліктері мен АҚШтың солтүстік шекарасын бекітеді. Осындай негізде Атлантикадын Тынық мұхитқа дейінгі осы күнгі аумақ қалыптасқан болатын. Жарты ғасыр уақытта ол үш есе үлкейді. Кейінірек, 1867 жылы америкалықтар Ресейден Алясканы сатып алады, ал 1893 жылы Тынық мұхиттағы Гавай аралдарын жаулап алды.

ХІХ ғасырдың ортасында АҚШ-тағы саяси күрестегі ең шиеленісті мәселе - құлдық мәселесі болды. АҚШ-тың негізін қалағандардың көпшілігі: Дж.Вашингтон, Б.Франклин, Дж.Медисон, Дж.Адамс, Т.Джефферсон құлдыққа қарсы болды. Дегенмен барлық осы атақты адамдар, АҚШ президенті болған күнде де, құлдықты жоя алмады. Өйткені көптеген оңтүстіктік штаттар, егер құлдық жойылатын болса, одақтан шығамыз деген талап қойған еді.

ХІХ ғасырдың басында «Америкалық отарлар қоғамы» құрылып, олар негрлерді Африкаға қайтару идеясын ұсынғанды. 1820 жылдан бастап солтүстік шаттардан 11 мыңға жуық негрлер отанына қайтарылды.

1860 жылға президенттік сайлау барысында бір-біріне қарсы тұрған демократтар мен республикашыл партиялар арасындағы қиян-кескі күрес үдей түсті.Демократиялық пратия жағынан кандидаттыққа құлиеленушілікті жақтаушы Стефан Дугласты ұсынды. Ал республикалық пратия - адвокат және публисцист Аврам Линкольнді ұсынады. Ол құлдыққа қарсы болғанымен, Браунның көтерілісі сияқты қадамдар мәселенің шешілуін қиындата түсетіндігін түсінді. Линкольн құлдықтың Батсқа жайылуын тоқтату қажет деп санады. Құл иеленушілікті жоюдың белгілі жақтаушысы, ел өнеркәсібінің өркендетілуін қолдаған республикашыл А.Линколннің мемлекет басшысы болып сайлануы Оңтүстікті АҚШтан бөлінуге итермеледі. Ең алғашқы әскери қақтығыс 1861 жылдың 12 сәуірінде өтті. Оңтүстік әскері зеңбіректерден оқ жаудырып, федералды әскер тұрған Самтер қамалын басып алды. Конституция бойынша АҚШ-тың флоты мен әскерінің қолбасшысы болып есептелінетін президент А.Линкольн Оңтүстікті теңіз жағынан қоршауға алуға бұйырып, Оңтүстік штаттардағы көтерілісті басу үшін үкімет құрамына 75 мың еріктілерді шақырды. АҚШ тарихындағы ең қантөгісті соғыс – Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы Азамат соғысы осылай басталды.

Азамат соғысының ең басты маңызы құлдықты жою болды. Қара түстілер мен ақ түстілердің тең құқықты екендігін бекіту үрдісі басталғандығы америкалық демократияның дамуындағы маңызды қадам болды. Соғыс ірі жер иелену меншігін, плантациялық шаруашылықтың негізін күретіп, америкалық аулыл шаруашылығын фермерлік жолмен дамуға бағыттады. Сондай-ақ, соғыс елдің экономикалық және саяси өмірінде Солтүстіктің жетекшілік ролін бекітті. Осының барысында Солтүстіктің өнеркәсіп капиталистері мен мен орта табының Батыстағы фермерлер одағы нығая түсті. Бұл республикалық партия күшейтіп, елдің саяси өміріндегі жетекшілік ролін қамтамасыз етті.

АҚШ - тағы азамат согысы буржуазиялы Солтүстік пен
қүл иеленуші Оңтүстіктің арасындагы антогонистік
қайшылықтан, шықты. Қүл иелену АҚШ - та
капитализмнің дамуына кедергі жасады. 19 - гасырдың
ортасында Солтүстік штаттарда қүлдықты жою
жолындағы күрес — аболиционизм күшейді. Қүл
иеленушілер ел ішіндегі буржуазияга арқа тіреді. Оларды Англиямен Франция үкіметтері де қолдады. Қүл иеленуге қпрсы күресте фермерлердің Канзастағы қарулы күреесі (11854-56), 1859 ж. Дж.Браун котерілісінің маңызы зор болды.Елде Республикалық партияның (1854 ж. қүрылған ) ықпалы күшее түсті. 1860 жылы республикашылар кандидаты А.Линкольнон АҚШ-тың президенті болып сайланды. Бүл қүл иеленуші штаттардың Одақтан бөлінуіне әсер етті. 1861 ж. февральда Монтгомери қаласында (Алабама штатында) қүл иеленуші штаттардың Конфедерациясы қүрылды. Оған АҚШ — тағы 34-штаттың 11-і бірікті.

Азамат соғысына Оңтүстік штаттар белсене кірісті. 1861 ж. 14-апрельде қүл иеленушілер Самтер қамалын басып алды. Алғашқыда көтерісшілер жеңіске жетті. Өйткені Солтүстік штаттар соғыска даяр емес еді.1862 ж. конгресс соғысты ревалюциялық әдіспен жүргізуге бағытталған шаралар

белгіледі.Көтерісшілердің мүлкін алу туралы заң шығарылды. Қүрама штаттардаға опасыздық жасағандарға өлім жазасы кесілетін болды.Гомстед және қүлдарды азат ету туралы заң (1862 ж. 20 май) зор маңыз атқарды. Ревалюциялық әдіске көшу азамат соғысының жаңа кезеңінің (1863-65) бастамасы болды. Солтүстік штаттар армиясына 190-мың негр қосылды, 250-мың негр тылдағы бөлімдерде қызмет атқарды.Жүмысшы полктері көбейді.Көтерісшілерге қарсы шабуыл күшее түсті .1865 ж. 3 апрельде федералдық әскерлер Конфедерацияның астанасы Ричмондты алды .Бірнеше күннен кейін генерал Р.Ли бастаған котерісшілер Аппоматокс озенінің бойында тізе бүкті. АҚШ-тағы азамат соғысы аяқталды. Мүнан кейін Оңтүстікке негрлерге жер және ақ адамдармен бірдей тең право беру жолындағы қозғалыс күшейді.Бүл Оңтүстікті қайта қүрудың бастамасы болды. Қайта қүру тарихта 1861-77 жылдардағы буржуазиялы-демократиялық ревалюцияның екінші кезеңі деп аталды. Бірақ буржуазия опасыздық жасап , негрлерді право атаулыдан қүр алақан қалдырды.Оңтүстік штаттарда бүрынғы қүл иеленушілер өкіметті өз қолына қайта алды, қүлдық негізінен сақталып қалды.Плантаторлар неглерге қатал тәртіп орнатты. Қара кодекс қабылданып , 1865 ж. Ку-клукс -клан үйымы қүрылды. Дегенмен ,Оңтүстік капитализм даму жолына түсті.Азамат соғысы және Оңтүстікті қайта қүру жылдарында онеркәсіп ондірісі тез ості .Буржуазияның экономикалық ықпалы , саяси үстемдігі күшейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет