Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет33/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Қатысушының аты-жөні: Əбілхан Фарида 
Жетекшісінің аты-жөні: Сыздықова Шарипа Əбілəшімқызы 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 34 - 
Біз бейбітшілік отан астында, Тəуелсіздігімізді ту ете отырып, аяғынан нық тұрған 
Қазақстан деген еліміздің жас ұландарымыз. Тарихқа көз жүгіртсем біздің ата- 
бабаларымыз болашағы үшін қам жеп біздің білімді болуымыз үшін көп күрестерге тап 
болды. Сондай- ақ сол күрестерге қайтпас қайсарлық мінез танытты. Еліміздің 
біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға қарапайым халықтан талап батырларымызбен 
ақыл- жазушыларымыз қан төкті. Иə, олардың армандаған заманында өмір сүріп жатқан біз 
қандай бақытты едік! 
Егемен Қазақстанды бүгінде барша əлем таныды. Тəуелсіздік - барлығымыз үшін 
ерекше қасиетті атауға ие. Бұл күн əрбір қазақстандықтардың үйінде бірлік пен 
ынтымақтастық, татулық пен сыйластық символы ретінде жадымызда мəңгі сақталады. 
«Көш жүре түзеледі» демекші, бабадан атаға, атадан балаға мұра болып келе жатқан 
мемлекетіміздің тұғырын бəйге етіп, шаңырағын шайқалтпау бізге жүктелген міндет. 
Сонымен қатар тек сақтап ғана қоймай, оны көркейту де біздің қолымызда. 
Мен болашақта тəуелсіз елімнің орнатылған тұғыры берік болу үшін, елімді қалай 
көргім келеді жəне біз ол үшін не істей аламыз? Болашақты өсіретін де, абайсызда 
өшіретінде бізбіз. Сондықтан мен мынаны жасаймын, сонда ел көркейеді деп дəл айту 
қиын. Дегенмен армансыз адам, қанатсыз құспен тең дегендей алдымен мақсат қойып, сол 
арманның іске асуына мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында білім мен қажырлы еңбек 
керек. Жаңа Қазақстанды жаңа леппен дамыту арқылы келешектің жаламкөз ұрпағы болу 
үшін елім туралы армандарыма ерік берсем деймін. 
Біріншіден өндірістік орындары. Біздің елде осы тұс сəл ақсап келе жатқан сала. Біз 
қытай, түрік елдерінен түрлі үйге керекті бұйымдар мен техникалар алудамыз. Қарапайым 
қазақтар өзге елге жұмыс іздеп кетуде. Сондықтан өндірістік орындар халық үшінде, еліміз 
үшінде пайдасы орасан зор. Екіншіден елімнің сұлу табиғаттарын өзге елге паш ету үшін 
туризмнің дамуы. Туризм саласын дамыту арқылы əдемі жерлерді сақтай аламыз жəне 
біздің экономикамыздың жоғарылауына үлкен септігін тигізеді. Үшіншіден кең байтақ 
жерімізде бос жатқан жерлерімізді халыққа ұсыну. Жер тоймай ел тоймайды дегендей 
қарапайым халыққа еншілікке тарту. Төртіншіден «Дүкеншісі жоқ дүние» акцияларын 
көптеп ұйымдастыру. Б.Момышұлы атамыз айтқандай «Тəртіпке бас иген құл болмайды» 
демекші осы акция арқылы адамның адами құндылықтарын арттыру. Демек, осындай 
шаралар арқылы ашкөздік пен сананы тəрбиелеу. 
Туған еліміздің суын ішіп, топырағынан нəр ала басып жүріп, оған қызмет қылмау 
аманатқа қиянат жасалғанмен тең. Сондықтан Қазақстанның дамуына үлес қосып, тұғыры 
биік болу үшін оны шын сүю арқылы ұлтымызға қалтқысыз қызмет ету деп білемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет