«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 33 -
Ата- бабаларымыз тəуелсіз халық болуды аңсап, соның жолында күресіп, өз
жандарын құрбан етті. Осы тəуелсіздікті бізге өздерінің асыл аманаты етіп қалдырды, оның
тұғыры мəңгі берік болып жалғасуы өскелең ұрпаққа байланысты.
Тамыры терең
тарихымызға үңілсек, жерімізге көз тіккен жоңғарлардан қасықтан қаны қалғанша
жерімізді қорғап қалған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты
Наурызбай, Райымбек, Өтеген, Қарасай жəне т.б. батырлардың өшпес ерлігі тəуелсіздікті
аңсаған қазақ халққының тұтастығын, бірлігін сақтап қала алатындығын дəлелдеді. Қазақ
жері ғасыр ағынымен қанды шайқасты да, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт
өмірді де өзге мемлекеттердің үстемдік етіп, билік жүргізуін де, аштық заманын да,
табиғаттың дүлей күшін де, бəрін көрді.
Тəуелсіздік жолындағы күрестердің ең бірегейі - 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі
Қазақстандағы билікті қазақ басқаруы керек деп, кеңестік билікке қарсы шықты. Олардың
жанкешті ерліктері кейінгі ұрпаққа тағылымды да ғибратты үлгі өнеге. Қайрат, Лаззат,
Ербол, Сəбирадай баздақтар қыршыңынан қиылып, жүздеген жазықсыз жастар темір торға
тоғытылып,
оқу орындарынан шығарылып, қызметтерінен қуылды. Олардың алаңды өз
қандарымен жуған жанашырлық ерлігі арқасында жаужүрек батыр ұрпағы екенімізді
дəлелдеп, бодандықтан айырылып, бостандықта өмір сүру
бақытына ие болдық, ата-
бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған тəуелсіздікке қол жеткіздік. Желтоқсан
батырлары түгел ақталғанымен, Қайрат, Лаззат, Ербол, Сабирадай жастардың қыршыңынан
қиылып, тəуелсіздік таңының арайлап атқанын көре алмай кеткендері өкінішті өртейді. 16
желтоқсан еліміздің егемендігі жарияланған күн. Сол күні көгімізде тəуелсіздік туы
желбіреді. Содан бері 32 жыл өтті. Осы жылдар ішінде Қазақстан экономикасы қарыштап
дамып, береке – бірліктің арқасында əлем таныған іргелі мемлекетке айналдық. Ғасырлар
бойы армандаған тəуелсіздік қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деп айтуға
болады. Күн сайын дамып, өркендеп көркейіп келе жатқан жас мемлекеттің алар асуы мен
бағындырар белесі əлі алда деп ойлаймын. Мен қазақ боп туғаныма, осындай бай, байтақ
өлкеде, бейбітшілік заманында өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Мен тəуелсіз елдің
патриотымын!
Тəуелсіздік- мəңгі бақыт, таусылмас жыр- дастан, өшпес тарих, оның тұғыры мəңгі
берік болуы бізге байланысты. Атадан балаға аманат етіп берілген құнды сыйды көзіміздің
қарашығындай сақтап, оны əрі қарай жалғастыру біздің парызымыз.
Мен аталған оқу орнында 5 сыныптан бастап оқып жүрмін, яғни осы оқу орнында 7
жыл оқып, тəрбиеленіп жатырмын. Біздің ұстаздарымыз бен суфлер-тəрбиеленушілеріміз
отансүйгіштікке, адамгершілікке, туған жеріміздің патриоты болуға тəрбиелейді. «Үлкенге
ізет, кішіге құрмет» көрсетіп, өзіміздің кіші бауырларымызға қамқор болып, оларға жақсы
жағымызбен үлгі болудамыз.
Алтын ұя мектебімнен түлеп ұшатын сəтке де санаулы айлар қалды. Сол сəт таяған
сайын кеудемде қимастық сезім пайда болады. Екінші үйімдей болып кеткен «Жас Ұлан»
лицейін, бізді білім нəрімен сусындатқан ұстаздарымды ешқашан ұмытпаймын. Сонау
Түркістан облысынан келіп, 9 жасымнан бастап оқып жатқандағы мақсатым- əскери адам
болу. Отанымды қорғау. Сол үшін мектепті
аман- есен бітірген соң, ҰБТ-ны сəтті
тапсырып, əскери оқуға түскім келеді. Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі
оқуына түсуді армандаймын. Туған елімді, жерімді қорғап, отаным үшін
қызмет етсем
деймін. Тəуелсіздігіміздің көк байрағы биікте желбіреп, елімізде тыныштық, береке бірлік
болса, əр қазағымның жүрегі «Елім, жерім» деп соқса, ұлттық құндылықтарымызды
бойымызға сіңіріп өссек, Қазақстан елінің болашағы жарқын болады деп сенемін!
Достарыңызбен бөлісу: