«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 41 -
халык миллиондап қырылған еді. Бірақ батыр халық тəуелсіздіктен үмітін үзбеді. Бірнеше
мəрте көтеріліске шығып, жүректерінде əлі де тəуелсіздік
алауы бар екенін көрсетіп
отырды. "Тəуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман" демекші, қазақ
халқын ата жау қанша жерден өздеріне тəуелді еткісі келсе де, халық өздерінің жүрегіндегі
бостандықты сақтап қала алды. "Халыққа қарсы жүру - ағысқа қарсы жүзу" демекші
осындай қаһарман халықты өзіне ешбір жау бағындыра алмады.
Тарихқа көз жүгіртсек қазақ халқының бастан кешпегені жоқ. Осының барлығының
жемісін халық 1991жылы тəуелсіздік алған кезде сезіне білді. Бұл жыл біз үшін мəңгілік
есте қалар жыл болды. Халық ақыры өзінің бірнеше ғасырлар бойы асқақ арманы болған
тəуелсіздігіне қол жеткізді. Казіргі таңда бұл оқиғаға 30 жылдан астам уақыт толып отыр.
Бұл уақыт аралығында халық көптеген жетістіктерге жетіп үлгерді.
Қазақстан саяси,
экономикалық жақтарынан əлі де даму үстінде. Алдағы уақытта айрандай ұйып, бірлікті
сақтап, мемлекетіміздің 100жылдығын тойлау бұйырады деген үміттемін!
Достарыңызбен бөлісу: