Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет20/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
 
Қатысушының аты-жөні: Əбдіманап Жаннұр 
Жетекшісінің аты-жөні: Сүйіндікова Шынарай Ердаулетқызы 
Тəуелсіздік деген не? Тəуелсіздік - тау етер киелі ұғым. Тəуелсіздік - тағдырдың бізге 
берген сыйы, ата-бабаларымыздың ұзақ уақыт бойы аңсаған ең басты арманы. Тəуелсіздік 
- біздің ең басты құндылығымыз. 
Тəуелсіздік... 1991 жылдың 16 желтоқсаны Қазақ елі сан ғасырлар аңсаған 
азаттықтың ақ таңын қарсы алған күн. Бұл күні қаншама қыршыннан қиылған 
боздақтардың жаны, ата-бабаларымыздың елімізді қорғау үшін төккен қаны, ақ жаулықты 
аналарымыздың көрген тауқыметінің кермек дəмі, ел ұлдарының Тəуелсіздіктің 
темірқазығын қағуға жұмсаған еңбегі ақталған күн. 
Тəуелсіздік бізге не берді? Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт 
Тоқаев жаңа жылдың алғашқы күндерінде «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты мақаласын 
көпшілік назарына ұсынып, 2021 жылды «Тəуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялады. 
Отыз жыл деген аса көп уақыт емес, бірақ сол азаттықтың қадірін түсінген адамға маңызды 
белес. 
Сан ғасыр отаршылдықтың шырмауында тұншығып, тілсіз, дінсіз, мінезсіз тобырға 
айналып кеткен халықты «ТƏУЕЛСІЗБІЗ, АЗАТПЫЗ» деген сөздің алғашқыда абдыратып 
тастағанын жасыру артық болар. 
Бүкіл əлемді мойындатып, қол жеткізген тəуелсіздігіміз тəтті өмірді алақанға салып, 
уыстап бере салған жоқ. Қиындықтар көп болды. Бұрынғы кəсіпорындар жекешеленіп
көпшілігі уақыт салмағын көтере алмады… Бірнеше жылдар бойы бодандықтың 
қамытынан құтыла алмай, теперішті көп көрген халыққа ескінің сарқыншақтарын жою, 
санада өзгерістер туғызатын тетіктерді іске қосу оңай болған жоқ. Дегенмен, Тəуелсіздік
рухы мықтылардың қабілетін ашуға мүмкіндік берді. 
Міне, көзді ашып жұмғанша Егемен ел атанғанымызға отыз екі жыл толыпты. Осы 
тұста мен көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерін атап айтқым келеді: «Қиындық 
атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар, ол – бiрлiк. Елiңдi, жерiңдi қорғау үшiн бiрлiк 
қаншалықты қажет болса, Тəуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi қол жеткен табыстарымызды 
сақтап қалу үшiн де ол сондай қажет. Тəуелсіздік – тарихтың толқыны, шайқалмай, 
уақыттың соққысын байқамай өз бетінше тұратын тұғыр ғана емес, оны қолда ұстап 
тұратын тек шарболаттай шындалған рух, наркескен жаңашыл мінез, арайлы ақ таң үшін 
күрес. Міне, мəңгілік жасайтын елдің өмірлік ұстанатын кепілі – осы. Мыңжылдықтар 
тоғысар тұста тəуелсіздік таңын көру бақыты бүгінгі қазақстандықтардың пешенесіне 
жазылды». 
Тəуелсіздік үшін күрес бір сəт те толастаған емес, ол теңіз толқыны сияқты қат-қабат 
жарға соғып жатты. Кеңес тарихы болса олардың əрбір толқынын бір-бірінен айырып алып, 
аймақтық оқиғалардың қатарына жатқызды. 1916 жылғы ұлт-азаттық төңкерісі де осы 
тұрғыдан қаралып келеді. Ал шындығында 1916 жылғы оқиға империяның бүкіл 
шығысында болды. Ол сонау Азия, Африка, Оңтүстік Америкадағы ұлт-азаттық 
қозғалыстардың ешқайсысынан кем емес-ті. 
1930 жылдардағы Шұбартау, Созақ көтерілістерінің қайсысын алмасаң да, олардың 
барлығы да отаршылдыққа қарсы бағытталды. 1986 жылғы Желтоқсан ұлттық қозғалысы 
да сол көтерілістердің жалғасы еді. 
Əлемге əйгілі Əбу Насыр əл-Фарабидің бостандықтың боз таңы атпай тұрғанда
«Адам баласы сияқты, мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағаны аттайды. Біріншісі – 
жарық дүниенің есігін ашу, екіншісі – ересек өмірдің табалдырығын басу. Екеуі де – 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 21 - 
қайталанбас, қастерлі мезеттер» дегені тəуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдікті меңзеген 
айқын мақсаты еді. 
Ал, даналығы дара Махатма Ганди «Аман-саулық – адамның нағыз бақыты болса, 
тəуелсіздік – халықтың жалғыз бақыты» деп өнегелі өсиетін қалдырған. Міне, 
тəуелсіздіктің қадірі, бостандықтың қасиеті, Отан деген ұлы ұғымның ұлағаты осындай 
қастерлі ойға жетелейді. 
Тəуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Таңбасы таста, 
қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Ащы термен келген тəтті жеңіс- 
тəуелсіздіктің жалауы мəңгі желбіреуі тиіс. 
Рух туы желбіреп тұрғанда өткенге тас лақтырып қарғыс айтпай, одан сабақ алып, 
жіберген қателігімізді қайталамай, найзаның ұшымен, рух-намыстың күшімен қорғаған ата-
баба аманатын орындау ─ бүгінгі ұрпақтың парызы. 
Алла бізді осы бірлігімізден ажыратпасын. Тəуелсіздігімізді баянды, құтты етсін. Ел 
үшін маңызды құндылықтарымыз – Тəуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Əр 
шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел 
болғай! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет