Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет41/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Құрманбек Мерей 
Жетекші: Жантелова Лаура Алдабергеновна 
 
Тəуелсіздік барша халықтың аңсаған арманы. Оған қол жеткізу барысында ата 
бабаларымыз көптеген қиындықтар көрген. Қаншама қандастарынан айрылған, құлдыққа 
сатылған. Еліміз осы қиындықтарға төтеп беріп, мекенімізді тəуелсіз етті. Тəуелсіздік - баға 
жетпес байлық. 
Тəуелсіздікті байлыққа теңейтін себебім тəуелсіз елдің болашағы жарқын болады. 
Ұрпағы саналы, тарихы құнды, халқы тыныш болады. Тəуелсіздік туралы ел арасында көп 
мақал мəтелдер бар. Мысалы Тəуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы-қайратты, халқы-қаһарман. 
Мағынасы бейбіт ел тұрғындары батыр, адал болып келеді. Тəуелсіздік-тарих тұлпарының 
қос тізгіні. Яғни тарих тəуелсіздіктің бет бейнесі. Тəуелсіздік сөзін естігенде қазақтың 
ойына тарихымыз келу керек. Тарихты білмейінше болашаққа қадам басу мүмкін емес. Сол 
үшінде өз еліміздің тарихын білуіміз керек жəне оны келешек ұрпақтың бойына сіңіру 
біздің міндетіміз. Біздің ұрпақтарымыз тарихын жүрген жерінде ауыз толтыра айта 
алатындай дəрежеде мұра қалдыруымыз керек. Міне сонда ғана тəуелсіздік тарихы 
сақталады. Жəне тəуелсіздік тарихын ғана емес тəуелсіздіктің өзінде сақтап қалуымыз 
қажет. 
Қорытындылай келгенде, тəуелсіздік біздің баға жетпей байлығымыз, 
құндылығымыз. Бұл тəуелсіздік оңай жолмен емес, ата бабаның қанымен келген. 
Сондықтан тəуелсіздіктің қадірін біліп, тарихын насихаттау керек. Егер біз тəуелсіздіктің 
қадір қасиетін, тарихын, маңызы жастарға жеткізе алсақ онда олар елдің болашағын 
жақсартып, елдің көркеюіне зор үлес қосады. 
Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Шынтемір Балауса 
Жетекші: Жантелова Лаура Алдабергеновна 
 
Əр адам үшін демалыс бұл барлық нəрседен демалу, өзіңе көңіл бөлу. Бұл бостандық 
секілді күн. Адамдар бұл күнді асыға күтеді. Тезірек өзі ұнататын, өз еркімен істегісі келетін 
күндерді күтеді. Ал біздің қазақ елі тəуелсіздікті асыға күтті. Басқалар үшін емес. өзі үшін 
жұмыс істегісі келді. 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 42 - 
Тəуелсіздік - бұл бір елдің екінші елге бағынбауы. Өз заңымен тілі болуы. Осы 
жайлы қазақ халқы 3 ғасыр бойы шыдап, соғысып, қақтығысып қолдарынан келгенді 
жасады. Тəуелсіздік алу үшін өз елін қорғап жетістікке жеткізеді. Ата бабаларымыз 
болашақ ұрпақ тəуелсіздік, байтақ елде тұру үшін, қолдарынан келгеннің бəрін жасады. Өз 
елін құлдықтан, орыстардың қатты қысымынан босатылып, бостандықта өмір сүргісі келді. 
Ата бабамыз тəуелсіздікті алғысы келгенші соншалықты, тіпті тəуелсіздік туралы мақал 
мəтелдер, өлеңдер шығарған. Бұл мақал мəтелдер мен өлеңдердің түбінде үлкен мағына 
жатыр. тəубенің зары - тəуелсіздік бұл мақал бұрыннан бері келе жатыр. Мақалдың 
мағынасы бұрын қазақ елі КСРО кезінде өте қатты қиналды. Тəуелсіздікті армандап, бірақ 
не істерлерін білмеді. Қазақ халқы көтеріліске шыққан кезде осындай секілді мақалдармен 
өлеңдер айтқан. Ол өлеңдерді қазақ жазушылары мен көзі ашық адамдар жазған. Олар 
Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Сəкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев жəне тағы 
басқа ақындар осы өлеңдерді шығарған. Бірақ оларды халық жауы қылып ату жазасына 
шығарып немесе түрмеге жапқан. Осының арқасында қазақ елі тəуелсіз жəне тыныш ел.
Қорытындылай келетін болсақ, егер алға қадам басып, ешкімнің кедергілеріне 
қарамай тек мақсатымызға қадам басатын болсақ біз əрқашан алда жүреміз. Біз өзіміздің 
ата бабаларымызды арқасында тəуелсіз елде өмір сүрудеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет